Аңдатпа

Қазақстанда 12 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТриатлоннан Азия кубогы
Триатлоннан Азия кубогы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 12 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 13 және 14 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

11.00 –  "Жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы" тақырыбымен баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға Қазақстанның қаржы вице-министрі Қанат Баедилов қатысады (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 немесе press.kpm@mail.ru поштасы арқылы жасалады).

10.00 – IRONMAN 70.3 Astana аясында спорттық  EXPO жәрмеңкенің ашылуы (Астана Триатлон саябағы).

11.30 – пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты (Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Байланыс нөмірі +7 701 979 90 01, pr@paralympic.kz электронды поштасы).

12.30 – пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылуы. Әлем біріншілігіне 79 елден 450-ден астам атлет қатысады. Қазақстан құрамасы әр салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Ел құрамасының құрамында Рио-2016 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия пара ойындарының жүлдегерлері Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбану Әбдіқалықова сынға түседі (Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Байланыс нөмірі +7 701 979 90 01, pr@paralympic.kz электронды поштасы).

15.00 – "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобасының ресми ашылуы. Шарада индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында жоба жарғысына қол қойылады (Transport Tower ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. Аккредитация +7 (7172) 98 33 54 нөмірі арқылы жасалады).

19.00 – "Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар" концерті. Қазақ музыкасы кешінің концерттік бағдарламасына халық әндері, сал-серілердің (Ақан сері, Біржан сал, Естай және басқалары) әндері, отандық сазгерлердің вокалдық және аспаптық туындылары, ұлттық опера классикасының ариялары енген ("Астана Опера" театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

19.00 – триатлоннан халықаралық IRONMAN 70.3 Astana жарысының ашылу салтанаты (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 2).

АЛМАТЫ

18.00 – Bubble Food Festival тамақ пен шарап фестивалі. Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтар Алматының үздік гастрономиялық жобаларымен танысуға мүмкіндік алады. Қала жұртшылығына екі күн бойы көше тағамы мен сусындар таныстырылады. Сондай-ақ, фестиваль аясында сомелье шеберлік сағатын өткізіп, француз джаз әртісі Mr.Melvin қазақ және француз тілдерінде ән шырқайды (Esentai Square, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).

13 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Көрмеге астанадағы 100-ден астам компания қатысады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс-холл), Кенесары көшесі, 3).

17.00 – "Нонак"  корей дәстүрлі өнерінің концерті (Есіл жағалауындағы амфитеатр, орталық саябақ). Шараға кіретін билетті Корей мәдени орталығынан алуға болады (Иманов көшесі, 13, "Нұрсәулет-2" бизнес орталығы).

АЛМАТЫ

09.00 – жүгіру жаттығулары басталады. Оған кез келген адам қатыса алады. Ашық жаттығу қазан айының соңына дейін "Атакент" орталығының саябағында әр сенбі күні өтеді ("Атакент", Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны: +7 701 705 15 00).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

12.00 – Baqytty Bala 2019 балалардың вокалдық фестиваль-байқауының финалистері өнер көрсетеді ("Өнер орталығы" концерт залы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90Б. Байланыс телефондары:  +7 775 574 30 34, +7 747 876 7565).

14 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

06:50 – триатлоннан халықаралық IRONMAN 70.3 Astana қатысушылары жарысты бастайды (Астана Триатлон саябағы).

АЛМАТЫ

16.00 –  Woman Insight әйелдер фестивалі ("Бақшасарай" салтанат сарайы", Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны +7 727 339 02 88).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

18.00 – балаларға арналған вокалдық Baqytty Bala 2019 фестиваль-байқауының гала-концерті (Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90Б, "Өнер орталығы" концерт залы. Байланыс телефоны: +7 775 574 30 34, +7 747 876 7565).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0