06:24 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Нұр-Сұлтан қаласы, архивтегі сурет

Қазақстанда 20 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
417 0 0

Sputnik Қазақстан 20 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 21, 22 тамызға не жоспарланғанын біле аласыз

20 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде – "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселелері, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы. Отырыс қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов және ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 нөмірі немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

09.00 – "Жібек жолы – диалог жолы" халықаралық экспедициясының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтеді. Экспедиция Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен қолға алынды. Экспедицияның ұйымдастырушысы Kazakh Tourism ҰК АҚ, бағдарды QazaqGeography РҚБ жүзеге асырады. Баспасөз мәслихатының спикерлері: Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, экспедиция жетекшісі Әбілқайыр Ахметжанов және жобаның гиді Болат Ізмағамбетов. Экспедиция 20 тамызда Алматы қаласында басталып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің аумағы арқылы өтеді (Visit Almaty туристік ақпарат орталығының баспасөз орталығы, Абай даңғылы, 44. Байланыс телефоны +7 702 891 70 05).

10.00 – "Мемлекеттік қызмет көрсетудегі заманауи ұстанымдар" тақырыбында Talks форматында дәріс оқылады. Ұйымдастырушылар – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы" МБ  мен "Даму" Қазақстандық Қауымдастығы" ЗТБ (Marden бизнес орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14. Байланыс телефоны: +7 702 302 77 37).

11.00 – Халықтық үстел ойындары фестивалі. Шараның ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Фестивальдің бағдарламасы: үстел ойындары шеберлерімен кездесу және мастер-класс; этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтарының концерті; ойынға қатысушыларын ынталандыру сыйлықтары және мақтау қағаздарымен марапаттау (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы көшесі, 24/9).

АЛМАТЫ

10.00 - IceCream for Breakfast баспасөз таңғы асы. Балмұздақ саласының халықаралық сарапшысы,  "Шин-Лайн" компаниясының балмұздақ категориясы директоры Дмитрий Докин жазғы бизнес маусымды қалай өткізгенін, балмұздақ саласында қандай үрдістер пайда  болғанын және қазақстандық тұтынушылар қандай балмұздақты сүйіп жейтінін, сондай-ақ Қазақстандағы балмұздақ сатылымын арттыруға не әсер ететінін айтып береді. (Caffe del Teatro, Жамбыл көшесі, 51a, Опера театрының батыс жағында. Байланыс телефондары: +7 727 266 21 09,+7 708 166 22 06, электронды пошта: a.malaybekova@infores.kz).

21 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "С5+1" форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары қатысады. Жиын барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты дамыту мәселелері, қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-қатерлер талқыланады. "С5+1" форматы –  Орталық Азияның бес мемлекеті мен АҚШ арасындағы экономика, экология және қауіпсіздік салаларында өзара іс-қимылдың көпқырлы тетігі (Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, Қонаев көшесі, 31, "Қазақстан" залы).

15.00 – Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді (Партияның орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1. Анықтама телефоны +7 (7172) 55 55 62, аккредитация press@nurotan.kz поштасы арқылы жасалады).

19.00 – Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәліні "Күншығыс орденімен" марапаттау рәсіміне байланысты салтанатты қабылдау өтеді (Жапонияның Қазақстандағы елшілігі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 97 78 43, +7 (7172) 97 78 40).

19.00 – "Nur-SultanMusicAwards" халықаралық музыка фестивалі. Фестиваль аясында әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған қазіргі заманғы музыка орындаушыларына статуэтка табысталады. Грузия, Франция, Италия, Латвия, Әзербайжан, Өзбекстан, Украина, Ресей мен Қазақстанның музыкалық рейтингтерінде көш бастап тұрған әртістер бір сахнада өнер көрсетеді ("Барыс арена" мұз сарайы. Байланыс телефоны: +7 701 777 23 11).

19.00 – "Звучащие образы" фортепиано музыкасына арналған кеш. Қазақстан мен Еуропа сахналарында солист ретінде және камералық ансамбль құрамында өнер көрсетіп жүрген пианист Әсел Әбілсейітова концерттік бағдарлама ұсынады. 2010 жылы Қарағанды өнер колледжінің түлегі Лондондағы Корольдік музыка академиясына түсіп, "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанды. 2016 жылы Швейцариядағы Базель жоғары музыка мектебінде өнер магистры дәрежесін алды. Оқу оқып жүрген жылдары Әсел әйгілі музыканттардың шеберлік сағаттарына қатысып, Ұлыбритания, Италия, Германия жне Швецарияда өнер көрсетті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – Алматы облысының мектепке дейінгі біліміне инвестиция құятын инвесторлардың екінші облыстық форумы (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Талдықорған қаласы, 8, 2А шағын ауданы. Байланыс телефоны: +7 (701) 722 9644, +7 (708) 630 4378).

ПАВЛОДАР

10.00 – ASAR ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастықтың IIІ республикалық форумы. Форум жұмысы төрт бағытта өтеді: SOCIAL – ASAR "Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері", ЕCO – ASAR "Жасыл" серіктестік форматындағы әлем", IT – ASAR "Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы ІТ жобалардың рөлі" және INCLUSIVE – ASAR "Инклюзивті қоғам уақыты". Сондай-ақ, шеберлік сағаттарын, case-study семинарларын, workshop (практикум), "Спикер #7" интеллектуалды конференциясын ұйымдастыру және меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр. Бұған қоса, алғаш рет "ASAR activity" акциясы өткізілмек. Оның аясында форум қатысушылары "Бірге – таза Қазақстан" республикалық акциясына қосылады. Сонымен қатар, cisc.kz/ru/site/asar платформасында ҮЕҰ әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді. 144 өтінімнің арасынан 100 жоба үздік деп танылды (Достық үйі, 1 Мамыр көшесі, 35/1, анықтама телефоны +7 701 917 88 21).

22 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Камералық музыканың тылсым үні" концерті. Концертке Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысады. Айман Бейсен (скрипка), Ильхам Айымбетов (виолончель) және Клим Пак (фортепиано) Мендельсонның "№1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасын", Григтың "№1 скрипка мен фортепианоға арналған сонатасын" және Шостаковичтің "№1 триосын" орындайды (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).

АЛМАТЫ

11.00 – I  "Central Asia Youth Festival" (CAYF) Орталық Азия жастар фестивалі. Шараны Қазақстан тұңғыш президентінің қоры мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады. Фестиваль Қазақстандағы жастар жылына арналған. Қордың шараны ұйымдастыру бойынша серіктестері – БҰҰ, ЕҚЫҰ және Конрад Аденауэр қоры ("Шымбұлақ" тау курорты. Аккредитация +7 705 919 74 00 нөмірі арқылы жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып