17:54 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
204 0 0

Қазіргі уақытта препарат барлық рұқсатты алды және 18-ден 60 жасқа дейінгі еріктілерге зерттеу жүргізудің екі кезеңін сәтті аяқтады  

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының егде жастағы қызметкерлеріне COVID-19 індетіне қарсы вакцина салынды. Олардың жағдайы жақсы, дейді ресейлік ғалымдар.

"Шамамен 10-15 адам қатысты. Олардың барлығының дені сау, сергек, белсенді, дәріс оқып, науқастарға жетекшілік етіп жатыр, спортпен шұғылдануда. Вакцинация оларға ешқандай әсер еткен жоқ", - деді РИА Новостиге Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург.  

Ол өзі де бірнеше ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алғанын және жағдайының жақсы екенін хабарлады. Айта кетейік, ол 68 жаста.

Гинцбургтің айтуынша, тіркеуден кейінгі міндеттердің бірі 60, 70, 80 жастан асқан еріктілерге зерттеу жүргізу болып саналады. Олар мәскеуліктердің арасынан іріктеліп алынады.

"Вакцина егде жастағы адамдарға, яғни 70, 80, тіпті одан жоғары жас санаттарына қолдануға рұқсат алады деп үміттенемін", - деді ғалым.  

Қазіргі уақытта препарат барлық рұқсатты алды және 18-ден 60 жасқа дейінгі еріктілерге зерттеу жүргізудің екі кезеңін сәтті аяқтады. Олардың ағзасында иммунитет және SARS-CoV-2-ге антидене пайда болды. Осы аптада тіркеуден кейінгі клиникалық зерттеулер кезеңі басталады: вакцина 40 мың адамға сыналады.

Александр Гинцбург дәрігерлер осы кезеңдегі қатысушыларды мұқият қадағалайтынын атап өтті: олар ауруханаға жатпайды, бірақ зерттеуге дейін, кейін және зерттеу кезінде барлық қажетті анализдер алынады.

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина

Еске сала кетейік, тамыз айының басында Ресей денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің тікелей инвестициялар қорының қолдауымен Гамалея атындағы орталықтың мамандары жасаған COVID-19-ға қарсы вакцинаны әлемде алғаш болып тіркеді. Оған "Спутник-V" деген атау берілді.

Әлемнің 20-дан астам елінен "Спутник-V" вакцинасының миллиард дозасын сатып алуға өтінім келіп түсті.

Ресей Федерациясының тәуелсіз қоры мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қазақстанға жеткізу туралы келісім жасағаны хабарланды.   

Тақырып бойынша

23 млн адам вирус жұқтырды: әлем елдерінде не болып жатыр
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Тоқаев Ресей басшысына жеделхат жолдап, делегация жіберетінін хабарлады
Министрлік өкілі вакцинаны кімдер өз ақшасына салдыратынын мәлімдеді
COVID-19: Қазақстанға ресейлік вакцинаның 2 миллионнан астам дозасы жеткізіледі
Загрузка...

Басты тақырып