Аңдатпа

Қазақстанда 14 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 14 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 15-18 тамыз аралығында болатын оқиғалар туралы біле аласыз

14 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "ҚАМҚОР GREEN" жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты. Жобаның негізгі мақсаты - қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-қатынасты халық арасында кеңінен насихаттау. Шара барысында "Жасыл" экономика мен G-Global-ды дамыту үшін коалиция" ЗТБ мен "Қамқор Менеджмент" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. ("Атамекен" ҰКП баспасөз орталығы, Қонаев көшесі, 8. Аккредитация бойынша +7 (778) 456 09 99 телефонына хабарласуға болады).

14.30 - "Қазақстан Республикасындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру" тақырыбындағы конференция. Спикерлер: қаржы вице-министрі Қанат Байеділов, ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев, мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев, Қазақстанның салық төлеушілері қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова. ("Конгресс-центр ЭКСПО" концерт залы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 70 99 48 және +7 (7172) 71 85 67 телефондары арқылы жасалады).

15:00 - "Квазимемлекеттік секторда мемлекеттік сатып алуларды өткізу тәртібін жетілдіру шаралары" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев. Баспасөз мәслихатының тікелей эфирі PrimeMinister.kz, YouTube-тағы ресми арнада және Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерде көрсетіледі. (Үкіметтің баспасөз орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10 телефоны немесе press.kpm@mail.ru электронды пошта арқылы жасалады).

15.30 – Отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған "Қарапайым заттар экономикасы" атты бағдарлама талқыланады. Оған бюджеттен 600 миллиард теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша берілетін кредиттердің мөлшерлемесі 6 процентті құрайды. Брифингке Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі Ерлан Бекмырзаев, "Даму" қорының аймақтық директоры Нұрсұлтан Абдолла және кәсіпкерлер палатасының аймақтық директоры Алмат Жүнісов қатысады. (Бейбітшілік көшесі, 11. Байланыс телефоны +7 (707) 926 07 96).

АЛМАТЫ

10.00 - 1 Million Cups шаралар тізбегі басталады. Оны MOST бизнес-инкубаторы Asian Development Bank және Qaztech Ventures қолдауымен жүзеге асырмақ. Әр сәрсенбі сайын өтетін шарада стартаперлер сөз сөйлейтін болады. 14 тамыздағы күн тәртібінде - "Тұрақты туризм". (Costa Coffee кофеханасы: Kaisar Plaza сауда және ойын-сауық орталығы, Желтоқсан көшесі, 115, Бөгенбай батыр көшесімен қиылыста).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

11.00 – Халықаралық армия ойындары-2019 аясында "Сұңқарды аңға салу" байқауының "Эстафета" үшінші кезеңі. Сайысқа бес мемлекет – Ресей, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай қатысады (Қазақстанның қарулы күштері "Отар" 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

15 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалі ашылады. Фестивальді елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен "Современник" халық жастар театры ұйымдастырады (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

16.00 – Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндері аясында "Ғажайып Үндістан: көркінен көз сүрінетін плюралистикалық мәдениет" атты фотокөрме өтеді. Көрме 19 тамызға дейін жұмыс істейді (Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі 11).

17.30 – Үнді мәдени фестивалі өтеді. Шара аясында Свами Вивекананди атындағы мәдени орталықтың оқытушылары мен студенттері арнайы мәдени іс-шара ұйымдастырады. Сондай-ақ йога ұстазы Трилока Нараяна Тарака арнайы мастар-мастер класс өткізеді. Сонымен қатар Арбат-Астана аумағында үнді косметикасы және шайы сатылады. (Арбат-Астана, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының маңы, Әзірбайжан Мәмбетов 1).

19.00 – Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндері аясында "Үндістан дәмі: үнді асханасының фестиваль" шарасының ашылу салтанаты өтеді. (The St. Regis Hotel қонақ үйі, Қабанбай батыр, 1).

АЛМАТЫ

10.00 - "Four 2019" X мерейтойлық эко-этно фестивалі. Аталған шара аясында сан алуан спорттық және шығармашылық шаралар ұйымдастырылады. Үш күн бойы кешке қарай шетелдік және отандық әншілердің қатысуымен музыкалық концерттер өтеді. (Алматыдан 35 шақырым шалғай орналасқан Almaty Horse&Polo Club ат спорты кешені. Байланыс телефоны +7 (708) 624 3135).

12.00 - "Шымбулақ" тау-шаңғы курортының 65 жылдығына арналған пресс-бранч. Шарада курортты дамыту және туристерді көптеп тарту жоспарлары қаралады. ("Шымбулақ" курорты, S.N.e.G. рестораны, Аккредитация +7 (707) 610 36 22 телефоны бойынша жасалады).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 - Халықаралық армия ойындарының жабылу салтанаты. Биыл осы жарыстарға 12 ел - Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Мысыр, Зимбабве, Иран, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Сирия мен Өзбекстанның өкілдері келді. (Гвардейский кенті, "Отар" әскери базасы. Байланыс телефондары: +7 (7172) 72 15 59, +7 (7172) 72 14 23, +7 (7172) 72 16 31).

16 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

07.00 – Халықаралық және азиялық қарым-қатынастарға арналған Гарвард жобасы бойынша Азия коференциясының (Harvard College Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019) ашылуы. Конференцияға 500-ден астам адам қатысады. Алты тақырыптық сессиялар болады. Олар – өнер, медиа мен мәдениет, қоршаған орта мен энергетиканың тұрақтылығы, мемлекеттік басқару және геосаясат, жаһандық нарықтар және әлемдік экономика, әлеуметтік саясат мен әділ сот, ғылым мен технологиялар. (Назарбаев университет, Қабанбай батыр даңғылы, 53).

10.00-19.00 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің қойылымдары. "Современник" театры байқаудан тыс Оскар Уайльдтың пьесасы бойынша "Как важно быть серьезным" спектаклін көрсетеді. Барлық қойылымға кіру тегін (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

20.30 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

17 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Astana Off-Road 2019 кубогы үшін трофи-спринт. ("Стекляшка" көлі. Байланыс телефоны +7 702 723 08 88).

16.00 – Үлкен танго-флэшмоб. Аталған шара бір күнде Қазақстан, Ресей, Белорусь, Украина, Латвия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекетерде өтеді. (Астаналық саябақ).

АЛМАТЫ

09.30 – Корей мәдениеті күндері. Соның аясында шахмат турнирі мен концерт ұйымдастырылады. Сол жерде Мемлекеттік республикалық академиялық корей театры мен корей ұлттық орталығының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. (Орталық саябақ, "Жазғы сахна")

12.00 - Summer Fest музыкалық фестивалі. Сахнаға Hiro, Introvert, Bonapart мен Abdr сынды орындаушылар шығады. Кештің хедлайнерлері - Ghetto Dogs тобы (Delight pool day club, Гоголь көшесі 1/2).

20.00 – Үлкен танго-флэшмоб. Аталған шара бір күнде Қазақстан, Ресей, Белорусь, Украина, Латвия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекетерде өтеді. ("Рамстор" сауда орталығы, Фурманов көшесі, 226).

17 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.30 - XII Қысқы қайырымдылық балына құрметті дебютанттарды іріктеу кастингі. Қысқы қайырымдылық бал – елорданың ауқымды шараларының бірі. ("Болашақ" қоры, Қонаев көшесі, 12/1).

АЛМАТЫ

08.00 - Tour of World Class Almaty 2019 жыл сайынғы веложарыс. Аталған шара осымен алтыншы рет ұйымдастырылады. Жарыстың бағдары Әл-Фараби даңғылымен, сондай-ақ, Саин, Момышұлы мен Розыбакиев көшелерімен өтеді. Жеңімпаздар үш қашықтық- 14 шақырым, 34 шақырым және 57 шақырым бойынша анықталады. Жарысқа 850 велошабандоз қатысады. (Mega Center Alma-Ata орталығы. Аккредитация +7 (727) 311 51 85 мен +7 771 439 83 53 телефондары арқылы жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0