10:37 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Алматының түнгі көрінісі

Қазақстанда 27 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Sputnik Қазақстан 27 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 28 және 29 тамызға не жоспарланғанын біле аласыздар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – зағип балаларға арналған инклюзивті мектеп-интернат базасында бірегей дыбыс жазу студиясы ашылады (Ғабдуллин көшесі, 7. Байланыс телефоны + 7 701 211 0672).

10.00 – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Атамекен" ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтеді ( "Парасат" бизнес орталығы, Республика даңғылы 24, Аккредитация +7 (7172) 91 90 89, +7 775 813 21 26).

12:20 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Қайырымдылық керуені" ІІ республикалық конкурсының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Шараны ҚР тұңғыш президенті – елбасының қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, "Хабар агенттігі" АҚ, республикалық "КТК" телеарнасы және "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені ұйымдастырады. Баспасөз конференциясына ҚР тұңғыш президенті – елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин қатысады (Аккредитация +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.00 – Үкімет отырысы өтеді. Отырыстың күн тәртібінде: 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020–2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және педагог мәртебесі" заңдарының жобасы қаралады (Үкімет үйі, Мәңгілік ел, 6, Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 телефоны арқылы press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

28 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан құс өсірушілерінің VІІІ форумы мен Еуразиялық құс шаруашылығы қауымдастығының ІІ Форумын өтеді. Оған ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары мен өкілдері, депутаттар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, "Қазагро" ұлттық холдингі, "Атамекен" ҰКП және Германия, Израиль, Нидерланды, Чехия, Польша, Испания, Бельгия, Түркия, Қытай және ЕАЭО мүше елдерінің өкілдері қатысады (Wyndham Garden Astana қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі, 25, Байланыс телефондары +7 (7172) 31 60 40, +7 701 488 47 04)

16.00 – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8, 4подъезд, 504 кабинет).

19.00 – "И пел галантный контрабас…" атты концерт концерт өтеді. Онда Джованни Боттезини, Франка Прото, Руджеро Леонкавалло, Мануэля Понсенің және Ғазиза Жұбанованың классикалық шығармалары орындалады. Концертте "Астана Опера" театрының әртістері және халықаралық конкурстардың лауреаты Алмас Байғожин өнер көрсетеді ("Астана Опера"театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында дөңгелек үстел өтеді. Шараны ҚР сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ-ның ақпараттық бюросы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ұйымдастырады (Байзақов көшесі 303, БҰҰ ғимараты, Байланыс телефондары +7-701-550-5855).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – мергендер арасында халықаралық "Алтын үкі 2019" конкурсы салтанатты түрде ашылады. Шараға ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, шетелдік делегациялар және әскери аттешелер қатысады. Мергендердің жарысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Үндістан, Италия, Қытай, Біріккен Араб әмірліктері, Сербия, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан елдерінің әскерлері өзара кім мықтыны анықтайды ("Спасск" оқу орталығы, Аккредитация +7 (7172) 72 10 89, +7 (7172) 72 14 23 телефондары арқылы жүргізіледі).

29 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ALTYN OIMAQ республикалық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі мен республикалық форумы өтеді. Шараны "Атамекен" ҰКП және Азия даму банкінің қолдауымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырады. Форумға мемлекеттік органның, отандық кәсіпорындардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысады ("Көрме" орталығы, Байланыс телефондары: +7 (7172) 91 93 88, 919 300 (ішкі телефон: 2200, 1837).

11.00 – Ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Назарбаев премиясымен марапаттау рәсімі өтеді. Шараны ҚР сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанның тұңғыш президент қоры ұйымдастырады. Премия саяси және қоғамдық көшбасшыларға ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін беріледі.
Назарбаев премиясы екі жылда бір рет беріледі. Марапаттау рәсімі 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Семей ядролық полигоны жабылған күніне орайластырылған.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, шаралар, тамыз, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып