03:51 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Кенесары Қасымов: тұлға, тағдыр, дәуір атты кітаптың тұсаукесері

Белгісіз Кенесары: соңғы қазақ ханы туралы қолжазба басылып шықты

© Sputnik / Максим Блинов
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
7010

Әкесі Кенесары хан мен ағасы Садық туралы Ахмет Кенесариннің әңгімесі аударылып, 1889 жылы Ташкентте баспадан шығаруға әзірленген, бірақ түпнұсқасы жоғалып кеткен екен. Тарихшы Илья Зайцев құжатты Тарихи мұражайдың сөрелерінен кездейсоқ тауып алады.

АСТАНА, 16 ақп — Sputnik. Мәскеуде аты аңызға айналған билеуші — қазақтың соңғы ханы мен оның серіктестеріне арналған "Кенесары Қасымов: тұлға, тағдыр, дәуір" атты кітаптың тұсаукесері өтті.  Тарих түпнұсқасының кездейсоқ табылуының арқасында тарихи еңбек өмірге келді. 

Кітап халық тарихындағы қызықты кезең туралы баяндап, Кенесары Қасымов пен Садық Кенесариннің өмірі жайлы бұрын соңды еш жерде келтірілмеген нақты деректерді ашады. Қазақтардың тарихи жадында Қасымовың тұлғасы ұмыт болып кеткен жоқ, бірақ КСРО-дағы саяси конъюктура бұл тұлғаны қабылдауға қатты әсерін тигізді. 

XX ғасыр бойы соңғы ханның бейнесі партияның бағытына байланысты біресе кертартпашыл, біресе азаттық қозғалыстың көшбасшысы ретінде өзгеріп отырды. Бұл тұлғаға қатысты аңыздардың көптігіне қарамастан, Кенесары Қасымовтың тарихын Қазақстан мектеп жасынан жақсы біледі. 

Қарапайым емес тағдырдың кітабы 

Мәскеуде Ресей мемлекеттік кітапханасының шығыс әдебиеті орталығында кітаптің  шығуына арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараны өткізуге Қазақстанның Ресейдегі елшісі жәрдемдесті. 

Тұңғыш рет Қасымовтың тарихын 1889 жылы шығыстанушы, Орталық Азия зерттеушісі Евгений Смирнов шығарған. Кейіннен кітап өмірбаяндық сиректік қана емес, әуелгі құжат жоғалған соң түпнұсқа рөлін атқара бастады. 

Әр тарихшы жүрегінің түбінде түпдеректі — неден басталғанын табуға үміттенеді. Тарихи ғылымдар докторы Илья Зайцев түпнұсқаны Мемлекеттік тарихи мұражайдан 2004 жылы кездейсоқ тауып алып, бұл жаңалығының құндылығын аңғармағанын мойындады.  

"Біз көрмелердің бірі үшін аса көрнекті үлгілерді таңдаған болатынбыз, сол кезде мен бұл мәтінге назар аудардым. Бірақ ол кезде мен Қазақстан тарихын жақсы білмейтінмін, сондықтан оның маңздылығын жіті бағалай алмадым. Оқып шығып қана бұл қолжазбаның құндылығын бағалй алдым", — дейді Зайцев. 

Зерттеушілердің әуелгі құжатпен танысуына енді ғана мүмкіндік туды. Бұл жаңалық қазақстандық ғалымдар мен тарихшылар үшін маңызды оқиға болып табылады. Ал оны жариялау – қазақ тарихының жаңа парақтарын ашу бойынша ауқымды жұмыстың жалғасы. Орталық Азия зерттеушілері үшін кенеттен үлкен зерттеу мүмкіндіктер ашылды.  

Кәсіби бақыт тарихшыны күтпеген жерден тапты, алайда әріптестері заңдылықты атап көрсетті: "Зайцев шын мәнінде қайсар және бірізді зерттеуші". 

"Ресейлік екі басты қыран үнемі екі жаққа: Батысқа да, Шығысқа да қарайтын. Жоғалып кеткен деп есептелген құжаттың аса мол байлықтар топтасқан Мәскеудегі тарихи мұражайда табылуы таңдандырмайды", — деп атап өтті шығыстанушы Игорь Абылгазиев. 

64 парақтан тұратын құжат осы жылдар бойы танымал тарихи артефактілерді жинаушы мен зерттеуші Сырдария облысы губернаторы Николай Гордеков қорының сөресінде сақталған болып шықты. 

Басты тақырыптар