00:24 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
ақша

Сағынтаев: несиелерге ақшаны мемлекеттік бағдарламалардан аламыз

© Sputnik / Болат Шайхинов
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
ҚР үкіметінің отырысы (15)
113 0 0

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет мүшелері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығына мемлекеттік бағдарламалары ішінен экономиканы несиелендіруге қосымша қаражат табуды ұсынды. Бұл ретте осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиімсіз пайдаланылған қаражатты тартуға кеңес берілді.

АСТАНА, 27 қыр — Sputnik, Дмитрий Покидаев. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет мүшелері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығына мемлекеттік бағдарламалары ішінен экономиканы несиелендіруге қосымша қаражат табуды ұсынды. Бұл ретте осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиімсіз пайдаланылған қаражатты тартуға кеңес берілді.

Мемлекеттік бағдарламаларға ревизия жүргізу туралы әңгіме, сейсенбідегі үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, несиелік банктік өнімнің шектеулілігін бизнесті қаржыландырудың тежеушілік факторына жатқызғаннан кейін көтерілді.

"Екінші деңгейлі банктердің бизнес жобаларын несиелендіру бойынша жұмысын тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар  ауылды жерлерде де жандандыру қажет, — деп мәлім етті Бишімбаев. – Бизнес жобаларын несиелендірудің тежеуші факторы болып, банктер ұсынып отырған, несиелік өнімдердің шектеулілігі табылады. Нарықтық мөлшерлемелер, несие бері шарттары, кепілдемелік қамтамасыз етуге талаптар іс жүзінде бірдей. Несиелік өнімдерді әртараптандыру үшін ынталандырулар жоқ".

Министрдің пікірінше, елдің Ұлттық банкіне осы бағытта дұрыс саясатты ойластырып, коммерциялық банктерге реттеуші әсер ететін әдістерді қарастыру қажет. Бір уақытта Бишімбаев ұсыныс шектеулілігі сол банктер қаражаттарының шектеулілігіне қатысты болуы мүмкін деп болжады. Бұл пікірді қазақстандық ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев жоққа шығарды. Оның мәліметінше, елде ақша ұсынысы өсіп келеді, оның үстіне бұл өсім теңгенің есебінен. (сол банктер осыдан бұрын несиелендірудің проблемаларының бірі ретінде ұлттық валютадағы ақша массасының жетіспеушілігін атаған).

"Айналымдағы қолма-қол ақша 8 айда 300 миллиард теңгеден астам немесе 25%-ға артты, ақша массасының өсімі жыл басынан бері 10%-ды дерлік құрады", — деді Ақышев. "Белгілі бір кешеуілдеуімен ақша ұсынысының өсімі экономиканы несиелендірудің ұлғаюына жағдай жасайды. Жылдың соңына қарай, біз оң динамиканы күтеміз", — деп сендірді ол.

Инфляция – "жоқ", несие қол жетімділігі – "иә"

Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, банктердің теңгемен ұзақ мерзімге несиелендіруі үшін макроэкономикалық жағдайды дұрыстау қажет. Атап айтқанда, инфляцияны баяулату. 

"Бұл Ұлттық банк жұмысының басымдылықтарының бірі болып табылады. 2016 жылғы шілде-тамызда инфляция ең жоғары деңгейде болған, қыркүйекте біршама төмендейді деп күтеміз, негізгі төмендеу қазан-қарашада болады. Жылдың соңына қарай біз нақты 6-8% —ға жақындаймыз. Содан кейін ғана несие мөлшерлемесін төмендету бойынша нақты әрекетті шаралар қабылдауға болады", — деп атап өтті Ақышев.

Тақырып:
ҚР үкіметінің отырысы (15)

Басты тақырыптар