07:44 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Мектеп

Толғанай Үмбетәлиева: үш тілділік - бұл элита үшін "сәнді" фишка

© Foto: Қазақстан жаңалықтары АА
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
118 0 0

1989 жылғы 22 тамыз күні “Тіл туралы заң” қабылданып, 27 жыл өтсе де, мемлекеттік тіліміз әлі де елімізде өз орнын таба алмаған секілді көрінеді.Осыған орай, біз Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры, саяси ғылым кандидаты Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВАНЫ әңгімеге тартып, біраз сұрақ қойдық.

АСТАНА, 21 там – Sputnik.1989 жылғы 22 тамыз күні “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Сол  уақыттан бері 27 жыл өтсе де, мемлекеттік тіліміз әлі де елімізде өз орнын таба алмаған секілді көрінеді. Бәлкім біз қателесіп отырған да болармыз. Көш жүре түзеледі демекші, түзеліп те келе жатқан  болар. Осыған орай, біз Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры, саяси ғылым кандидаты Толғанай Үмбетәлиеваны әңгімеге тартып, біраз сұрақ қойдық.

-Бүгінгі мемлекеттік тілдің жағдайын қалай бағалайсыз?

— Мен "орташа" деп бағалаған болар еді. Алайда бұл әлі де жеткілікісіз. Біз орта жолда тұрмыз. Қазір қазақ тілінің қолдану аясы кеңейгенін байқап отырмыз. Мемлкеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту қажеттілігін ескере отырып, біз әртүрлі саладағы мәселелерді, шешуге тырысамыз. Бұл орынды!

Ғылым да ақырындап болса да, тілге бет бұрып келеді. Егер де бұрындары жәй саны үшін ғана диссертациялар қазақ тілінде қорғалған болса, ал қазір мұнда сұраныс бар; қазақ тілін меңгерген мамандар қатары артты. Әзірге ғылыми әдебиет пен саясат тілі әлсіздеу, мұнда әзірге қазақ тілі аз пайдаланылып отыр.

Әкімшілік органдарында көбіне орыс тілі қолданылады. Бірақ жас буын қазақ тілінде көбірек сөйлеп жүр. Егер де қазақ тілінде білім беру сапасын жақсартып, қазақ мектептеріндегі оқытушылар біліктілігін арттырсақ тамаша болар еді. Бұл қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюін едәуір арттырар еді. Өйткені қала тұрғындарның көпшлігі қазақ мектептерін әлсіз деп, балаларын орыс мектптеріне беріп жатады.

-Сіздің пікіріңізше қазақ тілі басты тіл болып табыла ма?

— "Солай" деп ойлаймын, әрине әлі де өзге этникалық топ өкілдері тарапынан кедергілер бар, бірақ ол уақытша. Ол көбіне ескі ұғыммен өмір сүріп келетін аға буын. Қазақстанда қалып, осында өмір сүруді  жоспарлайтын жас ұрпақ ақырындап қазақ тілін меңгеріп келеді. Егер де саяси тұрғыдан айтар болсақ, онда бұл жерде де белгілі бір жетістіктер бар — қазақ тіліне деген көзқарастың өзгеруі байқалады.

Кеңес дәуірінде қазақ тілі әлсіз, әрі дамымаған деген пікір басым болған, қазір бұл көзқарас өзгеріп келеді. Тілге деген құрмет бар. Әрине бұл құрметке өте эмоционалды және қызу пікірталастармен "қол жеткізіледі", бастысы — нәтиже. Қазір қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналды, жастардың қазақ тілін білетіндіктерін мақтан тұтатынын байқап жүрмін. Бұл өте жақсы тренд.

Үлкен көрсеткіш — бұл көше, қазір қазақ тілін жиі естуге болады. Дегенмен әлеуметтік сауалнамалар өзге көрсеткіштегі, яғни отбасындағы тілде айтарлықтай өзгерісті көрсетпейді. Бұл саладағы өзгерістер болмашы, егер бұрын (2007-2008 жылдары) 45%-ға жуық халық қазақша сөйлеген болса, ал қазір 50%-дан шамалы астам қазақстандық қазақша сөйлейді. Біздің статистикалық деректерімізге сәйкес, халық санының шамамен 70%-ын қазақтар құрайды. Өзгерістерді атап өтуге мүмкіндік беретін тағы бір өлшем, бұл этникааралық қатынас саласында қазақ тілінің біртінден орыс тілін ығыстыра бастауында. Меніңше, 10-15 жылда қазақ тілі еліміздегі әртүрлі этникалық топтар азаматтары арасындағы қатынас тіліне айналады.  

-Егер де жалпы қоғамда, мемлекетте қазақ тілі өз деңгейінде қалыптаспаған деп санайтын болсаңыз, оның кемшіліктері неде деп ойлайсыз?

— Менің пікірімше, қазақ тілінің дамуы мен оның қолдану деңгейін баяулататын себептер, ең алдымен ол адамдардың ұғымында. Яғни біздің елде тілді білмей жайбарақат өмір сүруге болады. Әзірге бұл қалыпты. Екінші жағынан, біздің азаматтар басқа орыс, ағылшын тілдерін біледі деп санаймын — бұл да жақсы. Бірақ біздің санамызда орыс тілін білу қажет, ал қазақ тілін міндетті емес деген  ұғым қалыптасқан.

Саяси ғылымда, жаңғырту, трансформация теориясында күрделі реформалар жүргізіп, олар кері айналмайтын сипат алуы үшін, ең алдымен сана мен ертеден келе жатқан ұғымды өзгерту қажет деген идея бар. Сондықтан қазақ тілінің толыққанды және дамыған тіл екендігіне адамдарды  ұқтыру қажет. Егер сен тіл білмесең және сөздік қорың шағын болса, онда ол тіл дамымаған денгді білдірмейді. Мәселенің қазақ тілінде емес, біздің оған деген көзқарасымызда екенін түсінген кезімізде, бәлкім қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейер.

Сонымен қатар, қазақ тілін үйретуді ақылы жасау керек. Тілдің бағасы  пайда болған кезде тілге деген көзқарас та өзгеретін болады. Бізде көпшілік оқулықтар, тілді үйретудің жақсы бағдарламалары жоқ деп шағымданады.  Менің, жарты жылдан кейін қазақ тілінде сөйлеп кеткен, шетелдік достарым бар. Сондықтан мәселе оқулықтар мен оқыту әдісінде емес. Әрине оларды мінсіз деуге келмейді. Бірақ та қазақ тілін үйрету кустары тегін болатын болса, онда оқыту әдісі де дамымайды. Сондықтан қазақ тілі курстары ақылы болып, оқыту құны нарыққа сүйенін белгіленуі тиіс. Яғни, адамдар ақша төлейтін дүние ғана құнды, әрі маңызды болады. Қазақ тілі оқытушылары мен қазақ тілі филологтарының еңбегін бағалау қажет. 

-Мектепте үштілді оқытуға деген көзқарасыңыз қалай? Екі тілді жарыта алмай жүргенде үшінші тіл қосылған соң қазақ тілі мүлдем шеттетіліп қалмай ма?

Мен түбегейлі қарсымын. Ешқандай үштілдік! Балаға білім бір тілде берілуі қажет. Ешқандай пәндер үш тілге бөлінбеуі тиіс! Бізде орыс тілінде болсын, қазақ тілінде болсын білімді жоғары деңгейде бір тілде бере алмай жатқанда. Егер үш тіл енгізілетін болса, біз онда бәрін жоғалтып аламыз.

"Жоғалған ұрпақ" үшін кім жауап береді? Қазір мұны енгізуді көздеп отырғандар, жаңа ұрпақты көре алмауы мүмкін ғой. Бұл біздің элита үшін бар болғаны "сәнді" фишка. Олар балалар туралы мүлдем ойламайды. Шет тілдерін білу қажет, бірақ әр адам қай тілді үйренісі келетінін өзі шешуі тиіс. Білім беру жүйесіне тиюдің қажеті жоқ. Білім беру бір тілде жүргізілуі тиіс, біздің жағдайда тек қазақ тілінде.

-Қазақ тілді БАҚ-ты қандай деңгейде деп ойлайсыз және сіздің пікіріңізше бұл салаға нендей өзгерістер қажет?

Қазақ бұқаралық ақпарат құралдарында әлі де мораль мен эмоция өте көп. Әрине, бұл менің жеке пікірім. Барлық БАҚ-та мораль үстем болып тұрған жоқ, өте озық БАҚ-та бар, бұл қуантады. Мен өзім таңертең көлікпен жұмысқа бара жатқанымда қазақ тілінде 101,4, "Жұлдыз радиосын" тыңдаймын. Олар талқыға өте қызықты тақырыптар салады, жүргізушілері де өте тартымды, яғни моральшылар емес. 

Екінші жағдай, қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының назары  тарихқа, батырларға, яғни өткенге ауып кеткен. Егер ол тарихи журнал болса, онда керемет! Ал егер ол тарихи журнал болмаса ол жақсы емес. Бір жағынан бүгінгі күнмен өмір сүру керек, ал екінші жағынан бізге жеке адамға табынуды қою қажет. Біз бұрын өмір сүрген адамдардың еңбектері мен жетістіктерін, біліп, құрметтеуге тиіспіз, бірақ оларға табынудың қажеті жоқ. Қазір біз Абай немесе басқа да ұлы тұлғаларға табынуға тырысып жатқан әрекеттерімізді қоюымыз керек. Бұл біздің саяси мәдениетімізге салмақты әсер тигізеді, біз авторитарық режимді қолдаймыз. 

Меніңше, қазақ БАҚ-қа президентті әулие етуді қою керек. Билікке бағыну емес, демократиялық құндылықтарды, әділ сөз құндылығын қолдауды бастап, моральды жою қажет. Оның үстіне, бұл ескі сипаттағы мораль. Біз дамып жатырмыз ғой, бүгінгі күнгі  болмысымыз бен өнегелік мәселелерін талқылау қажет. Мәселен, отбасыдағы әйел мен еркектің жауапкершілігі. Яғни, айтқым келгені қазақ БАҚ жаңа идеялар мен құндылықтар әкелуі тиіс, міндетті түрде президент саясаты мен оның қандай керемет жан екені емес, әртүрлі тақырыптарға көптеген пікіталастық материалдар әзірлегені абзал.

-Сұхбатыңызға рахмет! 

Басты тақырыптар