18:10 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1520)
69 0 0

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік вакцинаны сынақтан өткізудің үшінші кезеңі басталды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина тіркеуден кейінгі зерттеулерге қолдану үшін медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Гамалея институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Денис Логунов мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы жасаған вакцинаны бұған дейін Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі тіркеген болатын.

"Ол (сынақтардың үшінші кезеңі) енді басталды, орталықтар ашылды, вакцина жеткізілді, жақын арада алғашқы еріктіге салынады", - деп хабарлады Логунов.

Айта кетейік,"Спутник V" вакцинасының I-II клиникалық зерттеулерінің нәтижесі туралы ғылыми мақала The Lancet медициналық журналында жарияланды. Онда вакцина клиникалық зерттеулерге қатысушылардың 100 процентінде тұрақты, гуморалдық және жасушалық иммунитет қалыптастырғаны жазылған.

Бұған дейін Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының егде жастағы қызметкерлеріне COVID-19 індетіне қарсы вакцина егілгені хабарланған болатын. Олардың жағдайы жақсы, деп мәлімдеді ресейлік ғалымдар.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау науқаны 15 қыркүйекте басталады 

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИК) мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қазақстанға жеткізуге келісті. Ал Қазақстанға жеткізілетін вакциналар партиясын РТИК-тің  халықаралық серіктестерінің бірі шығарады.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын Қазақстанға жеткізу жоспарланғанын және болашақта жеткізілім көлемі бес миллионға дейін ұлғайтылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1520)

Тақырып бойынша

ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
Министрлік өкілі вакцинаны кімдер өз ақшасына салдыратынын мәлімдеді
Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады
Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып