03:21 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Алматыдағы күз

Қазақстанда 16 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур Батыршин
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 16 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 17-23 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

16 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысы өтеді (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 2).

10.00 – "Орталық Азия – Корея Республикасы" атты сыртқы істер министрлерінің қатысумен XXII форум өтеді (Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, Қонаев көшесі, 31. Аккредитация ye.sagynbekov@mfa.kz поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – "Tamos Space School" жекеменшік мектебінің кірпіші қаланады. Ғарыш технология мектебі әлемдік нарықта 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Салтанатты шараға Қазақстандағы Малайзия Республикасының елшісі Дато Саид Мұхамад Бакри бин Саид Абдул Рахман, Қазақстанның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Азамат Батырқожа қатысады (Ұлттық ғарыш орталығы, Тұран көшесі, 89. Аккредитация +7 777 777 71 57 телефоны және aaisariyeva@gharysh.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – "Сахнаның артындағы құпиялар" экскурсиясы. Оған қатысатындар балет театрының өмірімен таныса алады. Әртістерге гримді кім жасайды? Костюмдер қалай тігіледі? Әртістер өз шеберлігін қалайша ұштап отырады? Осының бәрін "Астана Балет" театрына жасалатын экскурсия кезінде түсіндіреді (Театр "Астана балет").

14.00 – "Здоровое питание для мира без голода" тақырыбында лекция ұйымдастырылады. Шара Назарбаев университетінде өтеді. Ол Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай ұйымдастырылған. Оны БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өткізеді. Лекцияны Қазақстандағы БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы офисінің басшысы Қайрат Нәжімиденов, аталған ұйым бағдарламасының координаторы Дәурен Ошақбаев жүргізеді (Байланыс телефоны: +7 776 980 64 60).

15.00 – Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды (Кенесары көшесі, 25. Байланыс телефоны: +7 702 364 46 51).

АЛМАТЫ

10.00 – Qazaq Fermer атты мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрме. Шара аясында сан алуан конференциялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, фермерлер өнімдерінің жәрмеңкесі болады. (Алматылық цирк, Абай даңғылы, 50 Байланыс телефондары: +7 702 862 47 70, +7 708 970 11 98).

10.00 – жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланады. Шараға білім және ғылым вице-министрі, қала әкімінің орынбасары, университет ректорлары, мемлекетік органдардың өкілдері, қала белсенділері қатысады (ҚР ұлттық кітапханасы, Абай көшесі, 14).

10.00 – Нан күніне орай Қазақтанда бұрын жұмыс істеп келе жатқан наубайхананың бірі – "Хлебобараночный комбинат "Ақсай" ЖШС-да салтанатты шара өтеді. Оған ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысады ("Хлебобараночный комбинат "Ақсай" ЖШС, Момышұлы көшесі, 36 А. Аккредитация minagripress@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – Қазақстан қор биржасы тақырыбында пресс-конференция өтеді. Шараға KASE басқарма төрайымы Алина Алдамберген, KASE басқарма төрайымының орынбасары Андрей Цалюк (Almaty Towers" бизнес орталығы, Байзақова көшесі, 280. Байланыс телефоны: +7 (727) 237 5342).

17 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар-2019" атты IV Халықаралық ғылыми форумы ("Almaty Resort", Алатау шағын ауданы).

09.30 – IV Еуразиялық IAEE конференциясы өтеді. Тақырыбы – "Каспий теңізі және Орталық Азияның энергетикалық ресурстары: өңірлік және ғаламдық даму болашағы". Конференцияны халықаралық энергетикалық экономика жөніндегі қауымдастық ұйыдастырады (Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр көшесі, 53, Блок С3. Аккредитация +7 778 727 93 34 телефоны немесе aigerim.jaxybayeva@nu.edu.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 - "Жастар – ел тірегі!" аясында Next generation концерті өтеді. Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының XVII концерттік маусымы ашылады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 - ІІ халықаралық Алматы форумы өтеді. Шараның мақсаты Еуразия мәдениетін жақындастыру. Тақырыбы – "Просвещенный ислам и Ренессанс: от Фараба, Багдада и Кордовы через европейские монастыри – к культуре знаний". Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей ғалымдары қатысады ("Rixos" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы 506/99. Байланыс телефоны: + 7 701 744 87 96).

09.30 –"Трансұлттық бизнес-құқық: "Шекараны өшіреміз" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (DoubleTree by Hilton Almaty, Досмұхамедов көшесі, 115).

10.00 - Central Asia Dental Expo-2019 III Халықаралық стоматологиялық көрмесі. Шара барысында терапия, имплантация, эстетика, эндодонтия, ортодонтия, пародонтология, техникалық зертхана, лазерлік стоматология, CAD/CAM, менеджмент және тағы басқа салалар бойынша үздік тәжірибе алаңдары ашылады. ("АТАКЕНТ" орталығы, 11-павильон. Байланыс телефоны: +7 707 950 11 12).

18 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы Kaz"Hack"Stan 2019 конференциясы (Киноконцерт залы, Қонаев көшесі, 4).

АЛМАТЫ

09.00 – Қазақстан мен Орталық Азиядағы эстетикалық медицина бойынша XI Халықаралық конгресс. Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Франция, Өзбекстан және тағы басқа елдерден үздік мамандар келеді ("Бақшасарай" салтанат үйі).

19 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – әлемдік классика музыкасының үздік шығармалары – "Аққу көлі" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – La Primavera атты инклюзивті театр фестивалі өтеді. Шараның мақсаты балалардың шығармашылығын қолдау әрі мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету. Шараға мүгедек-балалардың ата-аналар қауымдастығы қатысып, Color студиясының жас әртістері өнер көрсетеді. Сондай-ақ "АРДИ АРТ" шығармашылық орталығының оқушылары жасаған заттар сатылымға шығаралады. Фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушы Casting Curator актерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, чехиялық танымал актер Габриэля Коэнамен (Gabriel Cohen) кездеседі.

19.00 – Ballet Globe Gala 2019 балет фестивалі өтеді. Шараға балет жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ Ресейдің үлкен театры, Мариин театры, Нидерланд би театры (NDT), Венгер опера театры, Ағылшын ұлттық театры, Женева үлкен театры, "Астана Опера" театры, Вена мемлекеттік опера театры қатысады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

20 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Дружная семейка струнных инструментов" концерті өтеді. Оған "Астана Опера" оркестрінің әртістері қатысады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.30 – Скайраннингтен "Sunday Race" жарысы ұйымдастырылады ("Медеу" спорт кешені, Байланыс телефоны: +7 707 782 77 02).

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді ("Көрме" орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып