Әлем

National Interest "Арматаға" назар аударды

© Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуТанк Т-14
Танк Т-14 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таяуда ресейлік Т-14 "Армата" жаңа танкісі ұшқышсыз ұшу режиміндегі сынақтан өткізілгені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Ресейлік Т-14 "Арматаның" ұшқышсыз ұшатын нұсқасын әзірлеушілер қашықтықтан басқарылатын кез келген машинаға тән проблеманы шеше алды. Бұл жөнінде National Interest журналындағы мақалада америкалық публицист Питер Сучиу мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. 

Бұған дейін белгілі болғандай, ресейлік жаңа танкі Т-14 "Армата" ұшқышсыз ұшу режиміндегі сынақтан өтті. Публицистің пікірінше, "жағдайға қарай хабардар болу" мүмкіндігімен техниканы қамтамасыз ету - аппараттарды қашықтықтан басқарудағы маңызды мәселелердің бірі.

Репетиция парада Победы в Екатеринбурге - Sputnik Қазақстан
"Армата" танкісін Сирияда не үшін сынақтан өткізіп жатыр
Т-14 құрастырушылары танкінің барлық корпусына шолу бағдары кең бейнекамерларын орнату арқылы осы сауалға жауап берді. Бейнекамералар 360 градус диапазонда шолу жасайды, сондай-ақ, экипажды болған жағдай туралы мәліметпен ақпараттандырып отырады.

Публицист адам отырмайтын мұнараны танкінің кезекті инновациялық сипаттамасы деп атады. Мұнараның ішіне толық автоматтандырылған оқ ату жүйесі бар қашықтықтан басқарылатын 2А82-1М 125 миллиметрлік тегіс ұңғымалы негізгі зеңбірек кіріп отыр.

Сарапшы Т-14 танкісінің сағатына 90 километр жылдамдықпен қозғала алатын мүмкіндігіне назар аударды. Питер Сучиу бұл америкалық M-1 Abrams танкіне қарағанда әлеуетті мобильді етіп тұрғанын пайымдады.

Белгілі болғандай, жаңа ресейлік танкі барлау операцияларын жүзеге асыруға, нысандарды анықтау процесіне, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды, зымыран жүйелері мен Т-90 танкілерінің оқ-дәрілерін реттеу және нысанды анықтау процесіне қатысуына мүмкіндік береді.

Т-14 – әлемдегі соғыстан кейінгі үшінші буын танкісі. Ол қарсыласпен тікелей жақындықта соғысты жүргізуге, фортификациялық құрылыстар, мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуылына қолдау көрсетуге, ашық және жасырын мекендерде жайғасқан қарсыластың әскеріне қарсылық білдіруге арналған.

Жаңалықтар
0