Аңдатпа

Қазақстанда 9 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевФонтаны в Алматы
Фонтаны в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 9 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 10, 11 және 12 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – NH15-K құтқару капюшондарын шығаратын жаңа Akbarys Protection зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, "ТеңізШевройл" компаниясының бас директоры Имер Боннер, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б. в." компаниясы бас директорының орынбасары Марат Кәрімов, Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің, министрліктердің өкілдері қатысады. ("Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы, Аккредитация +7 (776) 112 19 93 және kinayat@technopolis.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында "Ак Барыс" – "Нефтехимик" командалары кездеседі. ("Барыс Арена" мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

17.00 – кәсіби мереке қарсаңында құрылысшылар марапатталады. Марапаттау рәсімі аясында Қазақстан эстрада жұлдыздары, КВН ойыншылары өнер көрсетеді. Мерекелік фуршет ұйымдастырылады. (Rixos President Astana қонақ үйі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7. Байланыс телефондары +7 (775) 327 93 58).

19.00 – "Астана Операдағы" музыкалық демалыс" №2 концерті өтеді. Концертте беделді отандық және шетелдік музыка университтерінде оқып жүрген талантты қазақстандық студенттер өнер көрсетеді. ("Астана Опера" театры, камер залы).

19.00 – Қазақстанда Q-pop жанрының негізін қалаушы "91" (Ninety one) тобының концерті өтеді. Шара аясында топ әншілері фанаттарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ олар өз иглздарына қолтаңба беріп, фотоға түседі. (Сауран көшесі 46, Конгресс орталығы).

19:30 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында "Салават Юлаев" – "Автомобилист" командалары кездеседі. ("Барыс Арена" мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

АЛМАТЫ

10.00 – Atakent паркі аумағында "Журналистер аллеясының" ашылу салтанаты өтеді. Шара аясында 60 алма көшеті отырғызылады. (Atakent паркі аумағы, Тимирязев көшесі, 42, Байланыс телефондары +7 (775) 896 54 84).

10.00 – "Долгое эхо" көркем фильмінің кастингісі өтеді. Фильм польшалық жазушы, Қазақстанға жер аударылған Адольфа Янушкевичтың өмірін баяндайды. Басты және эпизодтық рөлдерге 5-14 жастағы ұлдар мен қыздар, 15-20 жастағы жасөспірімдер, 21-ден 65 жас аралығында ерлер мен әйелдер қажет. (Ер адам атқа міне білуі керек). Кастингке барлық ұлт өкілінің әртістері қатыса алады. Сондай-ақ кастингке қатысу тегін. ("Қазақфильм" киностудиясы, Әл-Фараби даңғылы 176, Байланыс телефондары +7 (727) 302-16-71).

13.00 – "На грани" фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Шараны AFEW Kazakhstan қоры ұйымдастырады. Оның мақсаты – сотталғандар туралы қоғам арасындағы жағымсыз пікірді өзгерту. Фотокөрме 19 тамызға дейін жұмыс істейді. (SmArt.Point, Байзақов көшесі 280, Байланыс телефоны: +7 701 800 14 34).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

09.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Сенімді қабылдау" сайысының үшінші кезеңі өтеді. "Вертикальді телеграф кілті арқылы хабар беру" жаттығуы жасалады. 22.00 – "Фонорик арқылы Морзе әліппесінің таңбаларын көрсету" жаттығуы өтеді. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары "АрМИ 2019" тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10:00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Зеңбіректен ату шебері" сайысы "Дербес жарысының" бірінші кезеңі өтеді. Осы күні сағат 21:00-ден 01:00-ге дейін "Түнгі спринт" сайыстың екінші кезеңі ұйымдастырылады. Мина атқыш жасақтардың жарысына 11 ел қатысады – Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

Солтүстік Қазақстан облысы

10.00 –"Сүт шикізатының қауіпсіздігі – ұлт денсаулығының кепілі" тақырыбында брифинг өтеді. Шараға Қазақстан сүт одағының басшылығы, ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері мен сарапшылар қатысады. (Петропавл қаласы, "Есіл" іскерлік үйі, Абай көшесі 29, офис 101. Аккредитация +7 777 020 12 60 немесе y.amangeldi@infores.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында "Нефтехимик" – "Салават Юлаев" командалары кездеседі. ("Барыс Арена" мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

17:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында "Автомобилист" – "Барыс" командалары кездеседі. ("Барыс Арена" мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

19.30 – Жүрек саулығы айы шеңберінде жыл сайынғы қайырылымдық вело шеруі өтеді. Шара аясында Moldanazar тобының концерті өтеді. Велошеруге 16 жастан жоғары адамдар қатыса алады. Велошеруге жүрек орталығының сайты www.hcenter.kz арқылы тіркелуге болады. (Спорттық шара Тұран даңғылы 38, "Ұлттық ғылыми кардио орталығы" АҚ-ның көлік тұрағынан басталады. Байланыс телефондары +7 (7172) 55 69 71).

22.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Бүркіт аңшылығы" сайысының екінші кезеңі өтеді (№1 жаттығу "Табу және көзін жою"). Пилотсыз ұшатын аппараттар кешендері жасақтарының жарысына 5 мемлекет қатысады: РФ, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай. (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

АЛМАТЫ

10.00 – "Песочница" арт-фестивалі өтеді. (Аул Resort этно-кешені, Іле Алатауының баурайы, Алматы – Бішкек тасжолының жоғарғы бөлігі. Байланыс телефондары +7 (708) 212 70 01, +7 (701) 733 63 79).
19.00 – Velo Almaty вело шеруі өтеді. Спорттық шара Алматы қаласы әкімдігінің және "Алматы Спорт" қоғамдық ұйымының қолдауымен өтеді, әрі қалада көлік қозғалысы шектелмейді. Велошеру 7 шақырымды құрайды. (28 гвардияшылар паркі, байланыс телефондары +7 (777) 240 0933).

11 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13:00 - Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында "Автомобилист" – "Ак Барс" командалары кездеседі. ("Барыс Арена" мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

17:00 - Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында "Салават Юлаев" – "Барыс" командалары кездеседі. ("Барыс Арена" мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – Орталық Азиядағы ең ірі Race Nation Kazakhstan спорттық шарасы өтеді. ("Алатау" стадионы, Солдатское шатқалы, Байланыс телефондары +7 705 602 42 49).

14.00 – қазақтың ұлттық тағамдары мен тарихи костюмдеріне арналған фестивальдің ашылу салтанаты өтеді. Шара 11-17 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Фестивальге қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Ұлы дала халықтарының ұмыт болған ас рецептілерімен таныса алады. Сондай-ақ қонақтар қазақ ұлттық киімдерінің қалай тігілетінін біле алады. (Үшқоңыр үстіртінің етегі, Nomad этноорталығы, Байланыс телефондары +7 (777) 781 55 99).

12 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – 12 жасқа дейінгі балалар арасында командалық теннистен Азия біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді. Шараға 15 мемлекет: Қазақстан, Йемен, Ливан, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Непал, Тайланд, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Иран, Филиппины, Индонезия және Тайвань қатысады.
Теннистен Қазақстан намысын Полина Слепцова, Зара Даркен, Іңкәр Дүйсебай, Әмір Омарханов, Артем Сидоров, Ерасыл Бахтияр қорғайды.

10.00 – Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, Батыс-Азия өңірінде теннисті дамыту ITF комитетінің мүшесі Амир Боргей (Иран), турнир директоры Айя Оспанова, турнирдің судьясы Антон Игнатченконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы 4/2, Байланыс телефондары +7 702 842 77 47).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0