Аңдатпа

Қазақстанда 17 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев Виды столицы
 Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 18 және 19 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша "Тұрмысы төмен отбасыларға баспана алу үшін несие беру" елордалық тұрғын үй қорының жолдамасын алуға өтініштер қабылдау. Жолдама алуға өтініштер биыл 31 шілдеге дейін созылады (І кезең). Еске сала кетсек, бағдарламаға келесі санаттағы кезекте тұрғандар қатыса алады: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе асырап отырған отбасылар. Бұдан бөлек, бағдарлама шарты бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы кіріс көлемі 42500 теңгеден аспауы тиіс, несиенің ең жоғары сомасы – 15 миллион теңге, несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін, бастапқы жарна – баспана құнының 10 проценті (Толық мәліметті Instagram-дағы @zhilfond_nursultan парақшасынан біле аласыз).

11.30 – iQala қалалық қызмет көрсету орталығында Ашық есік күні. Кез келген адам "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ бағдарламалары мен жобалары туралы толық мағлұмат ала алады: "1000 орын. Көшедегі сауда" бағдарламасының шарттары мен талаптарын, керекті құжаттар тізімі мен қабылдау мерзімін білуге; инвестициялық жобалармен танысуға; коммерциялық және әлеуметтік жобалар үшін кеңсе жалдау туралы мәлімет алуға; iQala орталығы көрсететін қызметтер туралы білуге болады. Astana корпорациясының қызметкерлері бағдарламалар мен жобаларға қатысу шарттарын түсіндіріп, өтініштер қашан қабылданатынын, қандай құжаттар қажеттігін айтып береді (iQala қалалық қызмет көрсету орталығы, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 29. Байланыс телефондары: +7 (7172) 55 28 28, +7 701 771 41 73).

12.00 - "Мяу, Гав и Чик-Чирик" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

15.00 – Қазақстанның әр өңіріндегі жастардың интеграциясы мен жастар арасында ішкі туризмді дамыту идеологиясына бағытталған JASTAR KERÝENI республикалық жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов, "Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығы" ҰАҚ басқармасының төрағасы Бәтима Мукина, жағдайлық маркетинг және арнайы жобалар департаментінің директоры Даниел Сержанұлы (Орталық коммуникациялар қызметі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 нөмірі немесе  sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

16.20 - ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру жиынының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты (Орталық коммуникациялар қызметі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 нөмірі немесе  sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

19.00 - "Қыз Жібек" операсы өтеді. "Астана Опера" театрының сахнасында қойылатын операның жаңа музыкалық редакциясының авторы, қоюшы-дирижері – Абзал Мұхитдинов (Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – "Almaty Nomad саяхатшылар клубы" АҚ "Туған жер: путешествие по родным краям" жобасының тұсаукесері. Клуб мүшелері  Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына айрықша жастар турларын ұйымдастырғалы отыр (Алматы қаласының туристік хабы, Балуан Шолақ атындағы сарайы, Абай даңғылы 44 . Аккредитация +7 705 915 67 67 нөмірі арқылы жасалады).

12.00 - "Ортақ ғаламшар" шоуы ұйымдастырылады ("Немо" Алматы дельфинарийі).

12.00 – "Тәуелсіз өмір: Қазақстандағы және әлемдегі ақыл-есі кем адамдар" баспасөз мәслихаты. Баспасөз мәслихатына қатысушылар: Мүгедектердің әлеуметтік қызметшілері мен волонтерлер қауымдастығының президенті Хәкімжанова Гүлнәр, "Азамат әлеуеті" жекеменшік қайырымдылық қорының президенті, менталдық денсаулық саласындағы үкіметтік емес ұйымдар коалициясының басшысы Сейсенова Алмагүл, "Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры Дәнипа Искакова, Сорос-Қазақстан қорының өкілі Шәкенова Айнұр (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58-ші үй, "САТТI" тұрғын үй кешені).

16.00 – Бухгалтерлер клубының XXXV кездесуі. Клубты Алматы қаласындағы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы құрған (Алматы, Абай даңғылы, 14 (Абылай хан көшесімен қиылысында), ҚР Ұлттық кітапханасы, 1 қабат, Көрме залы. Байланыс телефоны: 8 (701) 943-20-21).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

10.00 – Ақтөбе облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың кеңейтілген отырысы. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин атқарған қызметі мен берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп береді (Байланыс телефондары: +7 (7132) 56 82 72, 54 45 93).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

15.00 – Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің отырысы (Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің палатасы, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29. Аккредитация +7 775 910 57 37 нөмірі немесе f.aulbaeva@atameken.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

18 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған "Қазақтану – ел бірлігінің негізі" ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Ғылыми конференцияға Қазақстанның мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, парламент депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптау тобының мүшелері (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы көшесі, 24/9. Аккредитация +7 778 873 57 99 нөмірі арқылы жасалады).

19.00 – Ресейдің халық әртісі Олег Погудиннің концерті. Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі және Қазақстандағы Орыс Православ шіркеуінің Митрополь округінің қолдауымен ұйымдастырған. "Избранное" бағдарламасы Отбасы, махаббат және адалдық күніне арналған (Қасиетті Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, Күйші Дина көшесі, 27).

АЛМАТЫ

19.30 - "Қайрат" футбол клубының УЕФА Еуропа лигасының алғашқы квалификациялық матчы өтеді. Алматы аренасында Босния және Герцеговинаның "Широки Бриег" ФК мен "Қайрат" клубының футболшылары өнер көрсетеді (Орталық стадион, Абай даңғылы, 48/1).

19 шілдеге жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағының баспасөз мәслихаты.  Тақырыбы – "Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының 2019 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмысының қорытындысы". Спикер: "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің стратегиялық жоспарлау бойынша директоры Артур Мискарян ("Интерфакс-Казахстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Кұрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация +7 (727) 250 35 28,+7 777 300 16 95 нөмірлері немесе press2@interfax.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

12.30 –"Как лечить львиный страх" балалар спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 104).

16.00 – OneWeek жобасының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты. Бұл жоба аясында Оңтүстік Кореяның IT мамандары Кеген ауданы фермерлеріне озық ақпараттық технологиялар туралы тренинг өткізген болатын. Волонтерлер жоба туралы толық мәлімет беріп, қазақстандық малшыларға жоғалған жануарды бірнеше секундта табуға мүмкіндік беретін инновациялық туынды жайлы айтады (Novotel Almaty City Center, Достық даңғылы, 104а. Байланыс телефоны: +7 701 538 14 22).

17.00 – Қазақстандағы ірі халықаралық фестиваль – FOURЭ 2019 баспасөз мәслихаты. 2018 жылы FOURЭ фестиваліне 10 000 адам келді. Биыл Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ және Еуропа елдерінің 12 000 тұрғыны келеді деп жоспарланған.  Елдің ең ауқымды Open Air жобасы былтыр ТМД-ның үздік үштігіне енді. Фестиваль аумағында темекі тартып, ішімдік ішуге болмайды (Атриум сауда орталығы, Наурызбай батыр, 7Б. Аккредитация +7 707 879 00 53 нөмірі арқылы жасалады).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0