Аңдатпа

Қазақстанда 13 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев"Астана марафон"
Астана марафон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 13 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 14 және 15 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

13 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Көрмеге астанадағы 100-ден астам компания қатысады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс-холл), Кенесары көшесі, 3).

17.00 – "Нонак"  корей дәстүрлі өнерінің концерті (Есіл жағалауындағы амфитеатр, орталық саябақ). Шараға кіретін билетті Корей мәдени орталығынан алуға болады (Иманов көшесі, 13, "Нұрсәулет-2" бизнес орталығы).

АЛМАТЫ

09.00 – жүгіру жаттығулары басталады. Оған кез келген адам қатыса алады. Ашық жаттығу қазан айының соңына дейін "Атакент" орталығының саябағында әр сенбі күні өтеді ("Атакент", Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны: +7 701 705 15 00).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

12.00 – Baqytty Bala 2019 балалардың вокалдық фестиваль-байқауының финалистері өнер көрсетеді ("Өнер орталығы" концерт залы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90Б. Байланыс телефондары:  +7 775 574 30 34, +7 747 876 7565).

14 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

06:50 – триатлоннан халықаралық IRONMAN 70.3 Astana қатысушылары жарысты бастайды (Астана Триатлон саябағы).

АЛМАТЫ

16.00 –  Woman Insight әйелдер фестивалі ("Бақшасарай" салтанат сарайы", Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны +7 727 339 02 88).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

18.00 – балаларға арналған вокалдық Baqytty Bala 2019 фестиваль-байқауының гала-концерті (Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90Б, "Өнер орталығы" концерт залы. Байланыс телефоны: +7 775 574 30 34, +7 747 876 7565).

15 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – әуе нарығын дамытуға арналған "RoutesSilkRoad 2019" форумының баспасөз мәслихаты өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация +7 (7172) 76 86 18, +7 702 220 33 88 телефондары бойынша жасалады).

10.00 – Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

10.00 - "RoutesSilkRoad 2019" форумы (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация +7 (7172) 76 86 18, +7 702 220 33 88 телефондары бойынша жасалады).

11.00 - I Run Kazakhstan жобасына арналған баспасөз мәслихаты. I Run Kazakhstan жобасының жартысы аяқталуға жақын. I Run Kazakhstan  - жүгіру жобасы. Алматылық Александр Габченко 14 өңірде ойлы-қырлы жерлерде жүгіруді мақсат еткен. Автордың айтуынша, I Run Kazakhstan жобасы Қазақстанды жаңа қырынан танытады (QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің штаб-пәтері, Абай даңғылы, 22. Аккредитацияны +7 702 891 70 05, +7 (7172) 99 93 36 телефондары бойынша жасауға болады).

12.00 – ATP Challenger және ITF Women's  "Президент кубогы 2019" теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры -  215 000 АҚШ доллары. Кубокта Қазақстанның намысын Александр Недовесов, Андрей Голубев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская мен Жібек Құламбаева қорғайды. Негізгі матчтар шілденің 15-і күні басталады. Турнирдің ресми ашылу салтанаты 16 шілде күні өтеді. Жеңімпаздар 21 шілде күні марапатталады (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы, 4/2).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0