04:47 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Монумент Бәйтерек

Қазақстанда 17 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
82 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 17 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 18-19 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Қазақстанның Doing Business сынды рейтингілердегі көрсеткіштерді жақсарту мәселесі талқыланады. Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба  сөз болады (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация: +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 немесе press.kpm@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша).

09.00 – "Бәсекеге қабілеттілік трансформациясы" жаһандық инновациялық саммиті өтеді. Жиынға "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Centras Group атқарушы директоры Елдар Әбдіразақов қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақүйі, Достық көшесі, 17. Байланыс телефоны: +7 701 728 01 30).

09.00 – Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігіне арналған шеберлік сағаты өтеді. Аккредитация стандарттары талқыланады. Жиынға Денсаулық сақтау министрлігі тауар спасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары мен астанадағы медициналық мекемелердің жетекшілері қатысады (№13 қалалық емхана, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1. Аккредитация: +7 707 503 21 48).

11.00 – Сенаттың халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді. Тұрғындардың Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасынан өтуіне қатысты хаттаманы ратификациялау мәселесі талқыланады (ҚР Парламенті сенаты, Мәңгілік ел даңғылы,2, кабинет 501. Аккредитация: +7(7172) 74 72 39).

15.00 – Жастар жылы аясында "Jastar jаlyny Camp 2019" жастар лагері ұйымдастырылады. Шарада бизнес, мәдениет, спорт және әлеуметтік саладағы жастрадың жобасы талқыланады.Футбол, волейболдан турнирлер ұйымдастырылып, түрлі тренингтер өткізіледі ("Золотой фазан" демалыс аймағы, Қоянды елді мекені, Рысқұлов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 775 513 64 41, +7 778 278 39 39).

АЛМАТЫ

15.00 – Жазушылардың екінші халықаралық форумына арналған брифинг. Спикер: Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин (Алматы әкімдігінің баспасөз орталығы, Республика ауданы, 4. Аккредитация: +7 702 495 2334, +7 707 934 3984).

19:00 - Непал елінің танымал әншісі Ани Чоинг Дролманың концерті. Ол Гималайда тұратын үздік әнші болып танылды. Буддаға сыйынатын монах әйел өзінің таза әрі шебер дауысымен әлем бойынша біраз тыңдарманның сүйікті әншісіне айналды. 2014 жылы сәуір айынан бастап ЮНИСЕФ-тің елшісі болып саналады. Концерттің арнайы қонағы: Чоклинг Терсар бағытына жататын жетекші ламалардың бірі - Лама Тензин Сангпо.

18 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Невада – Семей" ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалысының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шараға жақын және алыс шетелдің 10 мемлекетінен қонақтар келеді  (Қазақ ұлттық өнер университеті (Шабыт), Тәуелсіздік даңғылы, 50).

09.00 – Азия-Тынық мұхит аймағы PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді. Көрмеге әлемнің 60 елінен туризм индустриясының мыңға жуық өкілі қатысады  (Көрме орталығы, Байланыс телефоны: +7 (7172) 76 98 56, +7 701 526 30 50).

10.00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері хатшылығының  ХVIII отырысы өтеді. Жиынға Дариға Назарбаева төрағалық етеді (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57. Телефон: +7 778 101 52 45).

15.00 – ҚР  ұлттық олимпиада комитетінің бас ассамблеясы ("St. Regis" қонақүйі, Қабанбай Батыр даңғылы, 1. Аккредитация : media@olympic.kz).

АЛМАТЫ

09.00 – Moody"s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің кредиттік тәуекелдерге арналған 8-ші Алматы конференциясы өтеді ( "Ритц-Карлтон" қонақүйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация: Elena.Lykova@moodys.com).

10.00 - III кредиттік ұйымдар форумы. Оған 155 ұйымнан 200 адам қатысады (Өтетін орны ALMATY қонақүйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефоны: + 7 747 777 33 19).

11:00 - "Көлік және логистика нарығы" тақырыбында II Халықаралық конференция өтеді. Биыл қатысуышалар көлік саласын дамытудың біраз мәселесін талқылайды. Соның ішінде әуе жүк тасымалы, автокөлік инфрақұрылымын жетілдіру, контейнерлік тасымал саласындағы негізгі өзгерістер, цифровизация және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары бар. ("Атакент" орталығы, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефондары: +7 705 30 80 444, +7 747 441 50 25).

11.00 – Алматы технологиялық университетінде баспасөз күні өтеді. Басты тақырып: ребрендинг, университет таңбасы мен атауын өзгертті: Almaty Technological University. (ATU, Төле би көшесі, 100. Байланыс телефоны: +7 707 776 05 80).

12.00 – Mining and Metals Central Asia 2019 кен өндірісіне арналған 25-ші Орталық Азия мерейтойлық көрмесінің ашылуы. Шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, ТОО "Полиметалл Еуразия" ЖШС бас директоры Қанат Досмұқаметов, "Тау-Кен Самұрық" ҰК бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Нұрлан Саурамбаев ("Атакент", Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны: +7 705 30 80 444, +7 747 4415025).

19 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

Жоғары білім мәселесіне арналған QS Worldwide-2019 саммиті өтеді. Жиынға  Орталық Азия елдерінен келген академиктер, профессорлар қатысады (Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып