Сарапшылар: теңге өсуі мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теңгенің нығаюы жалғаса берсе, оған үлкен сұраныс туғызып, бұл да өз кезегінде теңгені "алға сүйрейді".

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik.  Жалғасын тапқан мұнай раллиі осы шикізат бағасы артқан сайын нығая түсетін теңге бағамын демеуде. Sputnik Қазақстан агенттігі сауалнама жүргізген эксперттер Қазақстан ұлттық валютасы бағамының өсуі мүмкін екендігін айтып отыр.

12 қазан күнгі ресми бағам бір АҚШ доллары үшін 330,37 теңгені құрады, осы жылдың қаңтарында теңге бағамы бір доллар үшін 383,91 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Мұнай толқынында

"Асыл-Инвест" инвестициялық компания басқармасы төрағасының орынбасары Нұрлан Рахымбаевтың айтуынша, ұлттық валютаны нығайтудың басты факторы мұнай бағасының артуы болып табылады. Қазір нарықта мұнай бағасы бір баррелге 52 доллардан асады.

"Прогресс жалғаса берсе, теңге бағамының нығаюына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, теңгенің нығаюы халық пен бизнес сұранысын туғызып, қосымша демеу болады ", — деді эксперт Sputnik агенттігіне берген сұхбатында. 

Оның пікірінше, теңге бағамы бойынша жағымды динамика алдағы үш айда сақталады. Рахымбаев айтқандай, регулятор ұлттық валютаның нығаюына кедергі келтірмей, теңге бағамының фундаменталды факторлардың соңынан еруін қамтамасыз ете алады.

"Халық Финанс" инвестициялық компаниясының аналитигі Асан Құрманбеков назар аударғандай, қыркүйектегі мұнай бағасындағы жағымды өзгерістер әсерінен теңге АҚШ долларына қатысты 1,4% нығайды. Бұл осы жылдағы ең жоғары нәтиже, бұл үрдіс қазан айында да жалғасын тапты. 

Сарапшының пікіріне сүйенсек, мұнай бағасының өсу үрдісі сақталатын болса, бұл жағдай теңгенің нығаюына оң әсерін тигізеді.

Ұлттық банктің көрінбейтін қолы

Құрманбековтың мәліметінше, ұлттық банктің валюталық интервенциялары жылдың бірінші жартысында өте ауқымды болды, қорыта айтқанда регулятор валюта нарығында 3 миллиард долларға қол жеткізген. 

"Ұлттық валютаның күрт нығаюын тоқтату үшін Ұлттық Банк валюта нарығына қатысқан болатын. Сонымен қатар, біздің ойымызша, валюта бағамының шектен тыс құбылуын фискалды шаралар (қомақты валюта түсімін реттейтін салық шаралары) арқылы теңгерген жөн, бұл ішкі экономика операциялары бойынша валюта түсіміне біршама айқындық берер еді", — дейді сарапшы.

"Халық Финанс" компаниясы өкілінің пікірінше, Қазақстан ұлттық валютасының шектен тыс нығаюын тоқтату салдарынан Ресей рубліне қатысты теңге бағамы әлсіреп кеткен.

Теңгенің өсуі

Bank RBK қаржылық сараптама және жоспарлау департаментінің директоры Сергей Куряшкин де теңгенің өсуі әлеуеті бар деген пікірде. Осы тұрғыда  оның айтуынша, ұлттық валюта негізгі экпортталатын шикізат бағасының құбылуына тәуелді болса, теңгенің нығаю қарқыны мұнай бағасының өсу қарқынынан төмендеу болады.  

2016 жылдың басынан бері мұнай бағасы бір баррель үшін ең төменгі сома 28 доллардан бастап, қазіргі уақытта 53 долларға дейін жеткен. Есесіне теңге бір долларға 380 теңге деңгейінен қазіргі уақыттағы көрсеткішке дейін нығайған.

"Бірақ қарастырылып отырған шамалардың салыстырмалы өзгерісін алып қарасақ, мұнай 90%-ға дейін қымбаттаса, теңге бар болғаны 14%-ға нығайған. Демек, ұлттық валютаның әрі қарай нығаюына үлкен мүмкіндік бар", — деді сарапшы.

Жаңалықтар
0