22:35 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Ресейлік ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтай алатын құрал ойлап тапты. Оны сынақтан өткізу маусым айында аяқталып, қазір сертификаттауға дайындық жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. С.А.Зверев атындағы Красногор зауыты "Армия-2020" форумында ауадағы вирустарды, соның ішінде коронавирусты анықтайтын құрылғыны таныстырды.

Кәсіпорынның бас директоры Александр Новиков атап өткендей, мұндай құрылғының көмегімен патогендердің концентрациясына және басқа факторларға байланысты ауа сынамасын автоматты түрде талдауға 10-30 минут кетеді. "Детектор-БИО" деп аталатын аспап РФ денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе жасалған. Құралды мемлекеттік сынақтан өткізу маусым айында аяқталып, қазір оны сертификаттауға дайындық жүріп жатыр.

"Біздің дайындығымыз жоғары деңгейде. Аспапты тапсырыс берушіге қажетті кез келген көлемде дайындап бере аламыз. Бұл құрал ауадағы түрлі патогендерді анықтай алатыны маңызды. Сондықтан оны азаматтық мақсатта да, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де пайдалануға болады", - деді зауыт басшысы Новиков.

Sputnik радиосының эфирінде медицина ғылымдарының докторы, иммунолог дәрігер, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов ауа сынамасын талдау бойынша ресейлік жобалардың жетілдіріліп жатқанын мәлімдеді.

"Ауа құрамындағы заттарды бағалайтын құрал он жыл бұрын әзірленгенін атап өткім келеді. Ол үшін академик Анатолий Воробьев бастаған ұжым мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл әзірлемелер әлі де жалғасып жатыр. Мұндай спектральді талдау, біріншіден, өте сезімтал болса, екіншіден, өте жылдам әрі дәлдігі жоғары. Мысал ретінде айтар болсам, осы тектес технологиялар басқа ғаламшарлардағы атмосфера құрамындағы заттарды да анықтай алады. Қазір бұл құрылғы өндіріске жылдам шығарылып, іс жүзінде пайдаланыла бастайды деп ойлаймын", - деді Владислав Жемчугов.

Кілт сөздер:
коронавирус, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып