10:22 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Алматының күзі

Қазақстанда 9 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур Батыршин
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Sputnik Қазақстан 9 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 10-15 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

09:30 – Еуразиялық патент конвенциясы аясында Өндірістік нұсқаларды қорғау хаттамасын қабылдауға арналған дипломатиялық конфренция. Шара кезінде өнертабыс бойынша Еуразиялық сыйлықтың лауреаттарын марапаттау,  дипломатиялық конференция, Өндірістік нұсқаларды қорғау хаттамасын рәсімдеу жоспарланған. Қатысушылар: Еуразиялық патент ведомствосының президенті Сәуле Тілеулесова, әділет министрі Марат Бекетаев, 15 елдің ұлттық патент мекемелерінің бірінші басшылары мен өкілдері, халықаралық ұйымдар, зияткерлік меншік саласының басқа да өкілдері ("Hilton Astana" қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Аккредитация +7 702 521 55 82 телефоны немесе pressgov@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

12.00 – Ауыл шаруашылығы министрлігі, сыртқы істер министрлігі және азық түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының баспасөз мәслихаты. Брифинг кезінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазақстандық делегацияның азық түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымы Бас ассамблеясының 2-сессиясына қатысқаны туралы айтып береді. Аталған шара 2019 жылы 27-29 тамыз күндері Джидда қаласында өткен болатын. Сол жерде ұйымның Бас хатшысы да тағайындалды. (СІМ ғимараты, Қонаев көшесі, 31. Аккредитация press@mfa.kz электронды пошта арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

12.00 – Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы мен шетелдегі жылжымайтын мүлік нарығына инвестиция салуға арналған баспасөз мәслихаты. Брифингке шетелдегі жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының курорттық жылжымайтын мүлік комитетінің вице-төрағасы Елена Кволек-Румянцева, International Residence журналының бас редакторы Светлана Андрюкина, Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко, жылжымайтынм  мүлік нарығының маманы Диляра Сүлейменова, кипрлік құрылыс компаниясының Қазақстандағы өкілі Алимшан Файзуллаев қатысады. ("Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а).

10 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы ұйымдастырған екінші Жасыл өсім форумы. Форум аясында Шон Кидни (Climate Bond Initiative бас директоры және құрылтайшысы), Винсент Дуйнхауэр (ЕБРР энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі департаментінің аға менеджері), Кэтрин Стюарт (Канададағы Халықаралық климаттың өзгеруі ұйымының бас директоры), Майкл Шерен (Англия банкінің аға кеңесшісі), Морган Деспрес, (Банк де Франс) және тағы басқалары сөз сөйлейді. (The Ritz-Carlton Astana қонақүйі, Достық көшесі, 16).

ШЫМКЕНТ

15.00 –"Дунаевский тақырыбына арналған қиялдар" музыкалық спектаклі.  Аталған шара Мәскеудің музыкалық балалар театрының қайырымдылық гастролі аясында ұйымдастырылады. (Шымкент қалалық қуыршақтар мен жас көрермен театры, Қазыбек би көшесі, 34).

11 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – "Цифрлық өндіріс құрылысы. Индустрия 4.0" (Digital Manufacturing Industry 4.0) тақырыбында халықаралық семинар өтеді. Машина құрастыру саласының үздік компанияларының сарапшылары өндіріске цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибесімен бөліседі (Назарбаев Университет, Қабанбай батыр көшесі, 53).

19.00 – "Жизель" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

12 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Қаланы дамытуға тұрғындарды тарту бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанның тәжірибе алмасуы" тақырыбында Еуропалық Одақтың "МылАлматы" жобасының конференциясы өтеді (Astana International Campus, Ұдайы кәсіби даму бюросы (BCPD Ltd.), Мәңгілік Ел көшесі, 55/23. Байланыс телефоны: +7 701 765 05 10).

09.30 - Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы. Форумның тақырыбы: "Машина құрастыру – Қазақстанды индустрияландырудың қозғаушы күші!". Форум аясында мамандандырылған көрме өтеді (EXPO конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 79 27 95).

АЛМАТЫ

11.00 – Ник Вуйчич пен Ицхак Пинтосевичтің "Жалқаулықты жеңу. Шектеусіз ғұмыр" тренингі ("Алматы арена" мұз сарайы. Байланыс телефоны: +7 (727) 237-77-89)

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

18.00 - "Висла" поляк фильмдерінің фестивалі. Ресми ашылуында көрермендер назарына "Эскадрилья 303. Подлинная история" фильмі ұсынылады (Қарағанды қаласы, "Сарыжайлау" кинотеатры, Бұхар жырау көшесі, 32. Байланыс телефоны: +7 (7172) 94 44 00).

13 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ник Вуйчич пен Ицхак Пинтосевичтің "Жалқаулықты жеңу. Шектеусіз ғұмыр" тренингі ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1. Байланыс телефоны: +7 (727) 237-77-89)

14 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты. Оған 100 шақты ел, 900 атлет қатысады, қалаға 10 000-дай жанкүйер жиналады ("Барыс Арена" мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

12.00 –"Чудный сон" балаларға арналған спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 5).

15 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - "Музыка рисует и рассказывает" балаларға арналған концерті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

12.00 – "Дұрыс тамақтану және отбасы бақыты" семинары ("Көрме" орталығы, Достық көшесі,3).

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

11.00 – Каспий жағалауы елдері эндохирургтарының конгресі өтеді (Ақтау қаласы, 34 шағын аудан 1/1, Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйі, байланыс телефондары + 7 777 233 45 62, + 7 705 305 21 12).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып