00:22 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Түркия-Ресей

Ресей мен Түркия қарым-қатынасы: ұзақ жылғы тоңның жібуі

© Foto: Агентство Анадолу
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Премьер-министр Бинали Йылдырым мен Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің Мәскеудегі келіссөздерінің басты тақырыбы – санкция "тоңын жібітуді" жеделдету. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Түркия сыртқы саясатын түбегейлі өзгертті, ШЫҰ-н ЕО-на балама ретінде қарастырып отыр.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik, Мария Шелудякова. Иран, Түркия және Ресей одағын құру мүмкін емес, өйткені Анкара мен Тегеран арасында түбі тереңде жатқан қарама-қайшылықтар көп деп мәлімдеді сарапшылар "Россия Сегодния" ХАА-де өткен "Ресей-Түркия: қазіргі заманғы қарым-қатынастар" атты дөңгелек үстел барысында.

Геосаяси мүдделері Таяу Шығыс шекарасынан асып жығылатын үш елден тұратын мықты одақ құру перспективасы 2016 жылы жазда пайда болған еді. Анкара Иран және Ресеймен одақтасып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге дайын екендігін мәлімдеген. Оның үстіне, мұндай альянсты құру алғаш рет Түркия президенті Реджеп Ердоғанның аузынан шыққан болатын, ол бұл туралы Иран президенті Хасан Роуханимен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтқан еді. Алайда түрік көшбасшысының айтқан сөздері, сарапшылардың айтуынша, соңғы айлары қарама-қайшылыққа толып кетті.

"Түркия мен Иран арасында одақ болуы мүмкін емес. Ел басшылықтарының өңірдегі мүдделері әр түрлі, Сириядағы шиеленісті саяси тұрақтандыруға қатысты көзқарастары да екі бөлек", — деп атап өтті қазіргі заманғы Түркияны зерттеу орталығының директоры, РҒА шығыстану институтының Түркия секторының ғылыми қызметкері Амур Гаджиев.

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныстан кейін Анкара мен Тегеран ресми өкілдерінің арасында келіссөздер жүргізілді. Роухани сөйлеген сөзінде "сол түні болған оқиға өз елімізде ғана емес, шекараның ар жағында да кімнің жау, кімнің дос екенін көрсетті" деді. Ал, Ресей-Түркия қарым-қатынасы сәтсіз төңкерістен кейін жақсара бастады.

Йылдырмының Мәскеуге сапары

Мәскеуге сапары кезінде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым сауда-экономикалық саладағы Ресей-Түркия ынтымақтастығын дамыту туралы мәселелерді талқылайтын болады. 

Келіссөздердің басты тақырыбы – екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру екендігі белгілі.

РФ ӘҒК Сирияда контртеррорлық операциялар жүргізуде, бұл жерде де екі елдің ұстанымдары екі бөлек, өйткені Түркия Асад режимінің ауысуын көздеп отыр.

Гаджиевтің сөзіне жүгінсек, қазіргі уақытта Ресей мен Түркия бұрынғы қателіктерді қайталамас үшін "негізделген" стратегиялық серіктестік – саяси негізде өзара экономикалық ықпалдасу құруда.

ШЫҰ-на кіру

Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына енсе, Мәскеу мен Анкара бір-біріне ықпал ететін болады. Алайда, ШЫҰ-на кірген күннің өзінде Түркия НАТО-ға мүше екендігін ұмыта қоймас дейді саясаткерлер. 

"Түркия ШЫҰ-на бет бұрса, Ресей үшін өте тиімді болмақ. Бұл мәселе әлі де қарастырылатын болады. Дегенмен, ұйым құрамына ену – ұзақ үдеріс", — деді Қазіргі заманғы Түркияны зерттеу орталығының гуманитарлық бағытының жетекшісі Татьяна Шувалова.

Оған қоса, ғылыми қызметкер Гаджиев айтып өткендей, Түркия ШЫҰ-н ЕО-на балама ретінде қарайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Ердоған да айтқан болатын. Қазіргі уақытта Анкара Еуроодаққа енуге үміткер болып отыр, қазірдің өзінде біршама дивидендтерге ие, ел басшылығы бұдан айырылып қалғысы келмейтіндігі анық.

Басты тақырыптар