00:53 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Алматы. Медеу

Қазақстанда 11 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур Батыршин
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
109 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 11 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 12-15 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

11 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – "Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер" VI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Конференцияға Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, республикалық бағынысты ұйымдардың, аймақтық білім басқармаларының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, білім саласындағы халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары қатысады (№ 59 мектеп-лицей, Сауран көшесі, 5/1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 21 29, 74 24 14).

10.00 – "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс көрмесі өтеді. Оған түрлі салада жұмыс істейтін 153 тауар өндіруші (әр өңірден 9 компания қатысады) қатысады. Сондай-ақ форум мен "Ұлы Дала Елі" қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

10.00 - Қатерлі ісікті бақылау жөніндегі халықаралық одақтың (UICC) президенті, Иордания ханшайымы Дина Майредтің баспасөзбен кездесуі. Іс-шараға сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарова қатысады. Иордания ханшайымы 15-17 қазанда өтетін Қатерлі ісікпен күрес бойынша лидерлердің дүниежүізілік саммитіне (World Cancer Leaders' Summit 2019) қатысу үшін Қазақстанға келді (Hotel Hilton Astana Expo, Сауран көшесі 46 . Аккредитация мына телефон арқылы жасалады: +7 701 705 78 76).   

11.00 – Ресей баспа үйінінен шыққан кітаптар көрмесі салтанатты түрде ашылады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны +7 (7172) 32 28 40).

15.00 – "Халық коммунистері"парламенттік фракциясы кеңейтілген отырыс өткізеді. Шара аясында "Педагог мәртебесі" заң жобасы талқыға салынады (Hilton GardenInn қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15. Байланыс телефондары: +7 (7172) 77 91 73, +7 775 316 26 64).

19.00 – Фридрих Шиллердің драмасы бойынша "Дон Карлос" операсының тұсауы кесіледі (Астана Опера театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – Қайырымдылық концерті өтеді (Windham Garden Astana қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі, 25. Байланыс телефоны: +7 778 544 27 62).

20.00 – Алла Духованың TODES балеті "Продолжение" атты жаңа би спектаклінің премьерасы өтеді (Nomad City Hall, Мәңгілік ел даңғылы, B2.3).

АЛМАТЫ

08.30 – медицина мекемелерінің ІТ- директорларына, басшыларына арналған конференция өтеді ("Holiday Inn" қонақ үйі, Тимирязев көшесі, 2Д. Байланыс телефоны: +7 (747) 094-05-75).

11.00 – "Эфес Қазақстан" компаниясы арнайы шара ұйымдастырады. Шара аясында бүркіттер жабайы ортаға жіберіледі ("Сұңқар" орталығы, трасса Алматы – Алма-Арасан трассасы, 8-шақырым. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны арқылы және akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – Қаладағы жолдарды орташа жөндеу және салу туралы брифинг. Спикер: – қалалық мобильділік басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Әбжахан (Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы, Республика алаңы, 4. Байланыс телефондары: +7 702 495 2334, +7 707 934 3984).

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

12.00 – "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында Димаш Құдайбергеннің сыйлықтарын көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына тапсырылады (Арыс қаласы, "Ақ шатыр" мейрамхана кешені, Мақатаев көшесі, 12 А. Байланыс телефоны: +7 778 534 12 64).

12 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Study UK британ білім беру көрмесі (Rixos President Hotel, Қонаев көшесі, 7).

10.00 – Павлодар облысының тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылатын ауылшаруашылық жәрмеңкесі. Жәрмеңкеге облыстың 90-нан астам кәсіпорны қатысады. Павлодар фермерлері елордаға құны 160 миллион теңгеден асатын 510 тонна өнім әкеледі, оның ішінде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт және 50 тонна азық-түлік (жұмыртқа, жарма, ұн, нан-тоқаш өнімдері, бал, өсімдік майы), 240 тонна картоп пен 140 тонна көкөніс пен бақша өнімдері бар.   

18.30 – Режиссер П. Лунгиннің "Дирижер" көркем фильмінің көрсетілімі (Тең апостолдар Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, кіші концерт залы, Күйші Дина көшесі, 27/1).

18.00 - Must see in Astana Ballet. Бұл кеште "Астана Балет" көрермендерге бір актілі балетті ұсынады: У. Форсайт қоятын "In the Middle, Somewhat Elevated" және Оскар Уайльдтың пьесасы негізінде "Саломею", мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри хореограф ретінде өнер көрсетеді (Astana Ballet театры).

АЛМАТЫ

11.00 – Ресейдің Қазақстандағы күндері аясында Ресей Федерациясы мәдениет министрлігінің қолдауымен "Дәстүрлі діндер халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдайды" ғылыми-практикалық конференциясы (Рухани-мәдени әкімшілік орталығы, Әшімбаев көшесі, 26, Тақ залы).

14.00 – Димаш Құдайбергеннің DQ Scent of Music парфюмдер желісінің ресми таныстырылымына арналған салтанатты шара. Іс-шараға қатысатындар: Димаш Құдайберген, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Vincent Chevalier - француз парфюмері, Дәулет Омарқұлов – компания директоры, сонымен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздары ("MEGA" сауда орталығы, Розыбакиев көшесі, 273. Байланыс телефондары: + 7 (727) 317 19 95, +7 (747) 208 93 34). 

13 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Қазақстан-Бельгия матчы. Квалификация аясындағы алғашқы кездесу Брюссельде 3:0 есебімен Бельгия құрамасының жеңісімен аяқталды. "Астана-Арена" стадионындағы қарымта ойында Михал Билектің шәкірттері лайықты футбол көрсетіп, қарсыласынан ұпай алуға тырысады. ("Астана Арена" стадионы, Тұран көшесі, 48).

АЛМАТЫ

08.00 – Алматы жартылай марафоны, бұл Алматы марафонына дайындықтың келесі кезеңі. (Тұңғыш президент саябағы. Байланыс телефоны: +7 (727) 311 5185).

09.00 – Almaty Challenge жарыстар сериясының соңғы 4 кезеңі (Алматы ипподромы, Омарова көшесі, 10А).

14 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған "Стандарттау және экспорт: Қытай нарығына жол" форумы. Семинардың негізгі тақырыптары: Қытайдағы техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау; Қытайға экспорт алгоритмі: тамақ өнеркәсібі. (AstanaMarriottHotel, Достық көшесі, 2. Байланыс телефоны: +7 701 730 73 33).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

11.50 – Қызылорда облысында орналасқан "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндірістік нысандарына пресс-тур. Көшпелі шарада "Семізбай-U" ЖШС, "Солтүстік Хорасан-U" БК" ЖШС, "Байкен-U" ЖШС өндірістік алаңдарына экскурсия, уран кендерін өндіру процесімен танысу, сонымен қатар атом өнеркәсібі сарапшыларымен кездесу жоспарлануда. (Байланыс телефондары: +7 775 809 5000, +7 (7172) 72 80 62).

15 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Онкология саласындағы лидерлердің дүниежүзілік саммиті. 2019 жылғы саммиттің тақырыбы – "Қатерлі ісік және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту". Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күресіп жүрген 350-ден астам лидер қатысады. Бұл жоғары қызметтегі әлемдік лидерлер, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және әлемдік БАҚ өкілдері. Форум үш күнге созылады. (Hilton Expo Hotel және "Expo Астана" конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 701 705 78 76). 

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып