10:20 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Отель Ritz-Carlton

Қазақстанда 10 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Sputnik Қазақстан 10 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 11-15 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыз

10 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы; 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары мәселесі қаралады (Үкімет үйі, Мәңгілік ел, 6. Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 және press.kpm@mail.ru электронды почтасы арқылы жүргізіледі)

10.00 – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы ұйымдастырған екінші Жасыл өсім форумы. Форум аясында Шон Кидни (Climate Bond Initiative бас директоры және құрылтайшысы), Винсент Дуйнхауэр (ЕБРР энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі департаментінің аға менеджері), Кэтрин Стюарт (Канададағы Халықаралық климаттың өзгеруі ұйымының бас директоры), Майкл Шерен (Англия банкінің аға кеңесшісі), Морган Деспрес, (Банк де Франс) және тағы басқалары сөз сөйлейді (The Ritz-Carlton Astana қонақүйі, Достық көшесі, 16)

10.15 – Алматы және Алматы облысында (Кемертоған ауылы) мамандандырылған ХҚКО салтанатты түрде ашылады. Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуына Алматы әкімдігінің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшылары қатысады. Қарасай ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-ның ашылуы 15:00-ге жоспарланып отыр (Жиналатын орын: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі 118. Аккредитация apetova_zh@mail.ru электронды поштасы және 8 (707) 324 01 76 нөмірі арқылы жүргізіледі).

11.00 – Тәжікстанға бірінші бітімгер әскерлері кіргізілуінің 27 жылдығына орайластырылған шара өтеді (ҚР қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы, 2, Байланыс телефондары +7 (775) 669 87 75).

11.00 – Салалық кәсіподақтардың өңірдегі құрылырымдардың үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан президентінің халыққа Жолдауы, ҚР кәсіподақтар федерациясы жол картасының жүзеге асырылуы талқыланады (Кәсіподақтар үйі, Абая даңғылы, 38. Байланыс телефондары: +7 (701) 367 18 34).

15.00 " Ханбок және мен: өзіңе жол" атты корей дәстүрлі киім көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шара Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық байланыстың 10 жылдығына орайластырылған. Көрмені Корей мәдени орталығы және Қазақстандағы Корей елшілігі ұйымдастырады (Қазақстанның тұңғыш президенті музейі, Бейбітшілік көшесі, 11)

16:00 – Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Шараға "Жанұя" отбасы институты, қалалық полиция департаменті, елордадағы ҚХА хатшылының өкілдері және көпбалалы аналар қатысады. Кеңейтілген отырыста Қазақстан президентінің халыққа Жолдауы аясында "Жанұя" отбасы институтының әлеуметтік жобасының презентациясы, жетім балаларға арналған интернат үйлерімен бірге жүзеге асырылған жобалар және ҚХА аналар кеңесінің жұмысы талқыға салынады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9, ҚХА баспасөз қызметінің телефоны +7 (7172) 74 12 15).

ШЫМКЕНТ

15.00 –"Дунаевский тақырыбына арналған қиялдар" музыкалық спектаклі. Аталған шара Мәскеудің музыкалық балалар театрының қайырымдылық гастролі аясында ұйымдастырылады (Шымкент қалалық қуыршақтар мен жас көрермен театры, Қазыбек би көшесі, 34).

11 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – "Цифрлық өндіріс құрылысы. Индустрия 4.0" (Digital Manufacturing Industry 4.0) тақырыбында халықаралық семинар өтеді. Машина құрастыру саласының үздік компанияларының сарапшылары өндіріске цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибесімен бөліседі (Назарбаев Университет, Қабанбай батыр көшесі, 53).

19.00 – "Жизель" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

12 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Қаланы дамытуға тұрғындарды тарту бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанның тәжірибе алмасуы" тақырыбында Еуропалық Одақтың "МылАлматы" жобасының конференциясы өтеді (Astana International Campus, Ұдайы кәсіби даму бюросы (BCPD Ltd.), Мәңгілік Ел көшесі, 55/23. Байланыс телефоны: +7 701 765 05 10).

09.30 - Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы. Форумның тақырыбы: "Машина құрастыру – Қазақстанды индустрияландырудың қозғаушы күші!". Форум аясында мамандандырылған көрме өтеді (EXPO конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 79 27 95).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

18.00 - "Висла" поляк фильмдерінің фестивалі. Ресми ашылуында көрермендер назарына "Эскадрилья 303. Подлинная история" фильмі ұсынылады. (Қарағанды қаласы, "Сарыжайлау" кинотеатры, Бұхар жырау көшесі, 32. Байланыс телефоны: +7 (7172) 94 44 00)

13 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ник Вуйчич пен Ицхак Пинтосевичтің "Жалқаулықты жеңу. Шектеусіз ғұмыр" тренингі ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1. Байланыс телефоны: +7 (727) 237-77-89)

14 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты. Оған 100 шақты ел, 900 атлет қатысады, қалаға 10 мыңдай жанкүйер жиналады ("Барыс Арена" мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

12.00 –"Чудный сон" балаларға арналған спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 5).

15 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - "Музыка рисует и рассказывает" балаларға арналған концерті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

12.00 – "Дұрыс тамақтану және отбасы бақыты" семинары ("Көрме" орталығы, Достық көшесі,3).

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

11.00 – Каспий жағалауы елдері эндохирургтарының конгресі өтеді (Ақтау қаласы, 34 шағын аудан 1/1, Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйі, байланыс телефондары + 7 777 233 45 62, + 7 705 305 21 12).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып