03:40 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Астанадағы күз

Қазақстанда 18 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
49 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 18 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 19-25 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

18 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы Kaz"Hack"Stan 2019 конференциясы (Киноконцерт залы, Қонаев көшесі, 4).

09.30 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты кеңесінің ұйымдастыруымен "Сот жүйесіндегі кадр саясатының болашағы" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Қазақстан Республикасының әділет министрлігі, Дүниежүзілік банк пен Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымдастырады. Іс-шараның мақсаты ең жақсы халықаралық тәжірибе мен ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына негізделген сот қызметкерлерін іріктеу, оқыту және жоғарылату жүйесіндегі жаңа тәсілдерді талқылау ("Astana Marriott" қонақ үйі, Достық көшесі, 2).

11.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, драматург жазушы Рахымжан Отарбаевтың (1956 - 2018 ж.ж.) "И был я подобием твоим" және "Плач Чингисхана" кітаптарының тұсаукесері. Кітаптарды Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен "Восточный экспресс" баспасы шығарды. Тұсаукесерге белгілі қазақстандық жазушылар, әдебиет және театр сыншылары, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мәдениетті дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Тұсаукесерде сондай-ақ әдебиеттанушы Гүлзада Ниетқалиеваның жазушы шығармашылығы туралы кітабы, Отарбаевтың драматургиясы бойынша фотокөрме және сахналық қойылымдар көрсетіледі (Ұлттық академиялық кітапхана, "Конституция" залы. Байланыс телефондары: +7 701 343 63 76, +7 708 284 84 91).

11.00 – Ұлттық банктің 2019 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен бекітілген отандық жеңіл автокөлікті сатып алушыларға кредит беру бағдарламасын іске асыру үшін бірінші транштың бөлінуіне байланысты баспасөз брифингі. Брифингте "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры Дастан Ахметов, Қазақстан автобизнесі қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева, бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктердің өкілдері сөз сөйлейді ("Бәйтерек" бизнес орталығы, баспасөз орталығы, Мәңгілік даңғылы, 55А. Аккредитация 7 701 737 96 34, +7 (7172) 79 26 87 немесе Orazymbetova@kdb.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

14.00 - The International Federationof Gynecology and Obstetrics (FIGO) директорлар кеңесінің мүшесі, Fetal Medicine Foundation (FMF) мүшесі профессор Лиона Пун, акушерлік және гинекология ғылыми орталығы, Республикалық медициналық-генетикалық консультациялар, денсаулық сақтау министрлігі, Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен "Преэклампсияға қарсы пренатальды скрининг" тақырыбындағы дөңгелек үстел. Елордада 2018-2019 жылдары "Преэклампсияға қарсы пренатальды скрининг" пилоттық жобасы жүзеге асырылды. FIGO пилоттық жобаның нәтижелерін жоғары бағалады және Қазақстанның тәжірибесін әлемде қолдануды ұсынды (№3 перинатальды орталығы. Молдағұлова көшесі, 28. Байланыс телефоны: +7 778 700 43 24).  

18.00 - ММА аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің салмақ өлшеу рәсімі және баспасөз мәслихаты. Турнир 19 қазанда өтеді ("Хан Шатыр" ӘКК, Тұран даңғылы, 37).

АЛМАТЫ

09.00 – Қазақстан мен Орталық Азиядағы эстетикалық медицина бойынша XI Халықаралық конгресс. Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Франция, Өзбекстан және тағы басқа елдерден үздік мамандар қатысады ("Бақшасарай" салтанат үйі).

11.00 – "Қазақстандағы контрафакті: себептері, күрес әдістері" дөңгелек үстелі. Transparency International қазақстандық бөлімінің мәліметінше, Қазақстанға жыл сайын әлемдік брендтердің атын жамылған 1 миллиард доллардың тауары әкелінеді. Сolgate, Baker & MCKenzie- CIS, НР және Basconi брендтерінің өкілдері контрафактіні таратудың себептері, жалған тауарларды жеткізу тізбегі және онымен күресу тәжірибесі туралы әңгімелейді. Іс-шараға зияткерлік меншікті қорғау және контрафактімен күрес мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады (Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, Жібек жолы даңғылы, 135. Аккредитация +7 701 770 17 60 телефоны немесе an.tolstikhina@atameken.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

16.00 – белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың  95 жасқа толуына арналған шығармашылық кездесу (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Студенттер сарайы. Байланыс телефоны: +7 (727) 377 31 48).

19 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – M-1 Challenge-10 аралас жекпе-жектен MMA халықаралық турнирі. Турнир бағдарламасында әр түрлі елдердің спортшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек ұйымдастырылады деп жоспарлануда, қазақстандық спортшылардың қатысуымен бірден екі титулдық жекпе-жек өтеді ("Жекпе жек" сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 41, +7 775 970 7571).

18.00 – әлемдік классика музыкасының үздік шығармалары – "Аққу көлі" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – La Primavera атты инклюзивті театр фестивалі өтеді. Шараның мақсаты балалардың шығармашылығын қолдау әрі мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету. Шараға мүгедек-балалардың ата-аналар қауымдастығы қатысып, Color студиясының жас әртістері өнер көрсетеді. Сондай-ақ "АРДИ АРТ" шығармашылық орталығының оқушылары жасаған заттар сатылымға шығаралады. Фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушы Casting Curator актерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, чехиялық танымал актер Габриэля Коэнамен (Gabriel Cohen) кездеседі.

19.00 – Ballet Globe Gala 2019 балет фестивалі өтеді. Шараға балет жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ Ресейдің үлкен театры, Мариинский театры, Нидерланд би театры (NDT), Венгер опера театры, Ағылшын ұлттық театры, Женева үлкен театры, "Астана Опера" театры, Вена мемлекеттік опера театры қатысады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

20 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Дружная семейка струнных инструментов" концерті өтеді. Оған "Астана Опера" оркестрінің әртістері қатысады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.30 – Скайраннингтен "Sunday Race" жарысы ұйымдастырылады ("Медеу" спорт кешені, Байланыс телефоны: +7 707 782 77 02).

22 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - "Astana–Violin" VIII халықаралық скрипкашылар конкурсы. Байқаудың салтанатты ашылуы сағат 17.00-де өтеді. Байқауға екі жас тобы қатысады – кішісі (10-15 жас) және үлкені (16-28 жас). "Astana–Violi" екі турда өтеді. Спектакльді скрипка мектебінің ең үздік өкілдері – Қазақстанның және шет елдердің беделді педагогтары бағалайды: Қазақстанның халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева, КСРО халық әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Эдуард Грач, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Сергей Кравченко, Вена консерваториясының және Грацтағы музыка университетінің профессоры Борис Кушнир, Рихард Вагнер атындағы Вена консерваториясының профессоры Игорь Петрушевский. Конкурс аясында қазылар алқасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді. Байқау жеңімпаздары қорытынды гала-концертке қатысады (байланыс телефондары: 7 778 767 83 19, 7 707 118 71 05).

АЛМАТЫ

11.00 –Сбербанк Қазақстан басқарма төрағасы Александр Камаловтың БАҚ өкілдерімен кездесуі. Кездесуде банк басшысы Қазақстандағы экожүйенің дамуы туралы әңгімелейді, сондай-ақ 2019 жылдың қорытындыларымен бөліседі (Сбербанктің орталық кеңсесі, әл-Фараби көшесі, 13/1. Байланыс телефоны: 7 777 272 94 27).

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді ("Көрме" орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Классикалық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, пианошы және "Астана Опера" оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттар өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 – "Оқушылар және гаджеттер: баланың денсаулығын қалай сақтау керек?" тақырыбында доктор Комаровтың тегін лекциясы өтеді (Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысына аяқтайды ("Артишок" театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Voice оf Nur-Sultan" эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М'Dee, сондай-ақ "ТНТ" арнасындағы "Песни" жобасының жартылай финалисі Say Mo ("Қазақстан" Орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып