Аңдатпа

Қазақстанда 4 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев ЭКСПО ауданы
 ЭКСПО ауданы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 4 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 5 және 6 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

09.30 - Astana Finance Days 2019 аясында "Бизнес &/vs Медиа" панельдік сессиясы өтеді (Астана халықаралық қаржы орталығы, блок С 3.3, "Шанхай" залы. Байланыс телефоны: +7 (701) 111 63 30).

10.00 – ҚР парламенті сенатының отырысы.

10.00 - "Еуразия астаналарының жазушылары" тақырыбында I халықаралық форум басталады (Қазақстанның ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54).

10.00 - балалар шығармашылығына арналған "Шаттық" халықаралық фестивалі ашылады (Қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 1).

11.00 – Қазақстандағы алғашқы балалар мен жасөспірімдердің қысқы фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Шара спорттың алты олимпиадалық түрі - биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру мен шорт-трек бойынша өтеді. Спикерлер – Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, ұлттық олимпиада комитетінің спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов, "Елена Хрусталева олимпиадалық қорының" жетекшісі, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева. (Велосипед спорт бойынша олимпиадалық дайындық орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 45А. Аккредитация +7 (777) 113 31 11 телефоны немесе ye.korabayeva@infores.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

12.00 – "Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі" тақырыбында дөңгелек үстел. (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Бейбітшілік көшесі, 11. Аккредитация +7 (7172) 55-72-86 нөмірі арқылы жасалады).

14.00 – Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші отырысы. Пленарлық отырыстың тақырыбы: "Адам капиталын дамыту". (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52).

15.00 – ішкі істер органдарын жаңғырту шараларына арналған баспасөз мәслихаты. Жиында ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди спикер болады. (Үкіметтің баспасөз орталығы. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10 телефоны немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 - "Астана Арт шоу 2019"-дың негізгі бағдарламасы ашылады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52).

15.00 -  Жекпе-жек Сарайының таныстырылымы. Көпфункциялы арена 5 мың көрерменге шақталған. Кешенде жекпе-жектің әр түрінен халықаралық жарыстар өтеді – бокс, күрес, дзюдо және тағы басқалары. (Аккредитация +7 (7172) 55 26 89, + 7 701 1000 102 нөмірлері немесе  d.akhmetzhanova@sk.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

16.00 – цирк өнеріне арналған "Азия жаңғырығы" халықаралық фестивалі басталады. Фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Вьетнам, Кытай және тағы басқа елдердің танымал цирк жұлдыздары қатысады (Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 (7172) 24 43 10).

19.00 – үрмелі оркестрлердің "Астана самалы" атты халықаралық фестивалі ашылады (Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатр).

19.00 – Мұқағали Мақатаевтың "Қош бол, махаббат" мелодрамасының премьерасы өтеді (Nomad City Hall-дың концерттік залы, Мәңгілік Ел көшесі, 55/2, B2-3).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – баламалы энергетика саласы қызметкерлерінің I халықаралық іскерлік фестивалі ("Риксос-Бурабай" қонақүй кешені, Бурабай курортық аймағы. Байланыс телефоны +7 (777) 214 0171, аккредитацияны +7 (7172) 72 06 33, +7 (705) 330 28 86 телефондары немесе l.ashimzhanova@mfa.kz мен krg1234567/@mail.ru электронды поштасы арқылы жасауға болады).

5 шілде күні өтетін шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент палаталарының бірлескен отырысы (Мәжіліс үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 2, баспасөз қызметі: +7 (7172) 74 63 05, +7 (7172) 74 63 01).

10.00 – Поэзия мен кітап мейрамы (Абай мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы Абай ескерткішінің маңында).

10.00 – Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдарының шоу-концерті (Оқушылар сарайы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5).

12.00 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі ("Атамекен" этно-мемориалдық кешені, Қорғалжын тас жолы, 2/1. Аккредитация press@astana.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

14.00 – ғарышқа екі рет ұшқан NASA астронавты Мэри Эллен Вебердің баспасөз мәслихаты. Мэри Вебер NASA-ның технологиялар мен инновациялар комитетіне кіреді. Бұдан бөлек, Stellar Strategies компаниясының негізін қалады. Бүгінде стратегиялық коммуникациялар бойынша кеңес беріп жүр (Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігі, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 3. Аккредитация astanapress@america.gov электронды поштасы арқылы жасалады).

17.00 – этникалық музыкаға арналған The Spirit of Eurasia халықаралық фестивалі (ЭКСПО аймағындағы жазғы сахна. Байланыс телефондары: +7 (707) 840 0373, +7 (705) 565 6622).

18.00 – көше биіне арналған International Street dance Session in Astana халықаралық фестивалі басталады. Жарыс 32 аталым бойынша өтеді. Оған Қазақстанның және шетелдің үздік бишілері мен хореографтары қатысады. Ал қазылар алқасына Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер сынды әншілермен жұмыс істеген мамандар кіреді (Әкімдіктің жанындағы орталық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11, байланыс телефоны: +7 (705) 670 68 99)

АЛМАТЫ

18.30 – бокс кеші өтеді. Ал басты жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (25-0) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – доминикан Хулио де Хесус (27-1). Бұдан бөлек, Мадияр Әшкеев (12-0), Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) сынды қазақтандық боксышалар шаршы алаңға шығады. Жалпы, турнир кезінде 11 жекпе-жек ұйымдастырылады. (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44).

6 шілде күні өтетін шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - М. Ташпеновтың "Көңілді гномдар" спектаклінің премьерасы өтеді (қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 5).

17.00 - "Нұр-Cұлтанның болашақ жұлдыздары" кәсіби бокс кеші ("Барыс Арена" мұз айдыны, Тұран даңғылы, 57).

17.00 – The Spirit of Eurasia халықаралық этникалық музыка фестивалінің екінші күні (ЭКСПО аймағындағы жазғы сахна, байланыс телефондары: +7 (707) 840 0373, +7 (705) 565 6622).

АЛМАТЫ

11.00 - Technarium ғылыми жәрмеңкесі ("Форум" сауда ойын-сауық орталығы, Сейфуллин көшесі, 617).

18.00 – Rap Battle Almaty (Motor Club, 4 шағын ауданы, 1А ғимараты. Байланыс телефоны: +7 (700) 187 58 44).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0