11:26 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Ақпараттың жоқтығы ресейлік құқық қорғау органдарына болған оқиғаны анықтау үшін барлық қажетті процестік механизмдерді іске қосуға мүмкіндік бермей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің "Алексец Навальный ісі" бойынша барлық мәлімдемесіне қарамастан Германия оларға қатысты жедел және конструктивті әрекет ете алмады. Бұл жөнінде РФ СІМ мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Сейсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті G7 елдерінің Навальныйдың улануына кім жауапты екеніне және кінәлілерді жауапқа тартуға қатысты Ресейге арналған мәлімдемелерін таратты.

"Барлық мәлімдемеге қарамастан, Берлиндегілер оларға қатысты жедел және конструктивті әрекет ете алмады", - деп жазылған РФ СІМ сайтында.

Ресей Алексей Навальныйға қатысты оқиғаның төңірегіндегі ГФР әдісін конструктивті емес деп санайтынын жеткізді министрлік.

"Мұндай конструктивті емес әдістерге қарамастан, германиялық биліктің Ресейді орынсыз айыптаулары таусылар емес. Жалған ақпаратқа негізделген ауқымды науқан оның бастамашылары А.Навальныйдың денсаулығына және оның ауруханаға түсуінің негізгі себебін анықтауға алаңдап отырмағанын, керісінше, санкциялық ұстанымды жұмылдыруды көздеп отырғанына дәлел болуда", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство атап өткендей, ГФР-де Навальный ісіне қатысты мәлімет болмаған жағдайда осы іс төңірегіндегі шу басылмайды және мәліметтің жоқтығы Ресейді Навальныйға қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық механизмді іске қосуға мәжбүрлейді.

"Жоғарыда аталған ақпараттың жоқтығы (Навальныйдың медициналық тексеруі туралы) ресейлік құқық қорғау органдарына болған оқиғаны анықтау үшін барлық қажетті процестік механизмдерді іске қосуға мүмкіндік бермей отыр", - деп хабарлады СІМ.

ГФР Навальный ісіне қатысты ресейлік дәрігерлер мен неміс әріптестерінің диалогына әлі де тосқауыл болып отыр.

"Ресейлік дәрігерлер германиялық әріптестерімен осы оқиға бойынша диалог құрып, Навальныйдың жағдайы туралы Ресей мен Германияда бар мәліметті талқылауды ұсынып отырғанын атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, германиялық тарап келіспей отыр", - делінген хабарламада.

20 тамызда тікұшақта хәлінің нашарлауына байланысты Навальный Омбыдағы ауруханаға жатқызылған болатын. Тексеру нәтижесі бойынша дәрігерлер зат айналымының бұзылуына байланысты қан құрамындағы қант мөлшері күрт өзгергенін мәлімдеді. Оған не себепші болғаны әзірше белгісіз. Алайда, Навальныйдың қаны және зәрінің құрамынан улы зат табылмаған.

Кейінірек оны тікұшақпен Германияға жеткізді. Сәрсенбі күні немістер әскери дәрігерлерге сілтеме жасай отырып, оны "Новичок" затымен уланғанын мәлімдеді. Кремльдегілер бұл жөнінде Берлин Мәскеуге еш ақпарат бермегенін айтса, РФ СІМ Ресей осыған қатысты ресми сауалға Германиядан жауап күтетінін мәлімдеді.

Ресей бұл істе барлық мән-жайды анықтағысы келеді. Ол үшін Германиядан ақпарат алу қажет. Бірақ, әзірше ешқандай мәлімет берілмей отыр. Навальныйға қатысты тергеу амалдары де-факто жүргізіліп жатқанымен, улағыш заттың болғаны расталса, барлық тергеу амалдары ашық жүргізілетін болады.

Дүйсенбі күні берлиндік Charite клиникасы Навальныйдың жағдайы жақсарып, оның комадан шығарылғанын мәлімдеді.

Загрузка...

Басты тақырып