2016 жыл: кетсең кет, тек артыңа қарама

Жаңа жыл
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik өтіп бара жатқан 2016 жылға шолу жасап, кібісе жылына жасалған үрейлі болжамдар орындалды ма, жаңажылдық тілектер жүзеге асты ма деген сұрақтарға жауап іздеді

АСТАНА, 31 жел – Sputnik. Кеше ғана 2016 жылды қарсы алуға дайындалып, абыр-сабыр болып жатқан едік. Қалай болар екен деп, жұлдыз жорамалдар оқып, жоспарлар құрдық. 2016 жыл көзді ашып жұмғанша өте шықты. Олай болса, кібісе жылы назарымызға іліккен жандар мен оқиғаларға зер салайық.

Жыл қаһармандары

2016 жылдың нағыз қаһармандары деген атаққа екі қазақстандық әбден лайық. Олардың бірі — Bek Air әуе компаниясының ұшқышы Дмитрий Родин. Ол 27 наурыз күні алдыңғы шассиі жоқ Fokker-100 ұшағын Астана әуежайына қондыра білді. Ұшақ бортында 116 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған еді. Олардың ешқайсы зардап шеккен жоқ.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Екі "Құрметті азамат" Астанада пәтерге ие болады

Екіншісі – Қайрат Үмбетов – штаб бастығы, Ұлттық гвардия "Орталық" аймақтық қолбасшылығы командирінің бірінші орынбасары. Өз өмірін қатерге тіккен полковник Үмбетов 7 сәуір күні жауынгерді граната жарылысынан қорғап қалды. Зақымдау радиусы 25 метрді қамтитын қару сарбаздан бір метр қашықтықтағы окопқа түскен. Офицердің шешімділігінің арқасында екеуі де жарқыншақ тиіп қана жарақат алды.

Жыл қаһарманы деген атқа Паралимпиада ойындарының республика тарихындағы алғашқы чемпионы Зульфия Ғабдуллина да лайық. 

Өткен жылы қазақстандықтар "үлкен" Олимпиада да жетістіктерге жетті, алайда, өкінішке орай, допинг шуы шыққаннан кейін біраз медальдерді қайтарып беруге тура келді.

Жыл дауы 

Баян Есентаева (Мақсаткызы) - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Есентаева күйеуін кешіру шешімі туралы: мен ол парақты жауып тастадым

Бірақ "жыл дауы" деген атақ олимпиадашыларға емес, музыкалық продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Есентаеваға бұйырды. Оныншы маусымда Баян соққыға жығылып, пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Қылмысты жасады деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталды. Ер адам жұбайын өлтірмек болды деп айыпталып, сексуалды сипаттағы қылмыстары үшін сотталды. Баян күйеуінен ажырасып, қыз күніндегі фамилиясын қайтарап алды. Бірақ соттан бұрынғы жұбайын бас бостандығынан айырмауды сұрады. 3 қараша күні сот Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға соттауға үкім шығарды. 

Жыл ысырабы

2016 жылы Қазақстан шахматтан әлем чемпионы, бүлдіршін қыз Бибісара Асаубаевадан айырылып қалды. Ол өз жас дәрежесі бойынша Ресейдің намысын қорғап, әлем чемпионы атағын жеңіп үлгерді. Батумиде өткен турнир нәтижесі бойынша, Бибісара Асаубаева екі үнді қызынан озып кетті. Қазір Бибісара Мәскеу облысы шахмат федерациясының мүшесі, Қазақстанға оралғысы келмейді.

Жыл заңы

Жыл заңы деген атақ Жер кодексіне енгізілген түзетулерге беріледі. "Қазақстанның Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға 2015 жылы қарашада қол қойылды, заң 2016 1 шілдеде күшіне енуі тиіс еді. Бірақ бұл өзгерістер қоғамдық наразылық тудырып, елдің түкпір-түкпірінде "жерді қытайлықтарға сатуға қарсы" митингілер өткізіле бастады. Негізінде бұл заң жерді "қытайлықтарға" немесе басқа шетелдіктерге сатуды қарастырмайтын еді. Нәтижесінде бұл заңның даулы баптарына мораторий жарияланды.

Жыл сұмдығы

Жылдың ең сұмдық оқиғасы Руслан Күлекбаевтың Алматыда полицейлерге жасаған шабуылы болды. Бұл қанды шабуылдың нәтижесінде 10 адам қаза тапты, оның екеуі қарапайым азаматтар болатын. "Алматылық атқыш" деген ат тағылған Күлекбаев өлім жазасына кесілді. Онымен бірге сыбайлас бес адам сотталды.

Судья алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа шығарылған үкімді оқып тұр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Алматылық атқыш" Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Ақтөбеде де 5 маусым күні қанды қырғын орын алды. Бір топ қаруланған адам қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жсады. Террористтердің шабуылының нәтижесінде сегіз адам қаза тапты. Қарулы күштер 18 шабуылшының көзін жойып, тоғыз адамды ұстады. Қараша соңында, сот жетеуін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, екеуін 22 және 20 жылға соттады. 

Жылдың түкке тұрғысыз оқиғасы

20 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде аты шулы бейнежазба пайда болды. Онда ер адамдардың бір-бірін балағаттап жатқан сәті түсірілген. Төбелескендердің бірі мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевке қатты ұқсайтын еді. Кейіннен Тінікеев бұл оқиғаны қалжың деп, бейнежазбадағы ер адамның өзі екенін мойындады. Әлеуметтік желілердегі бұқара халық дүр сілкініп, депутатты қызметтен кетіру керек деп шуласты.

Мұхтар Тінікеев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тінікеев аты шулы бейнеден кейін депутаттық өкілеттігінен бас тартты

Алайда көп ұзамай Тінікеев ауруханаға түсіп, бірнеше күннен соң қызметтен кету туралы өтініш жазды. Мәжілістегілер әріптестерімен тып-тыныш қош айтысты. 

2016 жыл осындай болсын деп ойладық па екен? Әлбетте, жоқ.  Бәріміз бір–бірімізге денсаулық, махаббат, елімізге тыныштық тіледік емес пе. Қай жерден қателескенімізді білмейміз, әйтеуір, айтқандарымыздың бәрі орындалмаған сияқты. Сол себепті келе жатқан Жаңа жыл түні былтырғы жіберген ағаттығымызды түзетіп көрейік! 

Жаңалықтар
0