Әлем

Қазақстандық студенттерге қыркүйекте Ресейге кіруге рұқсат етілуі мүмкін

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСтуденты-медики в учебном заведении, архивное фото
Студенты-медики в учебном заведении, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей мемлекеттік думасы комитет төрағасының орынбасары Максим Зайцев елдің ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығынан басқа елдердің студенттеріне күндізгі форматта білім алуға мүмкіндік беруді өтінді

МӘСКЕУ, 1 қыркүйек – Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының білім және ғылым комитеті төрағасының орынбасары Максим Зайцев Sputnik-ке шетелдік студенттерді Ресей аумағына кіргізу туралы өтініш қаралып жатқанын хабарлады.  

"Біз үкіметпен осы тақырып төңірегінде сөйлестік, қазір бұл мәселе белсенді түрде пысықталып жатыр. Жақын арада барлық шетелдік студентке Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беріледі деген ойдамын", - деп атап өтті депутат.

Парламент депутатының айтуынша, үкіметтің бұл бастамаға жауабы жақын арада келуі мүмкін.

"Мұндай сұрақтар жедел қаралады, – деді Максим Зайцев. – Менің ойымша, жауап 2-3 қыркүйекте, әрі кеткенде аптаның соңында болады".  

Сондай-ақ Ресейге келген студенттерге қойылатын шектеулер талқылануда.

"Екі нұсқа әзірленіп жатыр, – деді Максим Зайцев. – Не студенттер карантинде отыруы тиіс, не анализ тапсырғаннан кейін бірден сабаққа кірісе алады".

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігері қаулысына енгізілген өзгерістер жарияланды 

Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірге бұл бастама туралы түсініктеме беруден бас тартып, үкіметтің қаулысын күтіп отырғандарын мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты 2020 жылдың наурызында шетел азаматтарына Ресей аумағына кіруге шектеу қойылды. Шілде айында бірқатар шетелдік азаматтар санаты Ресейге кіруге рұқсат алды.

Жаңалықтар
0