05:36 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Студент қыз, архивтегі сурет

Қазақстанда 16 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
180 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 16 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 17-18 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

16 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Білім беру мәселелеріне арналған II Евразиялық форумы. Биылғы жиынның тақырыбы - "Цифровизация арқылы трансформация: университеттер мен сапаны қамтамасыз ету жүйелері". Осы жолы спикерлердің қатарында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа агенттіктері реестрінің басшысы (EQAR) Карл Дитрих және Ұлыбританияның аккредитациялық агенттігінің атқарушы директоры Дуглас Блэксток. ("Астана" Халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, С 4.4 павильоны. Аккредитация +7 (7172) 27 24 91 телефоны немесе abeldinova@iqaa.kz электронды пошта арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

10.00 - непалдық әнші Ани Чоинг Дролманың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді (Grand Tien Shan Hotel, "Алматы" шағын мәжіліс залы, Бөгенбай батыр көшесі, 115. Аккредитация мына сілтеме арқылы жасалады).

11.00 – Тұрақты даму үшін қоршаған орта бойынша Орталық Азияның көшбасшылық бағдарламасының 10 жылдығына арналған брифинг. Шараның ашылуына дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, БҰҰ-ға қарасты ұйымдар. (Almaty қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефондары: +7 (707) 840 07 91)

17 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

Непал елінің танымал әншісі Ани Чоинг Дролманың концерті. Ол Гималайда тұратын үздік әнші болып танылды. Буддаға сыйынатын монах әйел өзінің таза әрі шебер дауысымен әлем бойынша біраз тыңдарманның сүйікті әншісіне айналды. 2014 жылы сәуір айынан бастап ЮНИСЕФ-тің елшісі болып саналады. Концерттің арнайы қонағы: Чоклинг Терсар бағытына жататын жетекші ламалардың бірі - Лама Тензин Сангпо.

18 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11:00 - "Көлік және логистика нарығы" тақырыбында II Халықаралық конференция өтеді. Биыл қатысуышалар көлік саласын дамытудың біраз мәселесін талқылайды. Соның ішінде әуе жүк тасымалы, автокөлік инфрақұрылымын жетілдіру, контейнерлік тасымал саласындағы негізгі өзгерістер, цифровизация және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары бар. ("Атакент" орталығы, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефондары: +7 705 30 80 444, +7 747 441 50 25).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып