Қазақстандық ауылдан шыққан қыз Мәскеуде режиссер болды

© Sputnik / Сергей ПятаковҚазақстаннан келген режиссер Гүлназ Балпеисова
Қазақстаннан келген режиссер Гүлназ Балпеисова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуді бағындыру үшін кеткен қазақстандық Гүлназ Балпейісова, қыз баланың да дарынды театр режиссері бола алатындығын дәлелдей білді

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Шағын қазақ ауылы Шыңғырлаудан шыққанқыз Гүлназ Балпейісова білім алу үшін Санкт-Петербургке аттанады, алайда Мәскеуді бағындырды.  Ресейде төрт білім беру мекемесін ауыстырып,  өзін тек Вахтангов Римас Туминас атындағы академиялық театр көркем жетекші лабораториясынан тапқан. 

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева - Sputnik Қазақстан
Спорт
Асаубаева алғаш рет РФ намысын қорғап, әлем чемпионы атанды

Оған адамдардың көзінше дарынсыз екендігін мойындуға тура келгенімен, қыз баланың да режиссер бола алатындығын дәлелдей білді. 

Әлем азаматшасы атану мүмкін болмады  

Гүлназ Балпеисованың анасы қызының әлем азаматшасы болғанын армандаған. Аспанда туған нәресте осындай мәртебеге ие болатыны туралы бір жерден оқып алған көрінеді.   Сондықтан, 1989 жылғы шілде айында босанатын уақыты келген кезде, 21 жастағы Айгүл ұшаққа мініп ұшып кеткен. "Ұшу алдында, ұшақта туып қоймайтындығы туралы ант ішкен, бірақ бұл ретте өзі соны армандаған",  - дейді Гүлназ. 

Алайда Мәскеу үстінде де, Ленинград үстінде де босана алмаған. Көңілі қалған ол өзінің ауылы Шыңғырлауға оралады. Сол күні оның суы кетеді…

"Көрдіңіз бе, мен Қазақстаннан бөлек жерде туылғым келмеген. Меніңше, түп-тамыр, отан деген өте маңызды", деп нақтылаған Гүлназ: "Бірақ анам, менің жолымды алдын ала шамалаған секілді. Мәскеуде ол өмірінде алғаш рет спектакльді тамашалаған. Анаңның жатырында болған кезде бәрін сезесің деп бекер айтпайды ғой. Мен де театрдың болашақ өмірім екенін сезінген болармын", — деп толықтырды. 

Шыңғырлауда Гүлназ жеті жасына дейін тұрған. Отбасы Ақтөбеге көшіп, сонда ол мектепке барады.  Онда ол көркем мектебінде дәріс алып, картина жазуды өзінің әуестігі деп біледі. Сондықтан аттестат алғаннан кейін А.Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербургтік мемлекеттік көркем өнеркәсіп академиясына оқуға түсу туралы шешім қабылдайды.  Бірақ одан кейін ол Санкт-Петербург пен Мәскеу арасында өз жанының нақ қалауын іздеп жүрген. 

Мария Щеголихина - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Грузияға қоныс аудару: қазақстандық қыздың тағдыры

"Мен дарынсызбын" деп үш рет айғайлауға тура келді

"Мен төрт институт, төрт мамандық ауыстырдым.  Бастапқыда суретші болдым, кейіннен бақытсыз болатынымды түсіндім. Біресе костюмдер бойынша суретші болғым келді, бірақ әртістерді көріп, мен оларды киіндіріп жатқанда олар өмірлеріне шаттанып жатады, менің киімдеріммен сахнаға шығып иіледі, ал мен… жылаймын, деп ойладым. Сол кезде әртістікті қаладым: Мәскеуге келіп, ГИТИС-ке түстім.  Бірақ екі жыл өткен соң, ол жерде де бақытсыз болатынымды түсіндім. Өйткені барлығы мені басқарып, мен қайтадан бастық бола алмаймын (деп күледі). Не істеу керек? Режиссураға түсуге бел будым, бірақ бірінші реттен конкурстан өтпей қалдым. Сол кезде Питерге оралдым, ГАТИ-ге (Ресейлік мемлекеттік сахна өнері институты) татар сыншысы мамандығына түстім. Мамандықты басқа қырынан еңсермек болдым. Бірақ Римас Владимирович Щукин атындағы театр институтында курс жинап жатқанын біліп қалдым. Сол кезде егер түсе алмасам бәрі бекер болғанын түсіндім, сөйтіп қайта Мәскеуге бардым", — дейді Гүлназ Балпеисова. 

Бастапқыда Туминасу курсына бес адам ғана келді, олардың арасында жалғыз қыз – Гүлназ болды.

Режиссура өз бетінше даралықты, тұлғалық пен мінезді талап етеді, дейді ол. Ал Римас Владимировичтің ғажайып қасиеті бар – ол бірінші курстан бастап өз оқушыларын теңізге күшік лақтырған секілді бос жібереді. 

© Sputnik / Сергей Пятаков"Фрекен Жюли" спектаклі
Фрекен Жюли спектаклі - Sputnik Қазақстан
1/3
"Фрекен Жюли" спектаклі
© Sputnik / Сергей Пятаков"Фрекен Жюли" спектаклі
Фрекен Жюли спектаклі - Sputnik Қазақстан
2/3
"Фрекен Жюли" спектаклі
© Sputnik / Сергей Пятаков"Фрекен Жюли" спектаклі
Фрекен Жюли спектаклі - Sputnik Қазақстан
3/3
"Фрекен Жюли" спектаклі
1/3
"Фрекен Жюли" спектаклі
2/3
"Фрекен Жюли" спектаклі
3/3
"Фрекен Жюли" спектаклі

"Ал әрі қарай, егер жүзіп шықсаң – жарайсың, батып кетсең – сенің мәселең. Бұл жерде жұмсақтық кезеңі жоқ. Жұмсақтық – ол тыныштықта. Үндемесе – онда бәрі жақсы. Оның мінезі айтарлықтай қиын. Ғажаптықтың өзі осында. Біз суретшіден Леонардо да Винчи, Микеланджело заманындағы секілді кіші шебер болып үйрендік. Бәлкім біз кіші шебер болған да шығармыз. Осылайша біз мамандықты игердік. Ал Римас Владимирович бірден айтты: "Мен сендерді үйретпеймін, жәй ғана мені тыңдап, менің не істеп отырғанымды қараңдар", — деп есіне түсіреді Гүлназ. 

Ол режиссерді үйрету мүмкін емес деген сенімде. Қандай да бір ережелер, заңдар мен жинақтарды түсінуге болады, ал әрі қарай – барлығы адамның өзіне байланысты, өзін мамандықта таба алды ма жоқ па. Бұл ретте Римас Туминастағы екінші курс Гүлназ  үшін нағыз сынақ болды. Оны көтеру қыз  түгелі әр ер жігіттің де қолынан келе бермейді. 

Novaliveband - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстандық орындаушылар MC_Doncha хитын жетеріне жеткізіп шырқады

"Бітті енді біз режиссер, суретшіміз деп, біздің қолымыздан бәрі келеді деп сенімді болған кезімізде, бізге жақсы сабақ берілді. Римас Владимирович еш уақытта режиссерлерді аяған емес. Бір жарты жылдар бойы дайындалған көрсетілімдерде ол қымсынбайтын.  Спектакльді тоқтатып, әртістердің арасына отырғызып қойып, бізді түйіндеп жоятын. Оның бұған құқығы бар, ол біздің шеберіміз ғой. Осылайша бізді шыңдады. Сіз өзіңізге елестетіп көріңізші – мен қалай ойнау керектігін көрсетін адамдардың арасында, мен үш рет дауыстап "Мен дарынсызбын!" деп айтуға тиіс болатынмын. Ал Римас Владимирович: "Қаттырақ! Сенбеймін! Қаттырақ айт! Менің сеуім үшін…"деген", — деп еске алады Гүлназ. 

Сол сәттерде, мамандықты ұғына түсетін секілді көрінеді, дей келе Гүлназ, "Мен дарынсызбын!" деп үш рет айтқаннан соң, бәлкім сенен бір нәрсе шығып қалар, деп қосады.

Стереотиптерді жоя

"Содан кейін біз бұл сабақты ұқтық. Әр суретшінің өз эго-сы бар. Ол орасан зор. Бұл, меніңше, ерекше адамдар жолындағы қадамдардың алғашқы қозғалтқышы. Адамды қабылдаудың. Бізден бүкіл бұл менмендікті сыдырып алды. Ал сенімді жоғалып, соқыр секілді қармалап келе жатқанда, аяғыңның астынан жер кетіп жатқанда, сен үйрене бастайсың", — дейді режиссер. 

Нияз Сүндеталиев - Sputnik Қазақстан
Нияз Сүндеталиев "Алтын жүрек" сыйлығы, армандары мен өмірге деген құштарлығы туралы

Ал Гүлназға келгенде, сенің кім екендігіңді көрсету ғана емес, әйелдің режиссер бола алмайды деген стереотипін жояюға тура келгеніне сенімді.  

"Мен курста жалғыз қыз болдым.  Бәлкім сондықтан болар маған мамандықтың бүкіл көркемдігін көрсеткені. Үнемі айтатын: ал психологиялық тұрғыдан сен өмір сүре аласың ба? Кез келген жолдың самғауы мен құлауы болады. Мені де сын күтеді және ол өте үлкен. Бірақ ол шыңдайды. Үшінші курста Куприннің әңгімелері бойынша  сахналағанымыздағыдай. Римас Владимирович мені қатты сынға алды, мен бәрін тыңдап алдым, бірақ екі күннен кейін өз жұмысымды көрсеткенімде, онда ештеңе дерлік өзгертпедім деуге болады, жәй ғана шамалы кеңейттім. Егер өзіңнің алғаныңнан қайтпасаң, онда сенің ойың, сенің идеяң бар. Ең қызығы кейіннен менің жұмысым үздік деп танылды. Ал бір студент ол тексеруге шыдай алмай, тастап кетті. Сонымен біз курста төртеу болып қалдық… ", — дейді Гүлназ. 


Жаңалықтар
0