00:26 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Михаил Горбачев

Михаил Горбачевтің КСРО президенті қызметінен кетуі

© Sputnik / Сергей Гунеев
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

25 жыл бұрын – 25 желтоқсан 1991 жылы – Михаил Горбачев КСРО президенті қызметін тоқтатқандығы жөнінде мәлімдеген болатын.

АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Жиырма бес жыл бұрын Михаил Горбачев КСРО президенті қызметінен кететіндігін мәлімдеген еді.

25 желтоқсан 1991 жылы Михаил Горбачев КСРО президенті қызметін тоқтататындығын жариялап, стратегиялық ядролық қаруды басқаруды Ресей президенті Борис Ельцинге тапсыру туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа қол қоймас бұрын, 1980 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы аумағында бірнеше оқиғалар орын алған еді. Елдің экономикалық және саяси өмірінің өзгеруі орталық пен егемендік алуға ұмтылған одақтық республикалар арасындағы қарама-қайшылықтың одан сайын тереңдеуіне әкеп соқты.

1990 жылы бүкіл одақтық республикалар Одақтың заңдарынан өз заңдарының басымдығын көрсететін мемлекеттік егемендік туралы декларацияларды қабылады.

КСРО-ның құлауына жол бермеу үшін 1991 жылы 17 наурызда КСРО-ны сақтау туралы референдум өткізілді. Одақтың сақтаулын дауыс беруге қатысушылардың 76,4%-ы қолдады.

Жалпыодақтық референдум нәтижесінің негізінде орталық және республикалық биліктердің уәкілетті жұмыс тобы Ново-Огарев үдерісі аясында 1991 жылғы көктем-жаз кезінде "Егемен Республикалар Одағы туралы" федерация келісімінің жобасын жасап шығарды, оған 20 тамыз күні қол қойылуы тиіс еді.

Алайда КСРО басшылығының консервативтік қанатының 1991 жылы 19-21 тамыз аралығында мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынысы салдарынан қол қойылмай қалды.

Мемлекеттік төңкерістің орындалмауы одақдық мемлекеттіліктің жаппай бұзылуына бастама болды.

1991 жылы 20 тамыз бен 27 қазан аралығында он бір одақтық республика тәуелсіздік туралы шешім шығарды.

КСРО коммунистік партиясы жойылды. Сондай-ақ, Кеңес одағы мемлекеттік билік органдарының қызметі тоқтатылды.

1991 жылы күзде Ново-Огарев үдерісінің жұмыс тобы тәуелсіз мемлекеттер конфедерациясы ретінде "Егемен Мемлекеттер Одағын" құру туралы Одақтық келісімнің жаңа жобасын дайындап шығарды. Оған алдын ала қол қою 9 желтоқсан күні өтуі тиіс болатын.

8 желтоқсан күні Ресей мен Украина президенті Борис Ельцин мен Леонид Кравчук, сонымен бірге Белоруссия Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Станислав Шушкевич Беловеж нуындағы "Вискули" үкімет резиденциясында Келісімге қол қойды. Бұл Келісім бойынша КСРО-ның ыдырауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құырлғандығы мәлімделді.

18 желтоқсан күні Михаил Горбачев Тәуелсіз Мемлекеттер достастығын құру жөніндегі Алма-Ата кездесуіне қатысқандардың бәріне хат жолдап, ТМД құрылуына көзқарасын білдірді.

1991 жылы 21 желтоқсанда Алма-Атада бұрынғы КСРО құрамына енген он бес тәуелсіз мемлекеттің он бірі 8 желтоқсан күні қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімнің Протоколына қол қойды.  

Сол күні 11 елдің басшылары ТМД-ның негізгі мақсаттары мен қағидалары бекітілген Алма-Ата Декларациясына қол қойды.

25 желтоқсан күні сағат 19:00 кезінде Михаил Горбачев қызметтен кететінін мәлімдеп, тікелей эфирде сөз сөйледі.

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құруылуына байланысты КСРО президенті қызметін атқаруды доғарамын. Бұл шешімді өз қағидаларыма сәйкес қабылдадым. Халықтардың тәуелсіздігі мен республикалардың егемендігін қолдап келген едім. Сонымен қатар, одақтық мемлекеттілік пен едің біртұтастығын сақтағым келді. Алайда оқиға мүлдем басқаша өрбіді. Мемлекеттің ыдырауын жақтайтын бағыт басым түсті, мен оған қарсы тұра алмаймын", — делінген мәлімдемеде.

Басты тақырыптар