Аңдатпа

Қазақстанда 16 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЭКСПО аумағы
ЭКСПО аумағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 16 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 17-19 тамыз аралығында болатын оқиғалар туралы біле аласыз

16 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

07.00 – Халықаралық және азиялық қарым-қатынастарға арналған Гарвард жобасы бойынша Азия коференциясының (Harvard College Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019) ашылуы. Конференцияға 500-ден астам адам қатысады. Алты тақырыптық сессия болады. Олар – өнер, медиа мен мәдениет, қоршаған орта мен энергетиканың тұрақтылығы, мемлекеттік басқару және геосаясат, жаһандық нарықтар және әлемдік экономика, әлеуметтік саясат мен әділ сот, ғылым мен технологиялар. (Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53).

08.00 – Қазақстан бойынша блог-тур ұйымдастырылады. Шара "Открывая Казахстан" жоба аясында жүзеге асырылады. Оған Ұлбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Грекия, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин және тағы басқа елдерден келген 35 блогер қатысады.

Олар 5 күн Қазақстанның табиғаты әсем мен тарихи жерлерін аралайды. Кейін "Открывая Казахстан" халықаралық блогерлер форумына қатысады. Ол 24-25 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді (Байланыс телефондары +7 (701) 093 30 00).

10.00 – Тамыз конференциясы – 2019: "KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN!" тақырыбында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Конференцияда білім, ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мұғалімдер марапатталады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы 52, Аккредитация +7 (702) 725 97 13, +7 (7172) 74 21 29 телефондары және pressa.edu@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – "Арыс қаласындағы әлеуметтік маңызы объектілерді қалыпқа келтіру" тақырыбында брифинг өтеді. Шараға "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбай қатысады ("Samruk- Aqparat" баспасөз орталығы, Е-10, 17/10 көшесі.  Аккредитация + 7 707 977 79 17).

10.00-19.00 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалінің қойылымдары. "Современник" театры байқаудан тыс Оскар Уайльдтың пьесасы бойынша "Как важно быть серьезным" спектаклін көрсетеді. Барлық қойылымға кіру тегін (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

12.00 – Спорт күніне орай мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен салтанатты шара өтеді. Мереке аясында министр қазақстандық спорттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды грамота және төсбелгілермен марапаттайды (Мәңгілік ел көшесі 8, 15 кіреберіс. Аккредитация rauhan_13@bk.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

20.30 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

АЛМАТЫ

10.00 – Мемлекеттік қызмет істері басқармасының жұмыс тобы ведомствоаралық отырыс өткізеді. Жиында "Электронды үкімет" порталындағы мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы, әрі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай қолайлы жағдай жасалғандығы жайлы сөз болады (Республика даңғылы 4, Алматы қаласының әкімдігі).

11.00 – Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста мектептегі асханаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселесі қаралады (Жібек жолы көшесі, 135, 8-қабат "Медеу" конференция залы. Аккредитация +7 (727) 33-101-33, +7 701 770 17 60, +7 778 955 65 62).

17 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Astana Off-Road 2019 кубогы үшін трофи-спринт. ("Стекляшка" көлі, Байланыс телефоны +7 702 723 08 88).

16.00 – Үлкен танго-флэшмоб. Аталған шара бір күнде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Латвия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттерде өтеді. (Елордадағы орталық саябақ).

18.00 – "Алые паруса" мюзиклі қойылады. Мәдени шара Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының Нұр-Сұлтанға гастролі аясында өтеді ("Астана Опера" театры).

АЛМАТЫ

09.30 – Корей мәдениеті күндері. Оның аясында шахмат турнирі мен концерт ұйымдастырылады. Сол жерде мемлекеттік республикалық академиялық корей театры мен корей ұлттық орталығының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. (Орталық саябақ, "Жазғы сахна").

12.00 - Summer Fest музыкалық фестивалі. Сахнаға Hiro, Introvert, Bonapart және Abdr сынды орындаушылар шығады. Кештің хедлайнерлері – Ghetto Dogs тобы (Delight pool day club, Гоголь көшесі 1/2).

20.00 – Үлкен танго-флэшмобы. Аталған шара бір күнде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Латвия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекетерде өтеді. ("Рамстор" сауда орталығы, Фурманов көшесі, 226).

18 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Спорт күніне орай бұқаралық велошеру өтеді. Шараға 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады. Спортшылар Қабанбай батыр даңғылынан Салтанат сарайына дейін, одан әрі Ұлы Дала көшесімен, Тұран даңғылының бойымен Орталық саябаққа дейінгі 14 шақырым қашықтықты басып өтуі тиіс. (Шара Қабанбай батыр даңғылынан (Салтанат сарайына қарама-қарсы) басталады. Байланыс телефондары +7 (707) 171 43 47).

11.30 - XII Қысқы қайырымдылық балына құрметті дебютанттарды іріктеу кастингі. Қысқы қайырымдылық балы – елорданың ауқымды шараларының бірі. ("Болашақ" қоры, Қонаев көшесі, 12/1).

17.00 – Башқұртстан Республикасының 100 жылдығына орай "Йыйын" ұлттық мерекесі тойланады. Шараны Башқұрт Республикасы әкімшілігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырады (Жетісу паркі, Байланыс телефоны +7 776 266 47 37).

АЛМАТЫ

08.00 - Tour of World Class Almaty 2019 жыл сайынғы веложарыс. Аталған шара осымен алтыншы рет ұйымдастырылады. Жарыстың бағдары Әл-Фараби даңғылымен, сондай-ақ Саин, Момышұлы мен Розыбакиев көшелерімен өтеді. Жеңімпаздар үш қашықтық – 14 шақырым, 34 шақырым және 57 шақырым бойынша анықталады. Жарысқа 850 велошабандоз қатысады. (Mega Center Alma-Ata орталығы. Аккредитация +7 (727) 311 51 85 мен +7 771 439 83 53 телефондары арқылы жүргізіледі).

19 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

09.00 – "Балалық шақ 2019" халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Көрме аясында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге фестиваль ұйымдастырылады ("Атамекен" халықаралық көрмесі, Байланыс +7 (727) 390 75 93).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0