16:14 21 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Нияз Сүндеталиев

Нияз Сүндеталиев "Алтын жүрек" сыйлығы, армандары мен өмірге деген құштарлығы туралы

© Foto: из личного архива Нияза Сундиталиева
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
4510

Қазіргі адами құндылықтар тұрғысынан қарағанда Қарағанды тұрғыны Нияз Сүндеталиев – нағыз қаһарман жан. Оның хикаясы кімнің де болса жүрегін елжіретеді, ал күш-жігері еріксіз тәнті етеді. Ол мүгедектер арбасына танылғанына қарамастан, әрбір күнін қуанышпен өткізіп, жақсылықтан күдерін үзбейді.

АСТАНА, 31 қаз — SputnikӘсем Миржекеева. Нияз Сүндеталиевтың тағдыры осыдан бірнеше жыл бұрын аяусыз ойран болған еді. Ол кезде бойында жастық қаны тулаған, көңілді бозбала жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы дипломды иеленген. Алдында биік-биік асулар мен алынбаған белестер тұрды. Бір қарағанда талапты жастың жарқын болашаққа қадам басуына ешнәрсе кедергі болмайтындай көрінген еді. Бірақ ойда жоқта қасіретті оқиға орын алды – жас жігіт терезеден құлап кетті. Содан кейінгі өмірі  мүгедектік пен аңсаған арманы – аяғымен жер басып жүру үшін күресумен жалғасып келеді. 

Ұлы Дала Ханшайымы бақауының бас бапкері
© Foto: аккаунт Дакен Туребековой в соцсети "ВКонтакте"

Жас жігіт оңалтудан өтті. Өзінің қатарластары жаңа биіктерді еңсеріп жүргенде, ол толық дерлік дәрменсіздікке көнді. Парашютпен секіріп, өмірге құс самғауының биіктігінен қарауды жақсы көрген ол,  төсекке таңылған. Планшеттің кішкентай терезесі ғана адам мүмкіндігінің шексіздігіне сенім сайлады. Өз ойларымен басқару бір кездері кешегіден жақсы болады деген сенімділік ұялатты. Екі жыл бұрын Нияз, өзін үміт жолына жетелеген арманға сенді. Мыңдаған қазақстандық оның қайғысына ортақтасып, оны жылы сөзімен ғана жұбатып қоймай, сонымен қатар қымбат тұратын емделу мен оңалуына қаржымен қолдау көрсетті. 

Нияздың тағдырына бей жай қарамайтын қазақстандықтар қайырымдылық концерттер ұйымдастырып, көмек көрсетуге шақыру туралы жүздеген посттар жариялады және банкте шоттар ашты. Ниязды  аяққа тұрғызуға көмек көрсетіп жатқандар арасында шоу бизнес жұлдыздары бар. Жас жігітке қолдау көрсету туралы акция интернет пен Қазақстан жазықтарынан тарап кетті. 

Нияз Сүндеталиев
© Foto: Нияз Сүндеталиевтің жеке альбомынан
Нияз Сүндеталиев

Қомақты сома жиналған кезде, Нияз барлық адамдар үшін күтпеген жерден барлық ақшаны Аружан Саинның қайырымдылық қорына аудару турал шешім қабылдайды. Ол жас жігітің емделуіне септігін тигізуі мүмкін бес миллион теңгеден астам сома болатын.  

Sputnik Қазақстан өмірдің еш нәрсеге қарамастан әрдайым жалғаса беретіндігі туралы ой салған жас жігітпен сұхбаттасты. 

- Нияз, сен ақшаны қайырымдылық қорына аудару әрекетің үшін "Алтын жүрек" сыйлығына ие болдың. Бұл сен үшін немен аяқталды?

Менің номинациямда әділ қазылар денсаулық сақтауға қосқан үлес үшін менімен бірге үш адамды таңдады.  Мен конкурс дипломын алдым, ол үшін өте қуаныштымын.  Бұл номинацияда басқа адам лауреат атанды. Оны "Алтын жүрек" сыйлығының қоғамдық кеңесі таңдады. Бұл сыйлыққа ие болған барлық лауреаттың лайықты екенін ата өткім келеді. Олар шын мәнінде қайырымдылықта үлкен іс атқарып отыр. Сондай  адамдардың бар болғанына қуаныштымын. Мен лауреат болғаныма ренжіген жоқпын. Менің өз жолым бар, менің басты арманым, әрине, денсаулық. Ал мұның барлығы – аралық кезеңдер. Дегенмен соңғы кездері мен көңілшек болып кеттім, барлық нәрсені жүрегіме жақын қабылдаймын. Сыйлық ұйымдастырушыларының менің тегімді жазуда екі қате жібергені мені кішкене ренжітті. Сыйымдылығы үш мыңнан адамнан асатын Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театры – үлкен экранда көрсетті.  Өз тегіңді, оның жазылуындағы қателерді көру әрине жағымсыз. Бірақ мұндай қателер өмірде кездесіп тұрады. Келесі күні маған ұйымдастыру комитетінен хабарласып кешірім сұрады. Сондай-ақ оны әлеуметтік желілерде де жариялап, қатенің олардың  маған деген көзқарастарын білдірмейтіндігін атап өтті. Өкінішке орай орын алып тұратын таза техникалық қате. Бәріміз — пендеміз, біздің де қателесуге құқымыз бар. 

Нияз Сүндеталиев
© Foto: Нияз Сүндеталиевтің жеке альбомынан
Нияз Сүндеталиев

- Үндістанда емделгеніңді білеміз, одан кейін Астанада ем алдың. Қазір денсаулығың қалай?  

Біріншіден, біз өмірге қауіп төндірген көп жатқаннан ойылған жерлерге қатысты мәселені шештік. Бастапқыда бұл мәселеге көңіл аударған жоқпыз. Бірақ Үндістанда барлығын жақсы "тігіп", ойдағыдай болды.  Биылғы желтоқсанда мен ҚР президенті іс басқармасының  ауруханасына қайта жатамын. Бірақ бұл жолы басқа бөлімшеге. Бәлкім жұлынға тағы бір операция жасармыз. Максимум бағдарламасы осы жылы аяқталады. Келесі жылы тағы ір ота жасаймыз, сонда ғана белгілі бір нәтижелер туралы айтуға болады. Әзірге үй жағдайында оңалудан өтіп жатырмыз. 

- Сен адам өміріндегі мақсаттар туралы айтасың, ал сенің өмірдегі мақсатың қандай? 

Менің мақсатым – ол денсаулық! Өз денсаулығыма барынша жұмыс істеуім керек деп санаймын. Өкінішке орай тым көп уақыт, күш, қуат, эмоцияны тарып алатын өмірдегі басқа сәттерге алаңдамай. Өзің таңдаған жолға түсіп, біртіндеп қалыпқа келу қажет. Менің жағдайымда, қазіргі уақытта мүгедек арбасына таңылған адамның жағдайында әлеуметке, айналаңдағы адамдарға керек екеніңді түсінесің. Сіздер өздеріңіз қазақстандықтардың қандай қолдау көсетіп келгенін және көрсетіп жатқанын көрдіңіздер. "Алтын жүрек" сыйлығының өзі, шын мәнінде мен жеңіске жетпесем де пікірлер, тілектер мен басқа да дүниелер барлық негативті сәттерді екінші орынға жылжытты.  Олар менің жеңіп жеңбегеніме қарамастан осы күйімде мені бағалап жақсы көретіндерін көрсетті. Мұның барлығы өте сүйсіндіреді. Мен өзімді қажет сезінемін. Бәлкім, ең бастысы – қоғамға пайдалы болып, қоғамының сені моральдық тұрғыдан қолдайтынын көру болар. Меніңше бұл адамның ауырып, ауырмауына қарамастан кез келген адамға қажет. Қолдау бәріне қажет!