11:08 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Елорда келбеті

Қазақстанда 5 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Sputnik Қазақстан 5 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 6-15 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыз

5 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Дүниеге келгенде ешкім ұмыт қалмауы тиіс" атты құқықтық сәйкестік мәселесі және азаматтықтың болмауы туралы екінші өңірлік конференциясы өтеді. Оған Орта Азиядан 100-ден астам делегат қатысады (The Ritz-Carlton Hotel қонақ үйі, Достық көшесі, 16. Байланыс телефондары: +7(7172) 32 28 78 (ішкі нөмір - 106), +7 701 910 08 08).

10.00 - "Украина – Қазақстан. Орта Азия" бизнес-форумы өтеді. Форумды Қазақстандағы Украина елшілігі, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы, Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасы, "ЗЕД" экспорттаушылар және импортаушылардың қауымдастығы ұйымдастырады ("Radisson" қонақ үйі, зал "Сарыарқа" залы, Сарыарқа көшесі, 4).

15.00 – "Қазақстан жаңа саяси реалияларда: үрдістер мен перспективалар" сараптамалық баяндамасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты. Баяндама ел президентінің ауысуы және басқа маңызды оқиғалар аясында қоғам мен мемлекетте қалыптасып жатқан үрдістердің мазмұны, сипаты және салдарын анықтауға бағытталған (Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35. Аккредитация eurasian.monitoring@bk.ru поштасы арқылы жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 701 888 92 63).

19.00 –"Снежное шоу Славы Полунина" атты цирк қойылымы. Бұл шоу көптеген театр жүлдесіне ие болған. Слава Полунин "әлемнің үздік сайқымазағы" ретінде көпшілікке танымал. (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

19.00 - "Біржан – Сара" операсы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстан қор биржасының "Эмитент күндері" жобасының аясында медиа-брифинг өтеді. Онда KEGOC компаниясы 2019 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысын шығарып, алдағы жоспарымен бөліседі ("Almaty Towers" бизнес орталығы, Байзақов көшесі, 280. Байланыс телефондары: +7 (727) 237 53 42)

6 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Баспасөз таңғы асы барысында "Қазақ Туризм" ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен туризм саласындағы екінші Ұлттық жүлде - National Tourism Awards 2019 таныстырып, байқауды өткізу ережелері, номинациялар мен жүлделі орындар туралы айтып береді ("Мэриот" қонақүйі, "Балқаш" залы, Достық көшесі, 2).

АЛМАТЫ

16.00 – "Эдуард Казарян. В мастерской художника" тақырыбында көрме өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі, Көктем-3 шағын ауданы, 22/1, байланыс телефондары +7 (727) 394 57 18).

7 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – Фортепиано музыкасы кеші. Теміржан Ержанов – Қазақстан тумасы, америкалық дирижер алғаш рет жеке концертін береді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

19.00 – қаланың үздік мейрамханалары бас қосатын "Тіл үйірер Алматы" ас-ауқат фестивалі өтеді (КБТУ маңындағы саябақ. Байланыс телефондары: +7 771 503 01 21; +7 777 255 24 86).

8 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

08.00 – 7 мен 23 жас аралығындағы спортшыларға арналған триатлоннан Алматы ашық чемпионаты ("Алматы Арена", Нұркент шағын ауданы).

10 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы ұйымдастырған екінші Жасыл өсім форумы. Форум аясында Шон Кидни (Climate Bond Initiative бас директоры және құрылтайшысы), Винсент Дуйнхауэр (ЕБРР энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі департаментінің аға менеджер), Кэтрин Стюарт (Канададағы Халықаралық климаттың өзгеруі ұйымының бас директоры), Майкл Шерен (Англия банкінің аға кеңесшісі), Морган Деспрес, (Банк де Франс) және тағы басқалары сөз сөйлейді. (The Ritz-Carlton Astana қонақүйі, Досты көшесі, 16).

12 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Қаланы дамытуға тұрғындарды тарту бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанның тәжірибе алмасуы" тақырыбында Еуропалық Одақтың "МылАлматы" жобасының конференциясы өтеді (Astana International Campus, Ұдайы кәсіби даму бюросы (BCPD Ltd.), Мәңгілік Ел көшесі, 55/23. Байланыс телефоны: +7 701 765 05 10).

09.30 - Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы. Форумның тақырыбы: "Машина құрастыру – Қазақстанды индустрияландырудың қозғаушы күші!". Форум аясында мамандандырылған көрме өтеді (EXPO конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 79 27 95).

15 қыркүйекке жоспарланған шаралар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

11.00 – Каспий жағалауы елдері эндохирургтарының конгрессі өтеді (Ақтау қаласы, 34 шағын аудан 1/1, Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйі, байланыс телефондары + 7 777 233 45 62, + 7 705 305 21 12).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып