13:37 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Теннис добы

Қазақстанда 16 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

CC0
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Sputnik Қазақстан 16 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 17 және 18 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

16 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Routes Silk Road 2019 әуе бағдарларын дамыту форумы. Оның басты мақсаты – ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері үшін әуе бағдарларын әзірлеу, форум 17 шілдеге дейін созылады  (Тәуелсіздік даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, 52).

11.00 - бокстан "Қазақстан президенті кубогы" VII халықаралық турнирінің ресми ашылуы. 20 шілдеге дейін созылатын сайыста 13 елдің өкілдері бақ сынайды. Турнирге Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан және Тәжікстаннан барлығы 123 ер мен 33 боксшы әйел қатысады деп жоспарланып отыр ("Дәулет" СК (Ұлттық теннис орталығы), Тұран даңғылы, 4/2).

12.00 – бокстан "Қазақстан президенті кубогы" VII халықаралық турнирі басталады.

14.00 – ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына бес жыл толуына орай бильярд спортынан өтетін "Свободная пирамида" әлем біріншілігі қарсаңында Мәскеу-Нұр-Сұлтан-Бішкек-Кишинев-Минск бейнекөпірі өтеді. 7-14 тамыз аралығында Ыстықкөл жағасында өтетін чемпионатты Қырғызстан үкіметінің қолдауымен Еуразиялық экономикалық комиссия, Халықаралық пирамида конфедерациясы ұйымдастырады (Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз мәслихаты, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35. Аккредитация  +7-701 512 08 15 телефоны немесе a.sultanova@sputniknews.com электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 – "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" брифинг. Шарада "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" қолданыстағы бұйрықты орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтылады ( "Транспорт Тауэр", Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. Аккредитация +7 (7172) 93 33 51, 93 33 54 немесе 241704@bk.ru поштасы арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

10.00 – Алматының бас ботаникалық бағына пресс-тур ұйымдастырылады. Спикерлер: Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнәр Ситпаева, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов (Ботаникалық бақ, Тимирязев көшесі, 48. + 7 727 321 04 62, + 7 777 731 99 33 нөмірлері бойынша аккредитация жасауға болады).

11.00 – биржа нарығының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылауға арналған KASE-тің баспасөз мәслихаты. Спикерлер: KASE басқарма төрағасы Алина Алдамберген, KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк (Алматы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпбейінді кешенінің солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы).

16.00 – OneWeek жобасының аяқталу құрметіне баспасөз мәслихаты өтеді. Жоба аясында Оңтүстік Кореяның IT-мамандары Кеген ауданының фермерлері үшін бір апталық тренинг өткізген еді (Novotel Almaty City Center, Достық даңғылы, 104а. Аккредитация  +7 (701) 538 14 22 нөмірі бойынша жасалады).

ҚАРАҒАНДЫ

12.00 –  "Tengri Bank" АҚ жаңа қызмет көрсету орталығының ресми ашылуы. Салтанатты шараға Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар, банк басқармасының төрағасы Динеш Кумар, сондай-ақ, әкімдік өкілдері, клиенттер мен серіктестер қатысады (Нұркен Әбдіров даңғылы, 19).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - "Мяу, Гав және Чик-Чирик" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 - "Қыз Жібек" операсы өтеді. "Астана Опера" театрының сахнасында қойылатын операның жаңа музыкалық редакциясының авторы, қоюшы-дирижері – Абзал Мұхитдинов (Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 - "Ортақ ғаламшар" шоуы ұйымдастырылады ("Немо" Алматы дельфинарийі).

16.00 – Бухгалтерлер клубының XXXV кездесуі. Клубты Алматы қаласындағы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы құрған (Алматы, Абай даңғылы, 14 (Абылай хан көшесімен қиылысында), ҚР Ұлттық кітапханасы, 1 қабат, Көрме залы. Байланыс телефоны: 8 (701) 943-20-21).

18 шілдеге жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.30 - "Қайрат" футбол клубының УЕФА Еуропа лигасының алғашқы квалификациялық матчы өтеді. Алматы аренасында Босния және Герцеговинаның "Широки Бриег" ФК мен "Қайрат" клубының футболшылары өнер көрсетеді (Орталық стадион, Абай даңғылы, 48/1).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, Қазақстан, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып