Аңдатпа

Қазақстанда 25 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы. Медео
Осень в Алматы. Медео - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 25 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 26-30 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

25 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Жаңартылатын энергия көздері (Renewable Energy Summit 2019) бойынша III халықаралық саммит өтеді. Шараға 20 елден 300-ден астам делегат қатысады (ҚР тұңғыш президенті – елбасы қоры, Бөкейхан көшесі, 1, "Назарбаев орталығы", байланыс телефондары +7 702 667 07 00, +7 701 222 36 85).

09.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында IV Kazenergy әйелдер клубының форумы өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

10.00 – Жастар жылына орай "Jas sarbaz – Jastar jylynda" атты ауқымды жобаның тұсауы кесіледі. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және "Астана жастары" КММ және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен қолдауымен "Жас Сарбаз" ЖӘПҚ РҚБ ұйымдастырады. Оған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, парламент депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысады (ҚР Қарулы күштері ұлттық әскери патриоттық орталығы, Республика даңғылы, 2, Аккредитация +7 707 422 73 96).

10.00 – "Астана-Теплотранзит" АҚ объектілеріне пресс-тур ұйымдастырылады. Шараға ҚР ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы қатысады (Пресс-турға қатысушылар сағат 09:30-да Петрова көшесі, 5 ғимаратының алдына жиналуы керек. Байланыс телефондары: +7 (7172) 34 58 69, +7 747 579 98 89).

10.00 – "Мемлекеттік және азаматтық қоғам әрекеттестігі" тақырыбында басшыларға арналған (қалалық, аудандық полиция департаментінің басшылары) тренинг өтеді. Шараны ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және "Qorgau" заңгерлер жобасы, әлеуметтік заңгерлер қауымдастығы атты үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен ҚР ішкі істер министрлігі және Eurasian Expert Council қоғамдық қолдауымен бірігіп ұйымдастырады (ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Абай көшесі, 33А, байланыс телефондары: +7 707 854 14 87, +7 707 121 76 11).

10.00 – ТМД үкіметаралық жер қойнауын барлау, пайдалану, қорғау жөніндегі кеңесінің XXIII сессиясы ұйымдастырылады. Отырыс жабық түрде өтеді.

10.00 – Еуразиядағы 2019 жыл: білім алмасу бағдарламасы аясында өңірлік семинар өтеді. Шара аясында мемлекеттік және жеке сектор, коммерциялық емес ұйымдар, зерттеу институттарының мамандары өзара тәжірибе алмасады (Rixos President Astana қонақ үйі, байланыс телефондары: +7 (7172) 74 39 63, +7 (7172) 74 33 77).

11.00 – Көмір нарығындағы бәсекелестік жағдайға сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.00 – әуе көлігі арқылы жолаушыларды тасымалдау және әуежайлардың қызметіне сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

26 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – KAZENERGY форумы салтанатты түрде ашылады. Шараға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо, ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысады. Пленарлық сессияның тақырыбы – "Энергия көздерінің болашағы: инновациялық өсім" (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. Байланыс телефондары: +7 7172 79 49 85).

10.00 – Қазақстан бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Бруно Балванера қатысуымен бірінші медиа брифинг өтеді (Еуропалық қайта құру және даму банкінің офисі, Марриот қонақ үйі, Достық көшесі, 2).

11.00 –  мұнай және мұнай өнімдері саласындағы бәсекелестікке сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – KAZENERGY форумы аясында пресс-конференция өтеді. Модератор: KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов.

Шараға ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо, ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Халықаралық энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснак қатысады (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. Байланыс телефондары: +7 7172 79 49 85).

15.00 – құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нарығындағы бәсекелестікке сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

18.00 – Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи драмасының премьерасы өтеді. Фильм ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясы түсірген. Картинаны түсіруге "Сатайфильм" компаниясы да атсалысқан. Фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева.  Кино картинада б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген атақты сақ патшайымы Томиристің өмірі баяндалады ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел, даңғылы, 10/1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74-09-24, + 7 707 278 67 28).

27 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай конференция өтеді. Шараға ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысады.

11.00 – "Жастар – Энергия – Болашақ" шығармаршылық конкурсының жеңімпаздары марапатталады. Байқау Қазақстандағы жастар жылы және қазақстандық мұнайдың 120 жылдығы аясында орайластырылған (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. Байланыс телефондары: +7 727 394 32 32, +7 700 394 32 32).

11.00 – Электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікке сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.00 – теміржолдағы жүк тасымалы нарығындағы бәсекелестікке сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 – "Я помню чудное мгновенье" концерті өтеді. Мерекелік шара орыс ақыны Александр Пушкиннің 215 жылдығына және орыс композиторы Михаил Глинканың 220 жылдығына орайластырылған (Күйші Дина көшесі, 27, Кирилл және Мефодия атындағы рухани-мәдени орталық).

АЛМАТЫ

Халықаралық ақпаратқа қолжетімділік күні аясында журналистикадан I ортаазиялық семинар өтеді. Семинардың тақырыбы: "Ақпаратқа қолжетімділік: академиялық ықпалды күшейту". Шараны Қазақстандағы БҰҰ ақпараттық бюросы және Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ұйымдастырады (Байланыс телефондары: +77073777049, +77072219298).

28 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

08.00 – әйелдер арасындағы жүгіру жарысы өтеді. Спортшылар 3 қашықтық бойынша бақтарын сынайды:

7 шақырым (жүгіру): негізгі қашықтық 15 жастан,

7 шақырым (скандинавиялық жүріс): 15 жастан,

3 шақырым (балалар дистанциясы): 10-14 жастағы қатысушылар үшін

("Атакент" көрме орталығы, байланыс телефондары: +7 771 439 8353).

30 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

Бизнес қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні. Бұл күні мемлекеттің өңірлік бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алында тексеріс барысында жиі кездесетін қателіктер жайында, заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндайды. Есеп беру күні 30 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады (Нұр-Сұлтан әкімдігі, Бейбітшілік көшесі, 11. Байланыс телефондары +7 (7172) 55 69 16, 55 69 10, 55 69 03).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0