16:14 21 Ақпан 2017
Тікелей эфир
шахта

"Қара" алтын іздеушілер: кеніштердегі заңсыздарға тосқауыл болатын не

© Sputnik / Павел Лисицын
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Ақмола облысындағы кеніштердегі заңсыз алтын өндіру мәселесінің туындағанына біраз жылдар болды. Өлім қауіп-қатері де, күзет те, полиция да "қара" алтын іздеушілерді тоқтатуға қабілетсіз болып тұр. Sputnik Қазақстан тілшісі адамдардың неліктен өмірлерін тәуекелге тігіп, шахтаға түсетін себептерін анықтамақ болды.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Меруерт Алимова. "Қазақалтын" кеніштеріндегі "қара" алтын іздеушілер қорқудан мүлдем қалған. Олардың мемлекетке келтіріп отырған зияндары миллиардтармен есептеледі. Соңғы бес жылда 20 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталды. Бірақ олардың біреуі де қылмыстық жауапқа тартылған жоқ. Алтын руда кәсіпорны әкімшілігі мен мемлекеттік органдар мұндай белсенділіктің жазасыздықтан орын алып отырғандығына сенімді. 

Үйінділердің асында ондаған, жүздеген заңсыз алтын қазатындар қаза табатын алтын кеніштер тұңғиығына адамдарды не итереді? Ақша мен келешекке деген сенімнің жоқтығы адамдар үшін өзін-өзі сақтау инстинктінен күштірек болғаны ғой. 

Бестөбедегі төбелес

"Қазақалтын" ұжымы – Ақтөбе облысындағы Бестөбе, Ақсу және Жолымбет ауылдарында жұмыс істейтін үш кеніш пен фабрикалар, төрт мыңнан астам адам. Бестөбеде алтынның көп болуына байланысты "қара" алтын іздеушілер аса белсенді. Өткен жылы компаниядағы жалпы тауарлық масса 3,3 тонна алтынды құрады. 2019 жылға дейін жалпы көлемді тоғыз тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

  Бестөбе кеніші осы жылдың маусымында даудың эпицентрінде болды.

Жанжал жұмысшылар мен күзет арасында туындады: жұмысшылардың жеке заттарын тексеру кезінде күзеттің танытқан дөрекілігі шахтерлердің шамына тиген.

Қақтығысқа жүздеген адам қатысып, күзет қару қолданды – екі адам ауруханаға түсті. Көп ұзамай кеніштегі жағдай тұрақталды, бірақ алтын іздеушілер мен жергілікті тұрғындар билік өкілдері мен құқық қорғау органдарының көзінше концерн басшылығына бірнеше шарт қойды. Алайда әкімшілік олардың жалақысын көтеруді, кеніш басшысын ауыстыру мен күзетке жергілікті тұрғындар арасынан тағайындаудады талап еткен шарттарды орындаудан бас тартты. 

Жұмысқа – жергіліктілер

Дегенмен, жақында Ақмола облысы прокуроры Мұратбек Исаділовтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық отырыс барысында, әртүрлі мемлекеттік құрылым өкілдері жұмысқа ең алдымен жергілікті тұрғындарды (Бестөбе ауылының тұрғындар саны алты мың адамнан асады) қабылдау қажеттілігін алға тартқан. 

"Жеке компанияның штатына кімді алу қажеттігін біз шешпейміз, алайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым бар. Әлеуметтік шиеленісті шешу керек", — деп атап өтті прокурор. 

Бұл жерде әлеуметтік саяси тұрғыдан алтын өндіру компаниясының лайықты көрінетінін атап өткен жөн. Бұл өңір бюджетіне ақша аудару, бала бақшаға демеушілік көмек жасау, Бестөбе ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны (рентген-аппарат, жедел жәрдем көлігі) жабдықтау, алдағы аты шулы "өлім жолын" жөндеуге көмек көрсету. Заводской-Бестөбе (концерн 27 миллион теңгеге жобалық сметалық құжатты әзірлеуді өз мойнына алды). Бірақ кездейсоқ ақша табумен күнелтіп жүрген қарапайым ауыл тұрғындары алтын өндіру компаниясының мұндай ауқымды көмегін көздеріне де ілмейді. 

Бассыздық – жазасыздықтан 

Адамдарды тыныштандырды, фабрика жұмысын жалғастырды, алайда мұндай қайталанбайды деген сенімділік жоқ. Өйткені салдары ауыр болуы мүмкін ғой. Заңсыз өндіру проблемасы, прокуратура, ІІД өкілдері, "Қазақалтын" басшылығы атап өткендей, тек "басылмай" тұрған жоқ, сонымен бірге өршіп келеді. "Соңғы бес жыл ішінде концерн нысандарынан алтын руда өндірген немесе ұрлаған 20 мыңнан астам алтын іздеуші ұсталған. Алайда олардың біреуі де қылмыстық жауапқа тартылмаған, 1%-дан кемі әкімшілік жауапқа тартылған", — деді облыс прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бірінші басқарманың бастығы Еркебұлан Жүнісов. 

Мұндай жазасыздық, "Қазақалтын" бас директоры Евгений Балашовтың пікірінше, алтын іздеушілерді аздырған. "Кейде барлығы қарақшылық кейпінде болады. Жақында орын алған жағдайда адамдар карьерге басып кіріп, күзетші мен тоқтатпақ болған адамдарды соққыға жыққан, — деді ол. – 14 келі алтын – бұл 560 мың АҚШ доллары – осы жылы концерннен ұрлаған; өз күшімізбен сегіз мың алтын іздеуші ұсталды". 

Полиция қызметкерлері 20 тоннадан астам алтынды руда тәркілеп, кварц рудасын өңдеу бойынша 26 шағын цех қызметінің жолын кесті. Бұл ретте қылмыстарға қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де қатысатын кездері болады екен. Өйткені бір төмен түсу мен көтерілу олардың бір айлық жалақысынан асады. Ұсталған алтын іздеушілердің күзетшіні сатып алу оңай деп мойындаған кездері бар. 

"Қыркүйекте қарауыл бастығы мен күзетшіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі бойынша (Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Олар концерн аумағынан бірнеше рет алтынды руда ұрлап, нәтижесінде 58 миллион теңгеден астам сома шыққан", — деді ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы бір мысалды келтіре отырып.