04:24 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Өскемен, қала келбеті

Қазақстанда 9 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
192 0 0

Sputnik Қазақстан 9 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 10 және 11 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

 09.00 – ҚР үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде – "қарапайым заттар экономикасы" мәселелері, 2023 жылға дейін Шымкент қаласын дамыту және салудың кешенді жоспары. (Аккредитация +7 (7172) 75 00 10 телефоны немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 - "Баршаға арналған шахмат" жобасының презентациясы. Жоба "Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы" және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бастамасымен жүзеге асырылмақ. (Pekin Palas қонақ үйі, Сығанақ көшесі, 27. Байланыс телефоны +7 702 612 08 08).

12.20 - "Шетелге демалысқа баратындарға ұсыным", "Елдегі эпидемиологиялық жағдайды қамту" тақырыптарындағы баспасөз конференциясы (Орталық коммуникациялар қызметі.  Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады)

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

11.00 - Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының сайлаушылармен кездесуі (Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115. Байланыс телефоны +7 705 442 66 57).

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

12.00 - Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының "Силумин-Восток" инжинирингтік компаниясы ұжымымен кездесуі. Депутаттар сондай-ақ IT-технологияларды оқыту орталығының ашылуына қатысады. (Өскемен қаласы, Абай көшесі, 102. Байланыс телефоны +7 702 906 15 27).  

15.00 - депутат Нұртай Сабильянов Шар қаласының тұрғындарымен кездеседі (Шар қаласы, Қабанбай көшесі, 124).

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

15.00 - Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының кездесуі (Байланыс телефондары +7 708 697 87 44, +7 (7142) 39 07 85).

10 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.30 – Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ауылшаруашылығы техникасына утилизациялық алым енгізу бастамасына арналған брифинг. Шарада, сондай-ақ, оның азық-түлік бағасына әсері де талқыланады (Hilton Garden Inn қонақ үйінің мәжіліс залы, Қабанбай батыр, 15).

10.00 –  "Орхусс конвенциясын Қазақстанда жүзеге асыру" тақырыбына арналған ұлттық дөңгелек үстел. Шарада келесі тақырыптар талқыға салынады: Қазақстандағы Орхусс қозғалысының 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары, Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы интерактивті баяндама әзірлеу, ҚР Экология кодексінің жобасын әзірлеудің жай-күйі, Қазақстан заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласында сот төрелігіне қолжетімділік мәселелері, қоршаған ортаға әсерді бағалау және стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін жетілдіру. ("Park Inn By Radisson" қонақ үйі, Сарыарқа, 8 даңғылы. Аккредитация бойынша +7 701 990 92 26 нөміріне хабарласуға болады)

АЛМАТЫ

14.30 – "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшылығы банктің купондық облигацияларын орналастыру бойынша инвесторлармен кездеседі ("Almaty Towers" кешені, Байзақов көшесі, 280.  customers@kase.kz  поштасы арқылы аккредитация жасауға болады)

11 шілде күніне жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13:00 – Қостанай облысының Краснооктябрь учаскесіне пресс-тур ұйымдастырылады. Ол жерде мырыш кенін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қозғалыс схемасы: Нұр-Сұлтан – Қостанай, Қостанай – Қамысты және Таран аудандары (Жиналатын орын: "Москва" бизнес орталығы, Достық көшесі, 18, +7 701 701 01 34 телефон нөмірі немесе press_kazgeolog@mail.ru электронды поштасы арқылы аккредитация жасауға болады).

АЛМАТЫ

10.00 – Жастар денсаулық орталықтарын дамытумен айналысатын ресурстық орталықтың ашылуы (Төреқұлов көшесі, 73. Аккредитация + 7 701 765 40 10 нөмірі немесе teltayeva@unfpa.org электронды поштасы арқылы жасалады).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

12. 00 – мыс кен орнын іздеуге арналған инновациялық геофизикалық технология іске қосылады. Дронмен аэромагниттік түсірілім жасалады. Сондай-ақ, мыс кен орнын анықтауға арналған "OneVision IP"  зондтаудың жаңа технологиясы қолданылады ( Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Озерное учаскесі, Қарағандыдан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км жерде).

Тақырып бойынша

Қазақстанда 3 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады
Қазақстанда 4 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады
Қазақстанда 5 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады
Қазақстанда 6 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып