10:56 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Алматы, архивтегі фото

Қазақстанда 7 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
77 0 0

Sputnik Қазақстан 7 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 8-10 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыз

7 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – мүгедек спортшыларды Паралимпиада ойындарына шығару салуға арналған брифинг. Шарада казақстандық "Ник Вуйчич" аталып кеткен Әли Тұрғанбеков мотивациялық сөз сөйлейді (Паралимпиадалық жаттығу орталығы, Қараөткел-3 шағын ауданы, Ақшоқы тұйық көшесі, 2. Байланыс телефоны: +7 778 153 20 33).

12.00 –"Сен ол Мен" атты балаларға арналған спектакль (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы,5).

18.00 – Фортепиано музыкасы кеші. Теміржан Ержанов – Қазақстан тумасы, америкалық дирижер алғаш рет жеке концертін береді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – Kitap Fest Almaty 2019 кітап фестивалі. Шара аясында кітап жәрмеңкесі, Open Talks, жаңа кітаптардың таныстырылымы, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, аниматорлардың ойындары, сыйлықтар және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. (Арбат, Абылай хан көшесі мен Жібек Жолы даңғылының қиылысы).

11.00 - "Өнерпаз Марья" спектаклі. Аталған шара Қарағанды академиялық театрының гастролі аясында өтеді. Бұл – театрдың жаңа шығармасы. (Лермонтов атындағы театр, Абай даңғылы, 43).

18.00 - Almaty Tattoo United фестивалі. Фестивальдің қонағы – танымал ресейлік "Слот" рокк тобы. Шара аясында 100-ден астам қазақстандық және шетелдік шеберлер өзара сайысқа түседі. (Metro орталығы, Жандосов көшесі, 26).

18.00 –"Жамиля" спектаклі ("Жас Сахна" театры, Абай көшесі, 117).

19.00 - "Дәмді Алматы" отбасылық тамақ фестивалі. Шараға қаланың ең үздік ресторандары жиналады. Барлығы стрит-фудға арналған әмбебап жобаларды таныстырады. Ал арнайы жерлерде бьюти-зоналар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, фестивль қонақтары үшін музыкалық бағдарлама ұсынылады. Сол жерде Қазақстанның танымал музыканттары өнер көрсететін болады. (ҚБТУ жақын саябақ. Байланыс телефондары: +7 771 503 01 21; +7 777 255 24 86).

8 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.00 - 14:00 - Astana Marathon-2019. Қайырымдылық марафонына 5 мыңнан астам спортшы қатысады. Екі дистанция болады. Біріншісі, 10 шақырым, екіншісі - 42,2 километр. Осыған байланысты Рыскұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы толығымен жабық болады. Қалған көшелер жартылай жабылады.

13.00 - "Жастар" сарайында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Концерттік бағдарламаға  "Ровесник" ансамблі,  "Воскресенье" би клубы, "AstCityBallet" балет мектебі, "Радуга" студиясы,  "Время" би театры, "М-Арт" студиясы, "Jas-Art" эстрадалық вокал театры, бейнелеу өнерінің студиясы, бірегей жанр мектебі, "Sound Gold" заманауи вокал студиясы және тағы басқалар. Шара кезінде "Жастар" сарайының кез келген секциясына жазылуға болады.

18.00 –"Жаннат Бақтай шақырады" концерті. "Астана Опера" театрының солисі Жаннат Бақтай өзінің әріптестері – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері Медет Шотабаев, Сүндет Байғожин, Азамат Жалтыркөзов мен Мәскеудің Жаңа Опера театрының солисі Ярослав Абаимовпен бірге өнер көрсетеді. Концерт кезінде қазақтың халық әндері, операның танымал шедеврлері, ариялар, дуэттер мен триолар орындалады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

АЛМАТЫ

08.00 – 7 мен 23 жас аралығындағы спортшыларға арналған триатлоннан Алматы ашық чемпионаты ("Алматы Арена", Нұркент шағын ауданы).

20.00 – "Сұлулық патшайымы" спектаклі (BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а. Байланыс телефондары: +7 778 46 56 678).

9 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09:30 – Еуразиялық патент конвенциясы аясында Өндірістік нұсқаларды қорғау хаттамасын қабылдауға арналған дипломатиялық конфренция. Шара кезінде өнертабыс бойынша Еуразиялық сыйлықтың лауреаттарын марапаттау,  дипломатиялық конференция, Өндірістік нұсқаларды қорғау хаттамасын рәсімдеу жоспарланған. Қатысушылар: Еуразиялық патент ведомствосының президенті Сәуле Тілеулесова, әділет министрі Марат Бекетаев, 15 елдің ұлттық патент мекемелерінің бірінші басшылары мен өкілдері, халықаралық ұйымдар, зияткерлік меншік саласының басқа да өкілдері ("Hilton Astana" қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Аккредитация +7 702 521 55 82 телефоны немесе pressgov@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

12.00 – Ауыл шаруашылығы министрлігі, сыртқы істер министрлігі және азық түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының баспасөз мәслихаты.  Брифинг кезінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазақстандық делегацияның азық түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымы Бас ассамблеясының 2-сессиясына қатысқаны туралы айтып береді. Аталған шара 2019 жылы 27-29 тамыз күндері Джидда қаласында өткен болатын. Сол жерде ұйымның Бас хатшысы да тағайындалды. (СІМ ғимараты, Қонаев көшесі, 31. Аккредитация press@mfa.kz электронды пошта арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

12.00 – Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы мен шетелдегі жылжымайтын мүлік нарығына инвестиция салуға арналған баспасөз мәслихаты. Брифингке шетелдегі жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының курорттық жылжымайтын мүлік комитетінің вице-төрағасы Елена Кволек-Румянцева, International Residence журналының бас редакторы Светлана Андрюкина, Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко, жылжымайтынм  мүлік нарығының маманы Диляра Сүлейменова, кипрлік құрылыс компаниясының Қазақстандағы өкілі Алимшан Файзуллаев қатысады. ("Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а).

10 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы ұйымдастырған екінші Жасыл өсім форумы. Форум аясында Шон Кидни (Climate Bond Initiative бас директоры және құрылтайшысы), Винсент Дуйнхауэр (ЕБРР энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі департаментінің аға менеджері), Кэтрин Стюарт (Канададағы Халықаралық климаттың өзгеруі ұйымының бас директоры), Майкл Шерен (Англия банкінің аға кеңесшісі), Морган Деспрес, (Банк де Франс) және тағы басқалары сөз сөйлейді. (The Ritz-Carlton Astana қонақүйі, Достық көшесі, 16).

ШЫМКЕНТ

15.00 –"Дунаевский тақырыбына арналған қиялдар" музыкалық спектаклі.  Аталған шара Мәскеудің музыкалық балалар театрының қайырымдылық гастролі аясында ұйымдастырылады. (Шымкент қалалық қуыршақтар мен жас көрермен театры, Қазыбек би көшесі, 34).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып