06:26 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Астана көрінісі

Қазақстанда 23 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
78 0 0

Sputnik Қазақстан 23 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 24-26 тамызға не жоспарланғанын біле аласыз

23 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Танымал суретші Қалиола Ахметжанның 70 жылдық мерейтойы және шығармашылық қызметіне 40 жыл толуына орай көрме ашылады. Қалиола Ахметжан – Қазақстанның мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, қарутанушы этнограф, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, қазақтың дәстүрлі қару-жарағының тарихын зерттеп жүрген жалғыз маманның бірі. Алты монография және 100-ден астам мақаласы шыққан. Көрмеге этнографтың қазақтардың қару-жарағы, фольклоры мен тарихына арналған еңбектері шығарылады. (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефондары: +7 (7172) 91-90-35 (ішкі нөмір 326, 327, 332, 344).

11.00 – Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай әлемі" мәдени-ағартушылық шарасы өтеді. Шараға депутаттар, "әкімдік қызметкерлері, Абайтанушы ғалымдар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады (Абай көшесі, Абай ескерткіші алаңы, Байланыс телефондары +7 702 315 01 00).

11:30 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің отырысы өтеді. Шараға Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев, Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов, Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов, Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді қатысады (Бейбітшілік көшесі 11, Аккредитация +7 (7172) 55-64-22, +77012332383 немесе press@astana.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – "Қала жолындағы оқиға" атты балаларға арналған спектакль өтеді. Танымал мультфильмдегі Алекс атты арыстан, Марти атты зебра, Дюбуа есімді комиссар кішкентай феяның көмегімен қалаға келеді. Олар шаһарда жол ережесін білмей біраз қиындықтарға тап болады (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3)

12:20 – орталық коммуникациялар қызметінде "Браконьерлікпен күресу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Оған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев қатысады (Аккредитация +7(7172) 55-93-38 және sck.astana@gmail.com электронды поштасы бойынша жүргізіледі).

13.00 – Ведомство аралық комиссияның отырысы өтеді. Жиында заң шығару қызметінің мәселесі қаралады. Оған мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес қауымдастық өкілдері қатысады. Отырыста мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру, мемлекеттік сатып алуда азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобын қорғау, цифрлық технологиялар саласын реттеу мақсатында заң жобасына өзгерістер енгізу концепция талқыға салынады (Министрліктер үйі, 13 подъезд, 10 қабат, №1056 кабинет, әділет министрлігінің баспасөз орталығы, байланыс телефонлары +7 (7172) 74 06 01, +7 (7172) 74 06 02).

14.30 – QazAvtoJol-дың инвесторлармен ашық диалогы ұйымдастырылады. Сол жерде республикалық маңызы бар жолдармен жүру ақысын төлеу жүйесін орнату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобаны іріктеу мәселесі талқыланады. Осы диалог Skype (логин: nk_kazautozhol) арқылы көрсетіледі. Қатысушыларды тіркеу b.kamalitden@kazautozhol.kz поштасы арқылы жүргізіледі ("Emerald Tower" бизнес орталығы, Қонаев көшесі, 10, блок А, 35 қабат, кабинет 3502. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 64 87 46).

АЛМАТЫ

10.00 – Казақстандағы және Орта Азиядағы "Касперский Лабораториясына 15 жыл" тақырыбында брифинг өтеді. Шараға компанияның негізін қалаушы Евгений Касперский, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі басқарушы директор Сергей Земков, Қазақстан, Орта Азия және Монғолиядағы басқарушы директор Евгений Питолин қатысады (Rixos Almaty қонақ үйі, Сәкен Сейфуллин даңғылы, 506/99, байланыс телефоны: +7 705 271 94 92).

17.40 – АҚШ-тың бас консулы Эрик Майер қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға қатысып жүрген белсенді азаматтарды Spread the Light in the World/Әлемді жарыққа толтырайық кампаниясы аясындағы шараға шақырады. Онда қысқаметражды фильмнің көрсетілімі болады. Дәл осы фильм акцияны өткізуге түрткі болды. Сондай жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен кездесу ұйымдастырылады. Олар АҚШ елшілігінің кіші гранттар бағдарламасы қоғамға қалай әсер еткенін айтып береді. Ал бас консулдықтың өкілдері гранттарды алу тәртібін түсіндіріп, сұрақтарға жауап береді. (American Space, SmArt.Point, Байзақов көшесі, 280. Байланыс телефоны: +7 (777) 005 44 30).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық дала күні аясында "Дала Дәні" шарасы өтеді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамыту, аграрлық ғылым саласы, цифрландыру мүмкіндіктерін пайдалану және тағы басқа мәселелер қаралады. Шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының төрағасы Төлеутай Рахимбеков, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысады (Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғимараты, байланыс телефондары +7 771 775 55 31, +7 775 796 61 19).

24 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Блогерлердің халықаралық форумы. Шара барысында аккаунт пен контентті дамыту, блог ашу үшін идея табу, сапар жасап жүріп ақша табу және тағы басқа мәселелерге арналған мастер-кластар мен автограф-сессиялар ұйымдастырылады. Форумының хэдлайнерлері: @funforlouis атымен танымал британдың влогер және саяхатшы Луис Кол және @followmeto флешмобының авторы Мурад Осман. Форумға қатысу тегін. Бірақ forum.openqazaqstan.kz сайтында тіркеуден өту керек (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік, 57).

20.00 - Makvin&Mulan халыққа өнер көрседі. Бұдан бөлек, Abdr. және Say Mo келеді деген жоспар бар (ЭКСПО-ның жазғы сахнасы, Мәңгілік ел даңғылы, B1.).

АЛМАТЫ

19.00 – шайбалы хоккейден 17-ші Қазақстан кубогының финалы (Halyk Arena мұз айдыны, Кұлжа тракты, 2д).

25 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Kitap Fest Nur-Sultan 2019 кітап фестивалі. Шараның мақсаты: отандық баспа ісін қолдау, кітап оқуды насихаттау, шығармашыл адамдарды елдің мәдени өміріне атсалысуға үндеу. Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі өтеді. Ал ірі кітап дүкендері өз тауарларын жеңілдікпен сатады. Бұдан бөлек, жазушылармен кездесулер өтеді. I Book You Swap атты ауқымды кітап алмасу шарасы да ұйымдастырылады. (астаналық Арбат, Есілдің жағасы).

18.00 – Қазақстанның еңбең сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың "Ән – әйел әлемі" атты жеке концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 –"Сюрприз" атты балалар спектаклі. ("Зазеркалье" қуыршақ театры, Абая даңғылы, 117).

19.00 - Виктора Цойды еске алуға арналған концерт. Сахнада Pulse, "Процессор", "Аллюр", Paradox, OOH, Muha-fly сынды топтар өнер көрсетеді (LA BOHEME театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны +7 (747) 331 83 11).

20.00 - "Көк-Төбе Опера 2019" атты ашық аспан астындағы IV музыка фестивалі. Шара аясында танымал опера жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен әлемдік балет қойылымдарын көруге мүмкіндік бар. Дирижер – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Алан Бөрібаев. Фестивальдің арнайы қонағы – Иван Дефабиани (Көк-Төбе демалыс саябағы).

26 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне орай D10 WORLD көрмесі өтеді. Шараны "Денис Теннің қоры" мен спортшының достары Esentai Mall және Etage командасының қолдауымен ұйымдастырады. Көрмеде Денис Тен өзі жасаған фотороботтар мен спортшының суреттері қойылады (Esentai Gallery, 2-қабат Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, шаралар, Ақмола облысы, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып