11:22 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
698 0 0

Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып