05:10 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Нұр-Сұлтан қаласы

1 шілдеде Қазақстанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
1008 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 1 шілде күні болатын маңызды оқиғалар мен шаралардың тізімін ұсынады

НҰР-СҰЛТАН

08.00 – "Нұр-Сұлтан 1" темір жол вокзалына Арыс қаласынан 200 бала келеді. Олар бірінші күні "Керуен" ойын-сауық орталығындағы Happylon Arena Park, Mega Silk Way-дегі Kango батут паркі мен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар музейіне барады. "Бәйтерек" монументіне де соғады. Балалар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылады (+7 701 307 02 24 телефон нөмірі арқылы аккредитация жасауға болады).

10.00 – Astana Finance Days (AFD) қаржы форумының ашылуы (АХҚО, Мәңгілік ел даңғылы, 55 С3 - С4 блоктары. Аккредитацияны +7 7172 64 74 01 телефоны немесе pr@astanafindays.org электронды поштасы арқылы жасауға болады).

12.00 – дөңгелек үстел: Еуразия және дамушы нарықтар: сауда, инвестиция, Astana Finance Days форумы аясында тәжірибе алмасу (АХҚО, Мәңгілік ел даңғылы, 55 С3 - С4 блоктары. Аккредитация +7 7172 64 74 01 телефоны немесе pr@astanafindays.org электронды поштасы арқылы жасалады).

17.10 - AIFC Law Pro Bono Office ашылуы (АХҚО, Мәңгілік ел даңғылы, 55 С3 - С4 блоктары. Аккредитацияны +7 7172 64 74 01 телефоны немесе pr@astanafindays.org электронды поштасы арқылы жасауға болады).

АЛМАТЫ

09.00 – "Киелі Қазақстан" салт аттылар экспедициясына арналған баспасөз мәслихаты (Visit Almaty туристік хабы, Абай даңғылы, 44. Телефон:  +7 727 381 75 06, +7 702 945 01 70).

10.00 – "Киелі Қазақстан" бірнеше күндік салт аттылар экспедициясы. 25 адамнан құралған туризм саласының тәжірибелі мамандары салт атпен жүруге болатын бағыттарды анықтайды. Мақсат – Қазақстанда салт атпен жүруге болатын туристік бағыттарды дамыту. Экспедиция қорытындысы бойынша Алматы облысындағы  туристік жерлердің нақты әрі толыққанды карта әзірленеді. Салт атпен жүруге арналған бағыттар анықталады (Visit Almaty туристік хабы, Абай даңғылы, 44. Телефон:  +7 727 381 75 06, +7 702 945 01 70).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгергені және өткізілмегені үшін жауап бермейді.

Кілт сөздер:
оқиға, Қазақстан, 1 шілде
Загрузка...

Басты тақырып