02:36 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
№1 қалалық ауруханасы трансплантология және гепатобилиарлық хирургия бөлімшесінің жетекшісі Абылай Донбай

Трансплантолог Абылай Донбай: бәріміз де донор бола аламыз

© Foto : Официальный аккаунт в соцсетях
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
118 0 0

Қазіргі уақытта трансплантология қалай жұмыс істеп жатыр, 2017 жылдан бастап қандай өзгерістер енетіні туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне Қазақстанның ең жас трансплантологтарының бірі, елордадағы №1 қалалық ауруханасы трансплантология және гепатобилиарлық хирургия бөлімшесінің жетекшісі Абылай Донбай айтып берді.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik.  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр қазақстандық дүниеден озған соң басқа біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесе ме, жоқ па  өзі шеше алады. Өз еркімен ағза мүшелерін беру туралы келісімді тіркеуге өтінішті мекенжайы бойынша тіркелген емханада беруге болады.  Бүкіл деректер "Ағза мүшелері донорларының тіркелімі" Бірыңғай ақпарат жүйесінде сақталады. 

-Абылай Әбдужаппарұлы, 2015 жылы тамыз айында Астанадағы бірінші қалалық аурухана дәрігерлер бригадасы алғаш рет тірі донор бауырының туыстық трансплантациясын жасаған еді.  Ол операция қалай өтті?

— Бірінші операцияға ұзақ уақыт дайындалдық. Бір жыл бойы шетелдік мамандар келіп тұрды. Мен алты ай Оңтүстік Кореяда оқыдым. Трансплантацияда ұсақ-түйек деген ұғым жоқ. Болмашы бір қателіктің салдарынан донор мен реципиенттен айырылып қалуымыз мүмкін. Біртіндеп тәжірибе жинақтап келеміз. Шетелдік әріптестерімізбен ақылдасып тұрамыз. Өкінішке орай, Қазақстанда мамандар өте аз. Елімізде он трансплантация орталығы бар. Ең үлкен мәселе – донорлардың жоқтығы – бұл Еуропада да, Азияда да өзекті.

Ең қиыны – бауырдың туыстық трансплантациясы. Бұл оңай болса, әрбір ауруханада жасала беретін еді. Біз трансплантацияның ең қиын әрі қызықты бағытын таңдадық.

Өзім Мәскеуде оқығанмын, бауыр трансплантациясын алғаш рет 2008 жылы көрдім, содан бері Қазақстанда трансплантация қызметін дамытуды армандайтынмын. Бүгінгі таңда біздің аурухана базасында 23 трансплантация жүзеге асырылды. 

Абылай Донбай
© Foto : Абылай Донбайдың жеке мұрағатынан
Абылай Донбай

-2017 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жүргізілетін процедура бойынша, әрбір азамат өмірден озғаннан кейін донор болуға келісімін беру немесе бас тарту құқығына ие болады. Бұл қалай жүргізіледі?

— Бәріміз де донор бола аламыз. Егер адам тірі кезінде донорлықтан бас тартса, бас миы өлгеннен кейін ағза мүшелерін ала алмаймыз. Ал, егер ешқандай құжаттар қалдырып кетпесе, туыстарының келісімінсіз ағза мүшелерін алуға болады.

Көптеген адамдар донорлыққа келіседі. Біздің елімізде жаппай трансплантологияны енді ғана бастап жатқанымызды түсіну керек. Сол себепті қиындықтардың туындайтыны да анық.

-Қазақстанда трансплантологияның "қара нарығы" бар ма?

— Қазіргі таңда реципиентке донор тауып береміз деп келісіп, белгілі бір сомада ақша алып, қашып кететін алаяқтар бар. Біздің елімізде де мұндай жағдайлар болды. Біздің заң бойынша, адам келісімін берсе, ағзасы сәйкес келсе, донор бола береді. Ал, екеуара қалай келісітендерін, өкінішке орай, бақылай алмаймыз. Қазақстанда отбасын асырау, несие төлеу немесе қарызын төлеу үшін ағза мүшелерін беретін донорлар да пайда болды.

-Сіздіңше, болашақта дене мүшесін ауыстыру операциялары көбейе ме?

— Әрине, операция саны көбейеді. Бүйрек трансплантациясына кезекке тұрғандардың саны күн сайын артып келеді. Мемлекет осындай операциялар жасауға қолайлы заманауи ауруханалар салуда. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек беру үшін бар жағдай жасалған. Тек құлшыныс болса болғаны.    

Абылай Донбай
© Foto : Абылай Донбайдың жеке мұрағатынан
Абылай Донбай
Загрузка...

Басты тақырып