10:52 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Қарағанды облысы Долинка аулындағы қатаң режимді колония

Мемлекет кекшіл болмауы тиіс Күлекбаев ісі туралы Жовтистің пікірі

© Sputnik / Дархан Мусин
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
55 0 0

"Алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесу полиция қызметкерін өлтіру қатаң түрде жазаланады дегенді білдіреді дейді Евгений Жовтис.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Танымал қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис  Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесу туралы үкімге қатысты өз пікірін білдірді.

—  Евгений Александрович, Руслан Күлекбаев бүгін сот үкімімен өлім жазасына кесілді. Бірақ, бәріміз белгілі, Қазақстанда ең ауыр жазаға қатысты мораторий жарияланған…

— Біздің заңнама өлім жазасына кесуді қарастырады, сол себепті сот мұндай үкім шығаруға хақылы. Мораторий бұл үкімнің орындалуына қатысты қабылданған. Қазіргі уақытта бас бостандығынан айырылғандардың арасында, мораториймен отырғандар жоқ. Өлім жазасына кесілгендердің үкімдері өмір бойына бас бостандығын айырумен алмастырылды. Сол себепті Күлекбаев "мораториймен" отырған алғашқы адам. 

- Тергеу барысында, Руслан Күлекбаевтың "салафизм" ағымын ұстанушы екені анықталды. Былайша айтқанда, оны түрмедегілер қалай "қарсы алады" екен? Ол өлім жазасына кесілген адам ретінде бөлек камерада отыра ма? Оған қатысты қандай шара қолданылады?

— Біздің заңнамада діни сеніміне қатысты алалаушылық қарастырылмаған. Сол себепті, менің ойымша, мемлекет оған басқа қамаудағылардың бірі ретінде қарауы тиіс. Өлім жазасына кесілді ме, әлде өмір бойына бас бостандығынан айырылды ма – бәрі бір. Айырмашылық тек тәртіпте ғана, яғни қоғамның қауіпсіздігі үшін оны белгілі бір тәртіпте қамауға алу керек. Меніңше, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушылар сияқты жеке камерада отырады. 

Руслан Күлекбаев сот залында
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Руслан Күлекбаев сот залында

- Ал оны қайда апарып қамайды? Қазақстандағы өмір бойына бас бостандығынан айырылғандардың колониясы – Жітіқарадағы "Қара бүркітте" ме?

— Иә, әрине, сонда.

- Осыған қатысты 15 адам өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген шекарашы Владислав Челахтың ісі еске түседі екен.  Күлекбаев 10 адам өлтіріп, өлім жазасына кесілді. Бұған не дейсіз?

— Мен жалпы өлім жазасына қарсымын. Мемлекет адам өмірін ең басты құндылық ретінде  тани тұра, кекшіл болуға тиіс емес. Күлекбаевты өлім жазасына кесуге себеп болған оның қарапайым адамдарды емес, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіруі деп ойлаймын. Бұл, былайша айтқанда, полиция мен арнайы қызметтердің ерекше қорғалатындығын, олардың өміріне қол салу қатаң түрде жазаланатынын білдіреді.

Әрбір адамның өмірі бағалы, сол себепті 15 адам немесе 3 адам деп санына қарап бағалауға болмайды.

- Күлекбаевтың соты небәрі екі аптаға созылды. Қоғам назарына ілінген осы бір істі қарауда және оған қатысты үкім шығаруда асығыстық болды деп ойламайсыз ба?

— Әрине, асығыстық   болды. Одан сайын жұрттың назарын аудармас үшін, бұл істі қарауды тездетіп аяқтады.  Мәселен, мен үшін Күлекбаевтың сотта айтқан "мұсылман бауырларымызды өлтірдіңдер, мен солардың кегін алдым" деген сөзі оның осы қылмысқа барғандағы мақсатын, түпкі ойын түсінуге аздық етеді. Шығарылған үкімді түсінемін, бірақ бұл қылмысқа қатысты жайттардың бәрін бірдей түсінбеймін. Және сот үдерісінің осылайша тез аяқталуы, көкейдегі сұрақтарды одан сайын көбейтіп жіберді.

Тақырып:
Алматыдағы терактіні тергеу (11)

Басты тақырыптар