11:29 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
Астана көрінісі

Қазақстанда 17 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
112 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 17 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 18-24 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

17 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар-2019" атты IV Халықаралық ғылыми форумы өтеді ("Almaty Resort", Алатау шағын ауданы).

09.30 – IV Еуразиялық IAEE конференциясы өтеді. Тақырыбы – "Каспий теңізі және Орталық Азияның энергетикалық ресурстары: өңірлік және ғаламдық даму болашағы". Конференцияны халықаралық энергетикалық экономика жөніндегі қауымдастық ұйымдастырады (Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр көшесі, 53, Блок С3. Аккредитация +7 778 727 93 34 телефоны немесе aigerim.jaxybayeva@nu.edu.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – "Жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық қауіптері" тақырыбында брифинг өтеді. Сондай-ақ шарада "Парасатты отбасы" республикалық конкурсын ұйымдастыру мәселесі талқыланады (ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37. Аккредитация adgspkkz@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.20 – Жаңа экологиялық кодекс тақырыбына арналған баспасөз конференция өтеді. Шараға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов қатысады (ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі қызметі, байланыс телефоны: +7 (7172) 55-93-40).

14.20 – "Орта, техникалық және кәсіби білім беру мәселелері бойынша жолдауды іске асыру туралы" атты тақырыпта баспасөз конференциясы өтеді. Шараға ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қатысады (ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі қызметі, байланыс телефоны: +7 (7172) 55-93-40).

19.00 - "Жастар – ел тірегі!" аясында Next generation концерті өтеді. Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының XVII концерттік маусымы ашылады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 - ІІ халықаралық Алматы форумы өтеді. Шараның мақсаты Еуразия мәдениетін жақындастыру. Тақырыбы – "Просвещенный ислам и Ренессанс: от Фараба, Багдада и Кордовы через европейские монастыри – к культуре знаний". Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей ғалымдары қатысады ("Rixos" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы 506/99. Байланыс телефоны: + 7 701 744 87 96).

09.30 –"Трансұлттық бизнес-құқық: "Шекараны өшіреміз" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (DoubleTree by Hilton Almaty, Досмұхамедов көшесі, 115).

10.00 - Central Asia Dental Expo-2019 III Халықаралық стоматологиялық көрмесі. Шара барысында терапия, имплантация, эстетика, эндодонтия, ортодонтия, пародонтология, техникалық зертхана, лазерлік стоматология, CAD/CAM, менеджмент және тағы басқа салалар бойынша үздік тәжірибе алаңдары ашылады. ("АТАКЕНТ" орталығы, 11-павильон. Байланыс телефоны:
+7 707 950 11 12).

18 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы Kaz"Hack"Stan 2019 конференциясы (Киноконцерт залы, Қонаев көшесі, 4).

АЛМАТЫ

09.00 – Қазақстан мен Орталық Азиядағы эстетикалық медицина бойынша XI Халықаралық конгресс. Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Франция, Өзбекстан және тағы басқа елдерден үздік мамандар қатысады ("Бақшасарай" салтанат үйі).

19 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – әлемдік классика музыкасының үздік шығармалары – "Аққу көлі" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – La Primavera атты инклюзивті театр фестивалі өтеді. Шараның мақсаты балалардың шығармашылығын қолдау әрі мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету. Шараға мүгедек-балалардың ата-аналар қауымдастығы қатысып, Color студиясының жас әртістері өнер көрсетеді. Сондай-ақ "АРДИ АРТ" шығармашылық орталығының оқушылары жасаған заттар сатылымға шығаралады. Фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушы Casting Curator актерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, чехиялық танымал актер Габриэля Коэнамен (Gabriel Cohen) кездеседі.

19.00 – Ballet Globe Gala 2019 балет фестивалі өтеді. Шараға балет жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ Ресейдің үлкен театры, Мариинский театры, Нидерланд би театры (NDT), Венгер опера театры, Ағылшын ұлттық театры, Женева үлкен театры, "Астана Опера" театры, Вена мемлекеттік опера театры қатысады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

20 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Дружная семейка струнных инструментов" концерті өтеді. Оған "Астана Опера" оркестрінің әртістері қатысады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.30 – Скайраннингтен "Sunday Race" жарысы ұйымдастырылады ("Медеу" спорт кешені, Байланыс телефоны: +7 707 782 77 02).

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді ("Көрме" орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Классикалық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, пианошы және "Астана Опера" оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттар өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 – "Оқушылар және гаджеттер: баланың денсаулығын қалай сақтау керек?" тақырыбында доктор Комаровтың тегін лекциясы өтеді (Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысына аяқтайды ("Артишок" театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып