00:18 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1524)
209 0 0

Бірнеше күн бұрын Ресейдің "Спутник V" вакцинасы барлық сынақтан сәтті өткеннен кейін тіркелген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Ресей Гамалея орталығы жасаған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны өндіруге кірісті, деп хабарлады РИА Новости Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы  эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны шығара бастады", - делінген хабарламада.

"Спутник V"деп аталған вакцина екі айдай уақыт клиникалық сынақтардан өтті. COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырды. Зерттеулер көрсеткендей, эксперименттің барлық қатысушысының ағзасында иммунитет пайда болды.

Вакцина 11 тамызда тіркелді. Ресей президенті Владимир Путин қыздарының бірі жаңа вакцинаны салдырып көргенін айтты.

Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресей басшысына жеделхат жолдап, делегация жіберетінін хабарлады 

Бұған дейін "Р-Фарм" компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы, "Деловая Россияның" басқарма төрағасы Алексей Репик вакцинаның екі дозасының сыртқы нарықтағы құны кем дегенде 10 доллар болатынын айтқан еді.  

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1524)

Тақырып бойынша

Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып