11:01 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Үкімет үйі

Қазақстанда 3 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
63 0 0

Sputnik Қазақстан 3 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 4-7 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыз

3 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде – 2 қыркүйектегі мемлекет басшысының жолдауын іске асыру бойынша шаралар және егін жинау жұмыстарының барысы (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 нөмірі немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

15.00 – V Алматы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясы. Шараға "Атамекен" ҚР ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдар мен іскерлік қауымдастық өкілдері қатысады. Конференция барысында өңірлік бизнеске қолдау көрсету бағыттары мен Алматының бизнес-климатын жақсарту мәселелерін талқылайды, кәсіпкерлер өзекті мәселелерді көтере алады (The Ritz-Carlton қонақүйі. Аккредитация +7 701 770 17 60, +7 778 955 65 62 нөмірлері арқылы жүргізіледі).

4 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - I Азия елдері жазушыларының форумы. (ЭКСПО конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44).

09.00 – II халықаралық мамандандырылған "Дентал ЭКСПО Астана 2019" көрмесі өтеді ("Көрме" орталығы, Достық көшесі 3, байланыс телефондары +7 (705) 155 32 63).

16.00 – "1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты тарихи құжат көрмесі салтанатты түрде ашылады. Шараны Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырады. Көрмеде сұрапыл соғыс туралы құнды тарихи құжаттар қойылады (ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы 2, Аккредитация rfekz@mid.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы, Тимирязев көшесі, 42).

5 қыркүйекке жоспарланған шаралар

09.00 – "Дүниеге келгенде ешкім ұмыт қалмауы тиіс" атты құқықтық сәйкестік мәселесі және азаматтықтың болмауы туралы екінші өңірлік конференция. Конференцияға Орта Азиядан 100-ден астам делегат қатысады (The Ritz-Carlton Hotel қонақүйі, Достық көшесі, 16. Байланыс телефондары: +7(7172) 32 28 78 (ішкі нөмір - 106), +7 701 910 08 08).

19.00 –"Снежное шоу Славы Полунина" атты цирк қойылымы. Бұл шоу көптеген театр жүлдесіне ие болған. Слава Полунин "әлемнің үздік сайқымазағы" ретінде көпшілікке танымал. (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

19.00 - "Біржан – Сара" операсы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

7 қыркүйекке жоспарланған шара

18.00 – Фортепиано музыкасы кеші. Теміржан Ержанов – Қазақстан тумасы, америкалық дирижер алғаш рет жеке концертін береді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып