Аңдатпа

Қазақстанда 28 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 28 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 29 және 30 тамызға не жоспарланғанын біле аласыздар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан құс өсірушілерінің VІІІ форумы мен Еуразиялық құс шаруашылығы қауымдастығының ІІ Форумын өтеді. Оған ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары мен өкілдері, депутаттар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, "Қазагро" ұлттық холдингі, "Атамекен" ҰКП және Германия, Израиль, Нидерланды, Чехия, Польша, Испания, Бельгия, Түркия, Қытай және ЕАЭО мүше елдерінің өкілдері қатысады (Wyndham Garden Astana қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі, 25, Байланыс телефондары +7 (7172) 31 60 40, +7 701 488 47 04)

10.00 – жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі. Оған 29 жасқа дейін кез келген адам қатыса алады. ("Жастар" сарайы. Байланыс телефоны: +7 701 444 85 74).

10.00 - ядролық қарудан азат аймақтарда күшті біріктіруге арналған семинар. Шараға Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашикбаев, қарусыздану мәселесі жөніндегі БҰҰ жоғары өкілінің орынбасары Томас Маркрам, ТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Құйықов қатысады (Сыртқы істер министрлігі ғимараты, Қонаев көшесі, 31. Аккредитация: press@mfa.kz).

11.00 – ITeachMe жобасының финалы. Қатысушылар жарты жыл бұрын қазылар алқасына мүмкіндігі шеутеулі жандардың өмірін жеңілдетуге арналған жобалар ұсынған болатын. ITeachMe - білім бағдарламасы. Мүмкіндігі шектеулі жандар кодинг, жобалық менеджмент, дизайн, маркетинг және робот техникасы саласында білім алады. ("Astana Hub" IT-стартаптар халықаралық паркі, Мәңгілік ел даңғылы, С4,6. Байланыс телефоны: + 7 701 689 46 91).

14.15 - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы іскер әйелдер кеңесінің конгресі.  Шараға ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, президент жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Гүлшара Әбдіқалыкова,  "БҰҰ – Қазақстандағы әйелдер" құрылымының төрағасы Илейн Конкиевич қатысады (St. Regis Astana қонақүйі, Қабанбай батыр даңғылы, 1, "Astor" залы. Аккредитация:  +7 (7172) 91 93 67 немесе  pr@atameken.kz).

16.00 – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8, 4подъезд, 504 кабинет).

17.00 – "Айтыс – бабалар мұрасы" әдеби-музыкалық кеш. Шараға белгілі ақындар Рустам Қайыртай, Еркебұлан Қайназаров, Дидар Қамиев, Дәурен Ысқақ, Аруна Керімбек, Тоба Өтепбай, Сырым Әділбек қатысады (Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 707 123 11 96).

17.30 - Конституция күніне арналған мерекелік концерт. ("Жетісу" саябағы, Сарайшық көшесі, 13/1. Байланыс телеофны: +7747 312 90 95).

19.00 – "И пел галантный контрабас…" атты концерт концерт өтеді. Онда Джованни Боттезини, Франка Прото, Руджеро Леонкавалло, Мануэля Понсенің және Ғазиза Жұбанованың классикалық шығармалары орындалады. Концертте "Астана Опера" театрының әртістері және халықаралық конкурстардың лауреаты Алмас Байғожин өнер көрсетеді ("Астана Опера"театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында дөңгелек үстел өтеді. Шараны ҚР сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ-ның ақпараттық бюросы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ұйымдастырады (Байзақов көшесі 303, БҰҰ ғимараты, Байланыс телефондары +7-701-550-5855).

11.00 - "Кел, балалар, оқылық" қайырымдылық акциясы өтеді.  Шараны Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырады. (Depo Evolution Park, Байтұрсынов көшесі, 22. Байланыс телефоны: +7 701 771 17 02).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – мергендер арасында халықаралық "Алтын үкі 2019" конкурсы салтанатты түрде ашылады. Шараға ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, шетелдік делегациялар және әскери аттешелер қатысады. Мергендердің жарысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Үндістан, Италия, Қытай, Біріккен Араб әмірліктері, Сербия, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан елдерінің әскерлері өзара кім мықтыны анықтайды ("Спасск" оқу орталығы, Аккредитация +7 (7172) 72 10 89, +7 (7172) 72 14 23 телефондары арқылы жүргізіледі).

29 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ALTYN OIMAQ республикалық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі мен республикалық форумы өтеді. Шараны "Атамекен" ҰКП және Азия даму банкінің қолдауымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырады. Форумға мемлекеттік органның, отандық кәсіпорындардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысады ("Көрме" орталығы, Байланыс телефондары: +7 (7172) 91 93 88, 919 300 (ішкі телефон: 2200, 1837).

11.00 – Ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Назарбаев премиясымен марапаттау рәсімі өтеді. Шараны ҚР сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанның тұңғыш президент қоры ұйымдастырады. Премия саяси және қоғамдық көшбасшыларға ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін беріледі. 
Назарбаев премиясы екі жылда бір рет беріледі. Марапаттау рәсімі 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Семей ядролық полигоны жабылған күніне орайластырылған.

17.00 - Динара Сәтжанның "Жеке бренд" тақырыбындағы ашық дәрісі. (Назарбаев Университеті, Green Hall, Блок C2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 66 43).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

08.30 - Қазақстанның қой өсірушілерінің II съезі. Ғылыми конференцияда сланы дамыту, жаңа салалық қауымдастық құру, өнідіріске тың технологияларды енгізу мәселесі талқыланады. (Мәдениет үйі,  Мыңбаев ауылы, Жамбыл ауданы (Алматыдан 40 км. Байланыс телефоны: +7 (727) 303 65 60, +7 777 221 90 51).

30 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

13.00 - Шахмат пен джаз фестивалі. Джаз жұлдызы Нино Катамадзе мен ZOLOTO өнер көрсетеді. Дәрістер, паблик-токғ гастрономиялық жобалар, шахмат турнирі болады. Гроссмейстер Жансая Әбдумәлік қатысады(Esentai Square, әл-Фараби даңғылы, 77/8)

18.00 - Happy End Хип-хоп-фестивалі өтеді. Хэдлайнерлер -  ресейлік Pharaoh, Хаски және ATL музыканттары. Қазақстандық Hiro, Tolebi және "Масло черного тмина" әншілер мен топтар да болады. (Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Горький көшесі, 1).

20.00 - "Горное Эхо" автиорлық ән фестивалі ("ТАУ-САМАЛ", Горный садовод елді мекені. Байланыс телефоны: +7 (727) 373 56 94, +7 701 725 87 00, +7 747 725 87 00).

21.00 - Музей түні  (Қастеев атындағы музей, Сатпаев көшесі, 50а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0