00:21 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Андрей Карлов

Сарапшы: РФ елшісінің қазасы Сирия жөнінде келіссөз жүргізуге әсер етпейді

© AP Photo / Burhan Ozbilici
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)
14 0 0

Таяу Шығыс бойынша сарапшының пікірінше, ресейлік дипломаттың қазасы Мәскеу, Анкара және Тегеранның Сирия жөнінде келіссөз жүргізу жоспарына бөгет бола алмайды.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың қазасы сұмдық әрі ақылға сыймайтын қылмыс, алайда ол Ресей, Түркия және Иранның Сирия жөнінде келіссөз жүргізуіне кедергі келтіре алмайды, сондай-ақ Ресей-Түркия қарым-қатынасын бүлдіруге себеп болмайды деп санайды Sputnik Қазақстан тілшісінің сұрағына жауап берген сарапшылар.

Түркиядағы Қазақстанның бас консулдығында қызмет еткен Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы Данияр Қосназаров болған оқиғаны "еуразиялық остің" пайда болуымен байланыстырады.

"Башар Асад, Мәскеу және Тегеран арасында келіссөз "картасының" пайда болуына елдің бәрі разы емес. Анкараның да бұл клубқа қосылғандай көрінуі қарсыластардың шымбайына батса керек. Сол себепті әр түрлі қысым көрсетуші әдістер пайдаланыла бастады, РФ елшісінің қазасы Ресей, Түркия және Ираннан құралған "еуразиялық оске" Сирия жөнінде бір мәмлеге келе алмайсыңдар дегендей белгі береді", — дейді Қосназаров.

Оның пікірінше, Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер аясында Ресей дипломатына жасалған шабуылдың ештеңеге әсер етпейді.

"Елші қазасынан кейін Ресей мен Түркия өкілдерінің жасаған ресми мәлімдемелері екі елдің бірлесіп қызмет етуді жалғастыратынын көрсетеді", — дейді Қосназаров.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Кушкумбаевтың айтуынша, Түркиядағы Ресей елшісінің қазасы Ресей-Түркия қарым-қатынасын бұзғысы келетіндерге тиімді болуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев
© Foto: Официальный сайт президента Республики Казахстан

"Екінші аспекті – қанішердің аузынан шыққан сөздер: террорлық ұйымдардың кегі. Бұл терактінің де, өзге лаңкестік оқиғалар сияқты еш мәнісі жоқ. Оның себебін іздеп, ақтауға болмайды. Бұл өте сұмдық, адамның ақылына қонбайтын жайт", — деді Кушкумбаев телефон арқылы.

"Терактінің Мәскеу, Анкара және Тегеранның келешектегі үшжақты кездесуіне қатысы бар деген пікір де кездеседі. Бірақ негізі мотив сол деп ойламаймын. Жай ғана кездейсоқтық секілді", — дейді сарапшы.

Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)

Басты тақырыптар