10:19 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Елорда көрінісі

Қазақстанда 24 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
27 0 0

Sputnik Қазақстан 24 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 25 және 26 тамызға не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Блогерлердің халықаралық форумы. Шара барысында аккаунт пен контентті дамыту, блог ашу үшін идея табу, сапар жасап жүріп ақша табу және тағы басқа мәселелерге арналған мастер-кластар мен автограф-сессиялар ұйымдастырылады. Форумының хэдлайнерлері: @funforlouis атымен танымал британдың влогер және саяхатшы Луис Кол және @followmeto флешмобының авторы Мурад Осман. Форумға қатысу тегін. Бірақ forum.openqazaqstan.kz сайтында тіркеуден өту керек (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік, 57).

18.00 – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастрольдік сапары аясында "Баядера" опереттасы орындалады ("Астана Опера" театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

20.00 - Makvin&Mulan халыққа өнер көрседі. Бұдан бөлек, Abdr. және Say Mo келеді деген жоспар бар (ЭКСПО-ның жазғы сахнасы, Мәңгілік ел даңғылы, B1.).

АЛМАТЫ

15.00 - жасөспірімдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Турнир Қазақстанның қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Шараға қорғаныс министрінің орынбасары Мұрат Бектанов қатысады (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44/1).

19.00 – шайбалы хоккейден 17-ші Қазақстан кубогының финалы (Halyk Arena мұз айдыны, Кұлжа тракты, 2д).

25 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Kitap Fest Nur-Sultan 2019 кітап фестивалі. Шараның мақсаты: отандық баспа ісін қолдау, кітап оқуды насихаттау, шығармашыл адамдарды елдің мәдени өміріне атсалысуға үндеу. Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі өтеді. Ал ірі кітап дүкендері өз тауарларын жеңілдікпен сатады. Бұдан бөлек, жазушылармен кездесулер өтеді. I Book You Swap атты ауқымды кітап алмасу шарасы да ұйымдастырылады. (астаналық Арбат, Есілдің жағасы).

18.00 – Қазақстанның еңбең сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың "Ән – әйел әлемі" атты жеке концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 - "Фитнес - Парк - Медеу" ашық аспан астында таңғы жаттығу өткізеді. Шараға кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ, армреслинг, йогв, кроссфит, джиу-джитсу, бокс, пауэрлифтинг сынды спорт түрлерінен тегін шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Кіру тегін ( 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы, байланыс телефоны: +7 707 358 18 22, +7 777 477 79 52, +7 747 326 57 36).

12.00 –"Сюрприз" атты балалар спектаклі. ("Зазеркалье" қуыршақ театры, Абая даңғылы, 117).

19.00 - Виктора Цойды еске алуға арналған концерт. Сахнада Pulse, "Процессор", "Аллюр", Paradox, OOH, Muha-fly сынды топтар өнер көрсетеді (LA BOHEME театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны +7 (747) 331 83 11).

20.00 - "Көк-Төбе Опера 2019" атты ашық аспан астындағы IV музыка фестивалі. Шара аясында танымал опера жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен әлемдік балет қойылымдарын көруге мүмкіндік бар. Дирижер – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Алан Бөрібаев. Фестивальдің арнайы қонағы – Иван Дефабиани (Көк-Төбе демалыс саябағы).

26 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 - Өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауға арналған II жыл сайынғы "HSE (Health, Safety & Environment) табыс көзі" форумы өтеді. "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досанов сөһз сөйлейді.  HSE цифрландыруын енгізу, өндірістегі тәуекелді басқарудың жаңа тәсілдері сынды мәселелер қарастырылады ("Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1. Аккредитациядан өту үшін +7 (7172) 55 51 29 телефон нөмірі немесе yermakanova@kaztransoil.kz электрондық поштасына хабарласу керек).

АЛМАТЫ

18.00 – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне орай D10 WORLD көрмесі өтеді. Шараны "Денис Теннің қоры" мен спортшының достары Esentai Mall және Etage командасының қолдауымен ұйымдастырады. Көрмеде Денис Тен өзі жасаған фотороботтар мен спортшының суреттері қойылады (Esentai Gallery, 2-қабат Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

Кілт сөздер:
оқиғалар, шаралар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып