08:02 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Астан көрінісі

Қазақстанда 4 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
49 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 4 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 5-10 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

4 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - ІІІ Субкелісімшарттар биржасы - 2019. Биржаға ірі кен өндірушілер, кәсіпорындар, отандық өнім өндірушілер, ұлттық компаниялар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Шараның негізгі мақсаты – тапсырыс беруші мен тауар жеткізуші арасындағы тікелей келісімдер ұйымдастыру, өзара байланыс орнату, жаңа әріптестерді табу, B2B келісімшарттар жасау (Rixos President Astanа, Қонаев көшесі, 7. Аккредитация Qazindustry_press@kidi.gov.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 - "Ұмытылған және жаңа есімдерді іздеу жолында: жобалар мен идеялар тарихы. Қазақстан: 1960–2000 жылдар" ғылыми конференция өтеді. Шара Қазақстан және Ресейдің мұрағат қызметкерлерінің бірлескен шаралар жоспары бойынша ұйымдастырылады. Жоспар өткен жылы бірлескен комиссияның бірінші отырысында рәсімделген болатын (Нұржол бульвары, 12, ҚР Ұлттық мұрағаттың мәжіліс залы. Аккредитация olzhas@kazarhiv.kz электронды поштасы арқылы жасалады)

11.00 – Сұйытылған мұнай газы жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Мұнда осы саланың өзекті мәселелері қаралады (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

15.00 – Медициналық қызметтер мен анализ жасайтын зертханалар жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Жиында бәсекелестікті тежеп отырған кедергілер және тағы басқа проблемалар талқыланады (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

18.00 – Ғарыш апталығының ашылуы. Ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы және American Space in Almaty. Аталған шара әлем бойынша ұйымдастырылады және Аполлон 11 миссиясының Айға қонғанына 50 жыл толуына арналып отыр. Алматыдағы шараға доктор Шэннон Уокер шақырылып отыр. Ол 2004 жылы NASA астронавтарының құрамында болған. Сондай-ақ, 2010 жылғы экспедициясымен бірге ғарышта 163 күн болып қайтты. Ғарыш апталығы аясында 4 қазаннан бастап "дөңгелек" үстелдер, презентациялар, көрмелер, шеберлік сабақтары, конкурстар, ойындар, обсерваторияға саяхат, тегін кинолар, кешкі ойын-сауық ұйымдастырылады (Байланыс телефоны: +7 777 227 44 16).

19.30 - "Кончерто Барокко" атты жаңа спектакльдің премьерасы. Оны Джордж Баланчиннің шәкірті – француз хореографы Нанетт Глушак ұсынады. Шара барысында маэстроның басқа да шығармалары қойылады ("Астана балет" театры. Байланыс телефоны: +7 778 364 32 94).

АЛМАТЫ

10.30 – Қазақстандық қаржы форумы. Форумның ашылуында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов сөз сөйлейді (InterContinental Almaty. Байланыс телефоны: +7 707 859 58 13).

16.00 - EURASIAN KIDS FASHION WEEK балалардың сән апталығы ашылады. Осы шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты – қазақстандық дизайнерлер мен модельдерді кеңінен таныту (FORUM орталығы, Сәкен Сейфуллин даңғылы, 617. Байланыс телефоны +7 707 582 79 99).

19.00 – Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлын еске алуға арналған "Баба мұрасы" концерті (Абылайхан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 701 405 43 16).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 - Jetisy Invest-2019 Халықаралық бизнес форумы. Оған 7 мемлекеттен 400 делегат қатысады деген жоспар бар. Олардың ішінде ірі отандық және трансұлттық компаниялар, шетелдік бизнесмендер, мемлекетік органдар және қаржы ұйымдары қатысады (Талдықорған, "Атамекен" палатасының аймақтық филиалы / Салтанат Сарайы, 8 шағын ауданы, 2 "А" нысаны. Аккредитация d.mukhametkairov@media-agency.kz электронды пошта арқылы жасалады).

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

09.30 – Білім сапасын артыруға арналған III Орталық Азия халықаралық форумы. Форумның жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің білім министрлігі өкілдері, білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдардың жетекшілері, шетелдік білім беру мекемелері қатысады. Олардың ішінде Бельгия, Венгрия, Германия, Нидерланд, Ресей, Болгария, Чехия, Түркия, Латвия мен Молдова бар (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29. Байланыс телефоны: + 7 775 414 99 93).

5 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 –"Nur Otan" партиясының "Бірлік" филиалы төрағасының кубогы үшін мини-футбол, волейбол, үстел теннисі мен шахматтан турнир өтеді (Сарыарқа велотрегі, Қабанбай батыр даңғылы, 42. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 21 44, +7 707 651 80 86, +7 778 170 32 29).

12.00 – Қазақ күресі федерациясының жылдың есебіне арналған баспасөз мәслихаты ("Казмедиа орталығы", Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +7 701 137 68 58).

6 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

05.00 – Әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионы (2003), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004) Геннадий Головкиннің украиндық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жегі көрсетіледі. Олар орта салмақтағы IBF және IBO белбеулері үшін таласады. Кіру тегін (Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 78 79).

АЛМАТЫ

12.00 - "Тұлпар 2019" жылқылар көрмесі. Шара аясында Алматыдағы клуб аттар шеруін өткізеді. Бұдан бөлек, хобби-классқа жататын жылқылардың саудасы ұйымдастырылады. Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін ат жарыс болады. Оған Ақалтеке тұқымына жататын жылқылар қатысады (Алматы қалалық ипподром, Омаров көшесі, 10А. Байланыс телефоны: +7 701 744 00 96).

8 қазанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Қазақстанның еңбегі сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетованың жеке концерті өтеді. Кеш қонақтары: Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, Меруерт Мүсірәлі (Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Байланыс телефоны: +7 708 703 09 07).

9 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "Эйр Астана" компаниясы алыс жерлерге арналған Airbus 321 LR ұшағын таныстырады. (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, 121).

АЛМАТЫ

09.00 - II Kazakhstan Healthcare Forum 2019. Форумға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысады. Шара кезінде медицина саласының өзекті мәселелері талқыланып, ем-домның жаңа әдістері таныстыралады. (The Ritz-Carlton Almaty, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Байланыс телефоны: +7 (727) 397 03 06 (ішкі 2252), +7 707 280-46-6).

10 қазанға жоспарланан шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар" тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімідігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (ООН – UNWTO) (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52. Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, қазан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып