04:36 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Бас прокурор Жақып Асанов

Бас прокурор: шенеуніктерді "қинайтын" кез келді

© Foto: Генеральная прокуратура Казахстана
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

Бас прокурордың пікірінше, мемлекеттік органдар бизнесті жоспардан тыс тексеру бастамасын көтеріп, оны жүзеге асыру үшін заңсыз тәсілдер пайдаланады.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik, Дмитрий Покидаев. Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов бейсенбі күні елдің жоғары қадағалау органдарын бизнесті "қиындатып" отырған шенеуніктерге шүйліктіруді ұсынды. 

Бас прокуратура қызметкерлері коллегиясының кеңейтілген отырысында бірнеше айқын мысалдар келтірілді: елдегі бизнес пен биліктің өзара қарым-қатынасы мәз емес. Шенеуніктер осы мәселені бас пайдасына іске асырып отыр. 

Әскерде болмадың ба? Бизнес жасай алмайсың!

Қарым-қатынастың бұл күрделі жүйесі ("бизнес-билік органдары") кей кезде абсурд театрын елестетеді, бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов коллегияда осы театрдың "айтулы" қойлымдары туралы сөз қозғады. Әуелі күлкілі бір мысалдан бастап, шенеуніктердің ауыл шаруашылығы техникасынатехпаспорт беру үшін Жамбыл облысындағы ауылдық кәсіпкерлерден әскери комиссариат рұқсатын талап еткен. 

Мұның әйтеуір бір қисыны бар сияқты: екі жерде де ауыр техника қолданылады. Кәсіпкер әскерде Т-72 танкін жүргізсе, жап-жазық алқапта Т-75 тракторын оп-оңай айдайды ғой. Ал, қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық ережелердегі фэнь-шуй заңын естіген құрметті қауымның езу тартпасқа амалы болмады: бұл ережелерге сүйенсек, Қазақстанда суық тағамдар жасалатын бөлмелер ғимараттың солтүстік-батысында ғана орналасуы керек екен.

Неге солтүстік-батысында ғана? Оны бір құдай білсін: бас прокурор Жақып Асанов да осы сұрақтың жауабын СЭС қызметкерінен білгісі келді, бірақ олар жұмған аузын ашпады. Бәлкім, баяғы заманда Қазақстандағы ғимараттардың осы бөлігінде ғана от жағылмай, суық тағамдарды жасауға да, оларды сақтауға да қолайлы болған шығар.

Сол санитарлық нормалар қатарына торттарды "бөліп, турап" сатуға тыйым салу да жатады. Бұл да жөн шығар – дөңгелек пішінді торт шенеунікті қоршаған ортаның бұзылмас тұтастығын білдірмей ме – бұл қағиданы бұзу барып тұрған жауыздық, ондай сұмдықты әкімшілік жолмен қудаламаса болмайды.

"Тыңшылар" кастасы

Бизнестен тәртіп бұзушыларды аластау үшін, бас прокурор орынбасарының айтуынша, елдің мемлекеттік органдары неше түрлі қулық-сұмдықты ойлап табады, тіпті "жау" тылына "тыңшылар" жіберуден де тайынбайды.

"Жоспардан тыс тексерулердің нақты критерийі жоқ, біз олардың басым көпшілігінің азаматтардың сұрауы бойынша өткізілетінін анықтадық. Тұтынушылар арызы үштен бір бөлігін құрады, 37% мемлекеттік органдардың өзі бастаған, қалған 36% бизнесмендерге мүлдем қатысы жоқ адамдар жазған. Бұдан шығатын қорытынды, мемлекеттік бақылау бәсекелестерді құрту немесе бизнеске қысым көрсету үшін қолданылады. Тіпті мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді бақылап, кейін тексеру жүргізу үшін өздері ЖШС-тер ашады!", — деді Марат Ахметжанов.

Ел өз қаһармандары жайлы білуі тиіс!

Сонымен бірге соңында "кім кінәлі?" және "не істеу керек?" деген екі бұрыннан келе жатқан мәселеге назар аударды. 

"Біз осының бәрінің артында кім тұрғанын білуіміз керек, — деді бас прокурор баяндаманы оқып шыққан орынбасарына. – Осыған қатысы бар әрбір шенеунікке баға беруіміз керек: ол жағдайды түзетуге тырысып, үлгермей жатыр ма, әлде өз кәсібін білмейтін сауатсыз адам ба, жалпы осы ісімен нені көздеп жүр? Ол жерде әкімшілік қызметтер бар, А корпусы бар, саяси лауазымдар бар. Келесі жолы мен нақты адамдарды, яғни жетекшілік ететін вице-министр, комитеті төрағасы, бөлімді көргім келеді. Нақты мәселенің басын ашайық", — деп мәлім етті бас прокурор. 

Оның пікірінше, сол секілді атаулы тексерулердің қорытындылары бойынша белгілі бір орган штатының жартысы "теріс себептермен" қызметтен қуылса, одан жаман ештеңе болмайды. Мұндай тәжірибе, бас прокурордың ойынша, бұл мемлекеттік органның аман қалған қызметкерлері үшін жақсы сабақ болмақ. 


Басты тақырыптар